Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


- тақырып. Шартты және монтажды горизонттарда геодезиялық торларды құру (1 сағат)



бет11/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

14- тақырып. Шартты және монтажды горизонттарда геодезиялық торларды құру (1 сағат)

Дәрістер жоспары:



  1. Бастапқы деңгейде пландық қадалау торын құру.

  2. Монтажды деңгейіне қадалау өстерін проекциялау және биіктік шамаларын беру.

  3. СНиП ІІІ-2-97 ережелеріне сәйкес геодезиялық қадалау жұмыстарының дәлдігі.

Мұндай торды құру үшін, орындалған жұмыс түсірісін жасайды да, онда ғимараттың және құрылыстың барлық өстерін, қатар белгілерді, жұмыс реперлерін, бастапқы деңгейдің нақтылы биіктік шамаларын, өстер арасындағы қашықтықтарды және т.с.с.берілімдерді көрсетеді.


Бастапқы деңгейде пландық қадалау торын құру. Пландық қадалау торының түрі және дәлдігіне, имараттың қабаттылығына, құрылыс биіктігіне және олардың құрылыстық шешімдеріне байланысты болады. Дегенмен негізінен торды салынбақшы ғимаратжәне құрылыс нобайын қайталайтын, дұрыс геометриялық пішін түрде құрады. Тордың қабырғалары ғимарат немесе құрылыс өстерін параллель болулары керек. Себебі, сызықтық өлшемдерді құрылыс өстерінен тікелей атқаруға немесе қадалау кезінде қатар сызықтар, полярлық және тік бұрышты координаталар әдістерін қолдануға мүмкіндігі болуы керек. Тұрғын үй құрылысында колданылатын ең көп тараған түрі, ол – полигонометриялық жүріс негізінде салынған қадалау торы.
Жоғарғы дәлдікпен орнатылатын технологиялық жабдықтары көп, күрделі пішінді өндіріс құрылыстарын, сонымен бірге биік ғимараттарды салуда, қадалау торын бастапқы деңгейде құруды трилатерация әдісімен іске асырған тиімді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [2]
2. [3]
3. [4]
4. [6]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (14-тақырып) [2, 3, 4, 6]

  1. СНиП ІІІ-2-97 ережелеріне сәйкес геодезиялық қадалау жұмыстарының дәлдігі.

  2. Монтажды деңгейіне қадалау өстерін проекциялау және биіктік шамаларын беру.



15- тақырып. Колоналардың монтажы кезіндегі геодезиялық жұмыстар. (2 сағат)
Дәрістер жоспары:

  1. Бөлшектенген бөлу жұмыстары.

  2. Каңқалы бір немесе көп қабатты өндірістік, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттардың бөлшектенген бөлу жұмыстардың құрамы.

Монтаждық көкжиектегі ірі панельды және ірі блокты ғимараттардың бөлшектенген бөлу жұмыстардың құрамына құрылымдардың жобалық жағдайын бекіту үшін негізгі осьтерге және рискаларға параллель аралық осьтердің бөлінуі кіреді.


Осьтердің бөлінуі өлшегіш, оптикалық және лазерлік аспаптармен бөлу негіздің нүктелерінен жүргізіледі. Құрылымдардың жоспардағы орналасуын бекітетін ориентир рискаларды перпендикуляр, аралықты нүктелер және сызықтық кесінділер әдіспен өлшеп салады.
Каңқалы бір немесе көп қабатты өндірістік, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттардың (сурет) бөлшектенген бөлу жұмыстардың құрамына негізгі, секциялы және аралық осьтердің бөлу жұмыстары жүргізіледі. Осьтерге параллель сызықтар салынбайды, тек осьтердің өздері ғана.
Орнату рискаларды іргетастар бетіне немесе бағана тіреулердің бетіне, бағаналардың бастарына, ригельдерге және жабындарға салады. Бөлу жұмыстарды теодолитті ось бойына орнатып бағыттаумен және рулеткамен жоспарлық бөлу торға сәйкес жобалық ұзындықтарды өлшеу арқылы салады.
Мысалы бағаналарға арналған А-А, Б-Б, В-В ұзына бойлық осьтерді бөлу үшін көлденең осьтің бойымен І-ІІ, ІІІ-ІV бөлу торда а1, І-К, а1, ІV-N кесінділерін жүргізіледі.



Сурет - Ғимараттың бағаналар осьтердің дәлдетілен бөлу сұлбасы


Ұсынылатын әдебиеттер


1. [1]
2. [3]
3. [4]
4. [10]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (15-тақырып) [1, 3, 4, 10]

  1. Орнату рискаларды

  2. Ғимараттың бағаналар осьтердің дәлдетілен бөлуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет