Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


-тақырып. Ғимараттардың негізгі өстерін жергілікті жерге шығару және оларды жергілікті жерде бекіту. (1 сағат)



бет7/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

8-тақырып. Ғимараттардың негізгі өстерін жергілікті жерге шығару және оларды жергілікті жерде бекіту. (1 сағат)

Дәрістің жоспары:


1. Тұтастай сыртқы іліндіру
2. Орындықты сыртқы іліндіру
3. Аралықты (тіреулік) сыртқы іліндіру

Ғимараттарды дәлдетіп бөлу үшін, осьтерді қазаншұңқырға көшіру және бекіту үшін, олардың периметрі бойынша сыртқы іліндіру орнатады. Сыртқы іліндіру: тұтастай, орындықты және аралықты болып бөлінеді.





1 – Сыртқы іліндірудің түрлері: а-тұтастай, б-орындықты, в-аралықты (тіреулік)




Тұтастай сыртқы іліндіру деп ара қашықтығы 2-3 м жерге қағылған сыналар қатарын айтамыз. Сыналарға көлденең 40-50 мм қалыңдықты тақтайлар қағылады.
Орындықты сыртқы іліндіру екі бағанадан және негізгі осьтердің бағытына перпендикуляр орналасқан тақтайдан құрастырылады.
Аралықты (тіреулік) сыртқы іліндіру осьтің бойымен қағылған жеке бағаналардан тұрады. Бағаналардың әр жұбы бір осьтің бағытын бекітеді.
Сыртқы іліндіруді қазаншұңқыр шетінен 3-5 м қашықтықта салады. Белгілеу бағаналарды 1 м тереңдікке қағады, ал тақтайларды 0,4-1,2м биіктікте бір деңгейде шегелейді. Сонда олардың жоғарғы шеті бойынша жобалық белгілерді салуға ыңғайлы болады. Сызықты өлшеулер мен еңістік салғанда қателеспес үшін тақтайларды дәл горизонтал орналасу керек, ал оның бүйірлері ғимарат осьтеріне параллель немесе перпендикуляр болу керек.
Ең тиімді және берік құрылым металлды инвентарлық белгілеу құрылымы болып табылады. Оны орнату үшін ағаш бағаналар мен тақтайлардың орнына металл тіреулерді және горизонтал штангаларды қолданады.
Тіреулерді орнатқаннан кейін штангаларды құрастырады, олардың биіктік деңгейін (жерден 0,4-0,6 м) нивелирмен бақылайды.
Негізгі осьтердің арасында аралық осьті салу үшін рулеткамен тура және кері бағытта ұзындықты өлшейді. Аралық осьтің орналасуы жылжымалы ілмекпен және осьтің аталуы жазылатын тақтайшамен белгіленеді.



Сурет– Ғимараттың осьтерін сыртқы іліндіруге және ось бойындағы қосымша белгілерге көшіру сұлбасы

Негізгі осьтерді ағаш сыртқы іліндіруге шығарған кезде теодолитті 1 мен Б осьтер қиылысатын L нүктесінде орнатады. Дүрбінің жіптік тордың ортасын 1 мен А осьтердің қиылысуына К сынаға бағыттайды. Алиададаны бекітіп дүрбіні қажет еңістігіне көтереді. Осьтің бағытын сыртқы іліндірудің бетімен келтіреді. Дүрбінің жіптер торының центрлік нүктесін шегемен немесе қарындашпен сызып осьтің аталуын белгілейді. Содан кейін дүрбіні зениттен айналдырып І-І осьті вертикал дөңгелектіктің басқа жағдайымен алады. Егер екі дөңгелектің мәндері ажыратылса, олардың ортақ мәнін шығарады. Теодолитті орнынан қозғамай, М нүктесі бойынша Б-Б осьті сыртқы іліндіруге көшіреді.


Осьтердің бөлінуін және сыртқы іліндіруге шығарылуын акт бойынша қабылдайды. 10 м-ге дейін ұзындықта ауытқуы 5 мм-ден аспау керек. Ал 100 м-ден ұзыңдықта ауытқу 20 мм-ден аспау керек.
Реперлер бойынша сыртқы іліндіруге бояумен нольдік көкжиектерді және нольдік нүктелерді көшіреді. Бұл белгілерден барлық жерасты және жерүсті биіктік белгілерін шығарады: іргетас тереңдігі, еден деңгейі, төбелер және терезе алды белгілері және т.б.
Құрылыс аяқталғанша сыртқы іліндірудің жағдайы мен сондағы осьтердің бөліну нүктелері мезгілімен бақыланып тұру керек.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1]
2. [2]
3. [4]

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) [1, 2, 4]



  1. Сыртқы іліндірудің түрлері

  2. Құрастырмалы металл іліндіруді орнату сұлбасы және ғимараттың негізгі осьтерін алаңға көшіру тәртібі

  3. Ғимараттың осьтерін сыртқы іліндіруге және ось бойындағы қосымша белгілерге көшіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет