Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет1/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1
8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8-ЛЕКЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті


Ж.Қ. Ибраимова




ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Оқу құралы


Алматы, 2010


УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.52 я 73
И15
Пікір жазғандар:
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық университеті, Психология Ғылыми-зерттеу институтының директоры, психология ғылымдарының докторы, профессор Ж.И.Намазбаева
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді даму институтының ғалым хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.А.Сайпова

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Психология ҒЗИ баспаға ұсынған Оқу құралы (3 мамыр № 18 хаттама 2010 ж.)


Ибраимова Ж.Қ.
И15 Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ, 2010. – 166 бет
ISBN 978-601-232-445-7

Шағын оқу құралында өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздерін жоғары оқу орындарында оқытудың мәселелері, студент-жастардың өзін-өзі тану мәселелерінің көкейкестілігі, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі дамытудың, өзін-өзі тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің бағыт-бағдары берілген.


Оқу құралы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен университеттердің студенттеріне арналған
УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.52 я 73
ISBN 978-601-232-445-7

© Ж.Қ.Ибраимова


© Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ, 2010
АЛҒЫ СӨЗ


Қазақстан Республикасы егемендік алып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуда. Еліміздің тәуелсіздікке қолы жетіп, елімізді, мемлекетімізді дүниежүзі мойындап, жүздеген мемлекеттермен халықаралық қатынастарға түсіп отырған заманымызда еліміздің рухани әл-ауқатын, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын дамытып, өркениетті елдермен терезесін теңестіру бүгінгі күнде ең негізгі мәселе болып отыр.
Еліміздің білім беру стратегиясының негізгі мақсаты – бүгінгі қоғамдағы саяси ахуалды, нарықтық қатынасты түсінетін, жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім берудегі негізгі мақсат – тек білімді, кәсіби маманданған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және әлеуметтік адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды түсінуге және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Қай дәуірде болмасын, адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ақылды да саналы, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені мәлім. Сол себепті білімді, саналы, қабілетті, дене және ақыл-ой еңбегіне дайын, үйлесімді дамыған, белсенді маман даярлауға міндетті.
Ел ертеңі саналы, сауатты, салауатты ұрпағымен ғана нұрлы. Сондықтан кез келген мемлекеттің болашағын ұрпағынан бөліп қарастыра алмаймыз. Бүгінгі бала — ертеңгі ел тұтқасы. Демек оның физиологиялық, психологиялық жағынан ақаусыз дамып, ой-өрісінің өз дәрежесінде кемелденуі жолында қоршаған ортаның, ата-аналардың, педагогтар мен мамандардың алар орны айрықша. Баланың жан-жақты дамуына бірінші қамқорлықты ата-ана, ұстаздар жасайды десек, бұл бағытта оның рухани әлемінің дамып-жетілуінде психологтар мен психотерапевттердің де еңбегі ерекше болмақ.
Осыған орай, оқу құралында өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, адамның ішкі жан дүниесінің қалыптасуы мен дамуы жайлы мәселелер көтерілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет