Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Ішкі жан-дүниенің кеңістікті-уақытты құрылымы



бет6/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1
8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8-ЛЕКЦИЯ
Ішкі жан-дүниенің кеңістікті-уақытты құрылымы
Егер ішкі жан-дүние бар болса, ол – сыртқы қоршаған әлем сияқты, оның да ішкі кеңістігі мен ішкі субъективті уақыты бар. Бұны дәйекті психологтар толық дәлелдеген.
Мысалға, отандық психолог Т.Н.Березинаның адамның ішкі жан дүниесін зерттеудегі қызықты тәжірибелерінің қорытындысына көңіл бөліп көрейік.
Т.Н. Березинаның ойынша, ішкі кеңістікті жалпы алғанда – психологияның күнелту формасының түрі, ал тар мағынада алғанда – ішкі бейнелердің күнелту формасы. Бұл бейнелерсіз ішкі жан-дүние болмайды, ал бұл бейнелер – ішкі жан-дүниесіз тіршілік ете алмайды. Бейнелер субъективті болмыстың түрлері болып келеді және ол жеке тұлғаның қажеттілігі мен себептерін құруына ықпал ету нәтижесінде өзгеше бір түрге енетін адамның ішкі дүниесін туғызады. Олар өздері адам психикасында ақпараттық, эмоциялық, реттеуіш рөл атқарады. Эксперимент қорытындысында бұл бейнелер ішкі кеңістікте әр түрлі орналасатыны, әр адамда әр түрлі жойылатыны көрінді: солда, оңда, артта, жоғарыда, төменде, адамның сыртына шығуы да мүмкін, жақындауы, алыстауы да мүмкін, нысандары, түстері әр түрлі болуы мүмкін, уақыт осінде орналасуы мүмкін: өткенде, осы кезеңде немесе болашақта.
Мысал: өздеріңізге кішкентай тәжірибе жасаңыздар: бірінші рет 1 сыныпқа кетіп бара жатқаныңызды елестетіңіз. Қандай бейне пайда болды? Оның түрі мен түсі қандай? Ол қай жерде орналасқан: жоғарыда ма, төменде ме, оң жақта ма, сол жақта ма т.б.
Сіз бейненің ішіндесіз бе, әлде сыртындасыз ба? Осыларды жасап, сұрақтарға жауап берсеңіз, сіздерге бейненің не екені, оның ішкі кеңістіктің қай жерінде орналасқаны түсінікті болады. Субъективті уақытқа байланысты да көптеген қызықты мәліметтер алынған. Біріншіден, бұндай уақыт бары дәлелденген. Екіншіден, ішкі уақытты тездету немесе баяулату, оның қайтарылуы, болашақтан немесе өткеннен ақпарат алуы, қатарлас уақыттардың өмір сүруі т.б. дәйектері анықталған.
Мысалы, субъективті уақытты тездету – баяулату дәйегін қарастырайық. Егер біз бір қызықты іспен шұғылданып жатсақ, уақыт өте тез, байқаусыз өте шығады, біз үшін уақыт тоқтап қалғандай сезіледі. Керісінше, егер біз көп уақыт ештеңемен айналыспасақ, күтсек ( поезд уақытын т.б.) – онда уақыт өте жай өтеді, былай қарасақ, уақыт тоқтап қалғандай болады, бірақ табиғатта тоқтау басқадай. Арада бірнеше апта немесе ай өткенде, біздің тез өте шыққан уақытымыз қызықты оқиғаларға толы болғандықтан, ұзақ болғандай сезіледі, ал ештеңе істемеген уақытымыз бір сәтте өткендей сезіледі. Субъективті уақыттың өтуінің жас мөлшерінің өзгеруіне әсері белгілі. Бір адам іштей тез өмір сүреді, сондықтан ол өзін өз жасынан әлдеқайда үлкен сезінеді, ал басқа бір адам – іштей жай өмір сүреді, ал, ол, ақыл тоқтатқан жаста да өзінің болашағы алда, өмірді енді бастағандай сезінеді, бәріне үлгеретіндей сезінеді. Біз уақыттың тосын жайттарымен де кездесеміз. Мысалға, бір жерде бір адамдармен бірінші рет кездесіп, көріп тұрсақ та, ол жер мен адамдар бізге әбден таныс болып көрінуі мүмкін және керісінше, өте таныс жер бізге қызықты болып, бірінші рет көргендей әсер қалдырады, оны біз қызығушылықпен қайта зерттей бастаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет