ІІ. Соғыс кезіндегі мәдениет (1941-45)


§ 8. 1921-1922 жж-ғы ашаршылық



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі64,22 Kb.
#45617
1   2   3
§ 8. 1921-1922 жж-ғы ашаршылық


  1. Аштықтың көрсеткіштері:

а) 1921 қараша – 1 млн. 508 мың

б) 1922 наурыз – 2 млн. 303 мың (халықтың 1/3 бөлігі)




  1. Аштық себептері:

Табиғи

Адам қолымен жасалған




  1. 1921 ж. – қуаншылық болды

  2. Жұт (малдың 80 %-ы қырылды)

  3. Індет (Батыс Қазақстанда аурулар саны 82%)

Семей, Ақмола губернияларынан 4 млн пұт астық және 24,5 пұт май жиналды




  1. Кеңес өкіметінің аштыққа қарсы күресі: (2 млн адамға көмек)

Шара

Сипаттама

Әкімшілік

1921 ж, жазда Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губернияларын аштық жайлаған аудандарға жатқызылды.

Экономикалық

  1. 1921 ж. декрет қабылданды.: «Нақты ет салығы туралы»(жартылай-көшпелі, көшпелі шаруалар ет салығынан босатылды)

  2. 1922 ж. егіс көлемінің 60 % өкімет берген дәнмен себілді.

  3. Машина, мал сатып алу үшін несие берілді.

  4. Кеңестік Түркістан 20 мың ашыққан адам қабылдады.




  1. 1921-22 жж-ғы аштықтың салдары.

1922 ж. Орынбор, Қостанай, Орал, Торғай, Ақтөбе халқы 1/3 – ге дейін азайды.

700 мың адам көшіп кетті.

§ 8. Жер-су реформасы (1921 ж.)

Кеңес өкіметінің шаралары

Тарихи маңызы

  1. 1921 ж. сәуір: Сібір, Орал казактарына берілген жерлерді қазақ шаруаларына қайтару туралы декрет шықты;

  2. 1921 ж. Жетісуда жер-су реформасы жүрді.Нәтижесі: 1 млн десятина жер қоры құрылды.

  3. «Қосшы» одағы құрылды – 1921 ж., 1930 жылдан «Кедей» одағы деп аталды.

  1. Патша өкіметінің аграрлық саладағы саясатына соққы берді.

  2. Ауылда патриалхалдық-феодалдық негіз әлсіреді.

  3. Ұлттық келісім орнығуына жәрдемдесті.


§ 8. ЖЭС кезіндегі Қазақстан

(1921-1929)

ЖЭС-тың белгілері:

А) Жерді жалға алу, беру.

Б) Жалдамалы еңбек

С) Шаруашылық есеп (өзін-өзі асырау)

Д) Азық-түлік салығы (басты белгісі)

Ж) Жеке-сауда, базар



Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Сауда

  1. Ірі қарасы 6-ға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды.

  2. Салықтың ақшалай түрі енгізілді. (1924, қаңтар)

  3. Салықтың ауыртпалығы кулак пен байларға түсті.

  4. Тракторлар әкеліне бастады.(1924-1925). Нәтижесі:

А) егіс көлемі 4,4 млн.га жетті.

Б) Мал саны: 24,8 млн-нан 41 млн-ға жетті. (1924-1928)



1. Түсті металлургия жақсы дамыды. (Басты аудан: Кенді Алтай).

Нәтижесі:

А) Риддер Одақ қорғасының 40 %-ын берді (1923 ж.)

Б) Шымкент сантонин зауыты салынды: 1920 ж.

С) Қарсақбайда мыс өндіру басталды. (1927ж)

2. Мұнай кәсіпшілігі дамыды: Доссор, Мақат.




1927 ж. 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке болды. Олардың сауда айналымы 30 млн.сом. Белгілі жәрмеңкелер: Қоянды, Баянауыл (Семей облысы), Атбасар(Ақмола облысы), Ойыл (Ақтөбе облысы)


§ 9. Индустрияландыру саясаты (РКП-нің XIV съезі жариялады)

Қазақстан басшысы: Голощекин (1925-1933) ұсынған идея: «Кіші Қазан», «Ауылды кеңестендіру»

«Кіші қазақ» идеясы:

Индустрияландыру ісі І-ші 5-жылдықпен тұстас келді. (1928-1932)

Индустрияландыру алдындағы жағдай:


  1. Өнеркәсіп өндірісі азамат соғысы дейінгі деңгейдің 61 % - ы құрды.

  2. Жұмыс істеген кәсіп-орындар: Қарағанды, Екібастұз шахталары, кенді Алтай, Орал-Ембі. Мақсаты: өнеркәсіп саласын дамыту, жұмысшы, инженер кадрларын даярлау.


І. Индустрияландырудың басталуы. (Геологиялық зерттеулерден басталды)


Есімі

Не істеді?

Курнаков

Орталық Қазақстанның шикізат байлықтарын зерттеді, тұжырым жасады: «Қазақ Республикасы Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы»

Губкин

Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеді, (тұжырым) қорытынды жасады. «Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі».

Сәтбаев

Жезқазған ауданындағы мыс кеңдерін зерттеді, болашағы зор екенін дәлелдеп берді.


ІІ. Индустрияландыру объектілері

Объект

Сипаттама

Түрксіб

1927-1930 жж. салынды. Тұрақты пайдалануға берілді – 1931 ж. 100 мың адам жұмыс істеді. 10 мың бірінші қазақ жұмысшылары қалыптасты. Омаров-қатардағы жұмысшыдан Түрксіб бастығына дейін көтерілді. Қазыбеков – Социалистік Еңбек Ері, «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің бастығына дейін көтерілді. Маңызы: Орта Азияны Сібірмен жалғастырды.

Индустрияландырудың басқа объектілері:

Шымкент қорғасын зауыты.

Балқаш, Жезқазған металлургия комбинаттары

Ащысай полиметалл комбинаты

Қоңырат кеніші


ІІІ. Индустрияландырудың ерекшеліктері


  1. Директивалық жоспарлаумен, орталықтың өмірімен іске асырылды.

  2. Шикізат көздері қарқынды дамыды.

  3. Химия, түсті металлургия қарқынды дамыды

  4. Машина жасау, металлургия (қара), қорғаныс өнеркәсібі мүлдем болмады.

  5. Энергетика , құрылыс материалдар өнеркәсібі артта қалды.

  6. Қалаландыру үрдісі күшейді. Мысалы:1939 жылы қалаларда 375 қазақ тұрды. Бірақ та ол қазақтың 16 % -ы ғана болды.

Қорытынды: Қазақстан индустрияландыру жж. шикізат өндейтін Республикаға айналды. Ол туралы Садуақасов былай жазды: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды»

§ 13-14. Ұлы Отан соғысы (1941-1945)

Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам қатысты. 600 мың оралмады. 2 млн. адам әскери дайындықтан өтті. Әрбір 5-ші қазақстандық майданға аттанды. 27 әскери училище көшірілді. 16 мың офицер даярланды. Шымкент ұшқыштар үчилищесін Кожедув бітірді. Қазақстанда 14 дивизия және 6 бригада құрылды.


І. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

Өнеркәсіпте

Ауыл шаруашылығында

Тамақ өнеркәсібінің 54, жеңіл өнеркәсібінің 53 кәсіпорыны көшірілді. Украинадан 14 қант зауытының жабдықтары әкелінді. Жаңа салалар пайда болды: станок жасау, оқ-дәрі өндірісі. Жалпы 220 зауыт-фабрика көшірілді.

Қазақстан колхозшылары даңқты еңбек етті: Берсиев Ш., Ы.Жақаев, Ким Ман Сам, Оңғарбаева, Дацкова, Сомжүрекова. 1942 ж. егіс көлемі 41-мен салыстырғанда 842 мың га көбейді. (КСРО бойынша 30 %). Қазақстан ірі мал шаруашылығының базасына айналды.


ІІ. Ірі шайқастар

Шайқас

Қазақстандықтардың қатысуы.

Брест шайқасы

(1941, маусым,шілде)



Қатысқан қазақстандықтар: Наганов, Фурсов, Турдыев, Шолтыров дивизия комиссары Рыков 800 жауынгермен 3 күн соғысты.

Мәскеу шайқасы 1941 қазан-1942 ақпан

Панфилов дивизиясы шайқасты: 316-шы атқыштар дивизиясы (8-ші гвардиялық дивизияға айналды). Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин бөлімшесін қоршаудан алып шықты. Кеңес Одағының Батыры Т.Тоқтаров 5 неміс офицерінің көзін жойды. Бородино селосында. Бейсекбаев 1998 ж. Халық Қахарманы атағын алды. Маслов экипажында өзінің ұшағын жауға бағыттады.


Ленинград шайқасы 1941-44 қаңтар

«Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелердің 1/3-і Ленинградта шайқасты. Сұлтан Баймағамбетов кеудесімен оқотты жапты. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Шыныбеков Ориенбаум қаласында мерген болды.

Сталинград шайқасы 1942 қараша-1943 ақпан

Қазақстан 500 шақырым шекаралас болды. 1942 жылы соғыс жағдайы Каспий өңірінде жарияланды.Сафиуллин 38-ші дивизияны басқарды. Кейін 73-ші гвардиялық дивизияға айналды. «Сталинградтық» деген атақ берілді. 120 танк, 800 машинаны жойды. Н.Әбдіров қарағандылық ұшқыш, ұшағын жау танкілеріне құлатты. «Павлов үйін» қорғаған оңтүстік қазақстандық Толыбай Мырзаев. Сталингардта шайқасты Сыпатаев. Позолотин басқарған 17-ші танк полкі ерлікпен шайқасты. 11 батыр 300 фашистке төтеп берді. Олар қорғаған төбені «Шығыстың 11 батырдың төбесі» деп атады. Айтықов – екі Даңқ орденін алды. Кенес Одағының батыры.

Днепр шайқасы

1943 ж


Аухадиев 5 танк, өздігінен жүретін зеңбіректі жойды. Қаза тапты, бірақта Кеңес Одағының Батыры алғашқылардың бірі болып, Днепрді өтті.

Партизан соғысы 1941-45 жж.

3,5 мың қазақстандықтар қатысты. Ең атақтылары: Қайсенов, Воробьева, Семенова, Ағаділова. Егоров,Құсайынов-Шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысты, Кеңес Одағының Батырлары.

Берлин шайқасы 1945, 16 сәуір - 2 мамыр

«Берлин операция» басталды: 1945, 16 сәуір. Берлинді қоршады.: 1945, 24 сәуір. Толығымен алды: 1945, 2 мамыр. С.Нұрмағамбетов Кеңес Одағы Батыры атағын алды, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі. Т.Бигельдинов – Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Р.Қошқарбаев және Е.Булатов – Рейхтагқа ту тікті. Мәденов, Қараманов Ратушаға ту тікті

Жапониямен соғыс 1945, 9 тамыз – 2 қыркүйек

292-ші дивизия қатысты. Ақтөбеде құрылды. 2 мың 27-і адам медаль мен орденға ие болды. 14 адам «Кореяны азат еткен үшін» медальға ие болды. 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальға ие болды.


ІІІ. Майданға көмек:


  1. Танк, ұшақтарға 480 млн сом ақша жинады.

  2. Шымкент теміржолшылары «Қазақстан комсомолы» деген танк коллонасына ақша жинады. Сол колонна Сталинград майданында шайқасты. 3 танкісі Берлинді алуға қатысты.

  3. Пионерлер 4 млн сом ақша жинады. «Қазақстан пионері» деген қорға жіберілді.

  4. КазМУ студенттері танк колонасына 600 мың ақша жинады.

  5. «Қазақстан комсомолы» деген эскадрильяға 3 млн сом ақша жинады.

  6. Алматы жастары Луганскиге ұшақ сатып әперді. (400 мың сом)

  7. Қазақстан комсомолы Сталинград трактор зауытын және «Қызыл Октябрь» зауытын қамқорлыққа алды. Осы жұмысқа 1439 комсомол жіберілді.

Жалпы Қазақстан қамқорлыққа алды: 12 қала мен 45 аудан.

ІV.Қазақстанға қоныс аудару



Халық

Қай жерге келді?

Корейлер

Қиыр Шығыстан Қызылорда және Алматы обл. келді. 100 мың адам. 1938 ж. 57 ұжымшар құрылды.

Немістер

Еділ бойынан көшірілді. 360 мың адам. 1941-1942 жж.

Поляк

1939-1940 жж. келді. 102 мың адам.

Шешен, Ингуш

1944 ж. келді

Қорытынды:

1945 ж. жер аударылғандар саны: 2 млн 464 мың адам. Соғыс жылдарында көшірілді: 532 мың адам.



§ 10. Ұжымдастыру саясаты

(1929-1932)

РКП-ның XV съезі жариялады – 1927.


І. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы (Кеңес өкіметінің шаралары)


Шара

Сипаттама

Шабындық және егістік жерлерді қайтару

1926 ж. жүрді. Ауылдағы жағдайды ұшықтырды. Мәнісі: байлардың жері кедейлерге берілді.

Астық дайындау

1927 ж. жүрді. 1929 ж-ға дейін созылды. Себебі: шаруалар мемлекетке астық тапсырмады. Салдары: қалаларда карточкалық жүйе енгізілді. Төтенше шараларға рұқсат берілді. Ауылдарға 4200 уәкіл жіберілді. (шолақ белсенділер). 31000 шаруа жазаланды. 277 шаруа атылды.

«Аса ірі бай шаруашылықтарды тәркілеу» Декреті

1928 ж. қабылданды. Кейбір жерде жүрмеді: Адай, Сырдария, Жетісу (Мақта себетін аудандар). Салдары: 657 бай жер аударылды. Олардан 145 мың мал алынды. Құралдары 877 ұжымшарға берілді.



ІІ. Колхоз құрылысының негізгі формалары

Аудан

Форма

Астықты аудан

Ауыл шаруашылығы артелі

Мал шаруашылық ауданы

Серіктестік



ІІІ. Ұжымдастыруға көмекке келген жұмысшылар саны

Регион

Жұмысшы саны

Қазақстан

Жергілікті белсенділерге көмекке 8000 жұмысшы жіберілді.

КСРО

Мәскеу, Ленинградтан 1204 жұмысшы келді.


IV. Ұжымдастырудың қарқыны

Жыл

Пайыз

1928 ж

Шаруашылықтардың 2 % - ы ұжымдастырылды.

1931 ж

65 %-ы ұжымдастырылды:

Абыралы ауданы - 70%

Жымпиты ауданы – 60 %

Жәнібек ауданы – 95 %



V. Ұжымдастырудың зардаптары Қазақстан бойынша.

Аудан, округ

Зардап көріністері

Шу ауданы

1932 ж. 150 км жерден шаруашылықтар жиналып 400 киіз үйден қала тігілді.

Шұбартау ауданы

1930-1932 жж. малдың 80 %-ы етке өткізілді.

Балқаш ауданы

173 мың малы бар аудан тапсыру керек болды – 297 мың мал.

Торғай ауданы

Ұйымдастырушыларда ұран болды: «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын». 98 мың мал қалды.

Ақмола округі

Сотталғандар үй ішімен 24 сағатта жер аударылды.

Алматы, Петропавл округтері

Қара бойкот жарияланды. Терезелерге тақтай қағылды. От жағуға рұқсат етілмеді.

Ақтөбе, Павлодар округтері

Кедейлерді ұрып соқты, суық су құйды, жаназа рәсімін өткізді.

VІ. Ұжымдастырудың зардаптары. Шаруаларды жазалау.

Жыл

Жазалау қарқыны

1929

56498 шаруа жауапқа тартылды. Олардың 34000-ы сотталды.

1929-1933

9805 іс қаралды. Олардың 3386-сы атылды. 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін лагерьге жіберілді.

1933

21 мың адам қамауға алынды.

VІІ.Ұжымдастырудың зардаптары. Мал шығыны.

Жыл

Шығын динамикасы

1928

45 млн бас

1929

40,5 млн бас

1933

4,5 млн бас

VІІІ. Аштықтың қайғылы қорытындылары

Жыл

Адам шығыны

1930

313 мың адам өлді

1931

756 мың адам өлді

1932

769 мың адам шетелге кетті, өлді.

1930-1932

Аштық жылдарында халықтың 40%-ы қырылды.

1931-1933

Республиканың 6,2 млн тұрғынынан 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде қазақстан. Басқасының шығыны: 0,4 млн адам. 1 млн қазақ көшіп кетті: 414 мың оралды, 616 мың оралмады. Қазақ саны қалпына келді – 1969 ж., 40 жылдан кейін.

ІХ. Ұжымдастыру саясатына зиялылардың қарсылығы

Зиялы

Әрекет

Ғ.Мүсірепов, Ғабдуллин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышев.

1932 ж. Голощекинге аштық туралы хат жазды. Тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.

Т.Рысқұлов

1933 ж. Сталинге хат жазды.

Х. Шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсылығы.

1929-1931 – 372 көтеріліс болды, 80 мың адам қатысты.



Жыл

Аудандардағы көтерілістер

1929

Бостандық, Батпаққара аудандары (соңғысы «Бандиттік басмашы» деп бағаланды.)

1930

Созақ, Ырғыз,Сарқант,Семей аудандардағы көтерілістер. Созақ көтерілісі табандылығымен, шебер ұйымдастырумен ерекшеленді. Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алды. Созақта діни сарындар байқалды.

1931

Қарақұм ауданындағы көтеріліс. Оны 8-ші дивизия басып тастады. Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарындағы көтеріліс жасаған шаруалар қырылып тасталды.

§ 17. Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмір

(1945-1965)

І.


Партия

Кеңестер

Кәсіподақтар

Комсомол

КОКП (осы атау 1952 ж-дан бастап қолданылды) иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналды. Бүкіл ұйымдардың қызметіне басшылық жасады. Күші бар ведомстволарға сүйенді: МҚК (Мемл.Қауіп.Комит.) милиция, әскер.

1949 ж. КҚП-ның І хатшысы болып Шаяхметов сайланды. 4-ші съезде, 54-ке дейін болды. Коммунистердің саны: 1950 ж.-58920, 1960ж.-345115



Кеңестер партия нұсқауларымен жұмыс істеді. Жоғарғы мемлкеттік билік Қаз-да Жоғарғы Кеңестің қолында болды. Жоғарғы Кеңесте әртүрлі комиссия болды. 1957 ж-ғы Қаулыдан кейін олардың саны 3-тен 8-ге жетті. («Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің қызметін жаңарту және олардың бұқармен байланысын күшейту туралы»). 1947 ж. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңестің құрамында 300 депутат болды. (2-ші сайлау.); 3-ші сайулауда -400 депутат, 4-ші сайлауда-1955 ж.450 депутат.

Кәсіподақтарда 1940 ж-дың соңында 1 млн адам болды. Кәсіподақтардың міндеттері, тәрбие ісін жүргізу, социалистік жарыс ұйымдастыру, көмек көрсету. 1948 ж. Қазақстан кәсіподақтарының І-конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың республикалық кеңесі құрылды. Кәсіподақ мүшелерінің саны өсті. 1963 ж. 3 млн 281 мыңға жетті. (жұмыс істейтіндердің 89 %).

Комсомол қамқорлық жасады: құрылысқа, зауыт-фабрикаларға. Соколов-Сарыбай комбинаты, Өскемен су электр станциясы, Қазақстан Магниткасы Комсомолшылардың саны: 760 мың-ға жетті.



ІІ. КСРО құрамындағы Қазақстан

( 1945-1965)

Осы жылдарда Одақтас республикалардың құқыларын кеңейту мәселелері күн тәртібіне қойылды. Мысалы: 1955 ж. КСРО Министрлер Кеңесі одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау тәртібін өзгертті – жоспарлау республикалардың Министрлер Кеңесіне берілді. 1954-1956 жж. одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына 144 кәсіпорын өтті. 1956-1958 жж. КР-сы әділет органдарына басшылық жасау, сот құрамын анықтау, қылмыстық кодексті бекіту істерінмен айналыса бастады. 1957 ж. КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына К-н Министрлер Кеңесінің төрағасы енді. КСРО Жоғарғы Сотына Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы енді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет