Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


-тақырып. Жиілету және түсіріс торларын биіктік және жоспарлы қабыстыру. Электронды тахеометрлерді қолданып түсіріс торын құру. (2 сағат)



бет4/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

3-тақырып. Жиілету және түсіріс торларын биіктік және жоспарлы қабыстыру. Электронды тахеометрлерді қолданып түсіріс торын құру. (2 сағат)

Дәрістің жоспары:


1. Геодезиялық жиілету тораптары.
2. Геодезиялық түсірім тораптары.
3. Электронды тахеометрлерді қолданып түсіріс торын құру.

Геодезиялық жиілету тораптары жоғарыда айтылған геодезиялық тораптар пункттері дамытылады және олар жер бетін 1:5000-1:500 масштабтарда түсіру, сонымен қатар әртүрлі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қажет. Маркшейдерлік жиілету тораптарын құруды арнайы мекемелер немесе геологиялық барлау экспедициялары мен тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлер орындайды.


Геодезиялық пландық жиілету тораптары аналитикалық және 1, 2 разрядтық полигонометрия түрінде жүргізеледі. Олардың сипаттамалары -кестеде келтірілген.
Кесте . Геодезиялық жиілету тораптары



Көрсеткіштері

1-разряд

2-разряд

Триангуляция

Үшбұрыш жақтарының ұзындағы, км

0,5 – 5,0

0,25-3,0

Базистік қабырғаны өлшеудің шекті қателігі

1:500 000

1:20 000

Үшбұрыштағы қателіктің шекті мәні

±20"

±40"

Бұрыш өлшеудің орташа қателгі

±5"

±10"

Трилатерация

Үшбұрыш жақтарының ұзындағы, км

0,5 – 5,0

0,25-3,0

Базистік қабырғаны өлшеудің шекті қателігі

1:20 000

1:10 000

Полигонометрия

Жүрістердің шекті ұзындықтары, км

5

3

Жүріс жақтарының ұзындықтары, км

0,12-0,60

0,80-0,30

Полигонометриялық жүрістердің периметрі, км

15

9

Жүрістегі жақтарының шекті саны

15

15

Жүрістің салыстырмалы қателігінің шегі

1:10 000

1:5 000

Аналитикалық тораптар триангуляция немесе қиылыстырулар арқылы құрылады. Егерде жергілікті жерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қажет 1,2,3,4-кластық геодезиялық пландық негіздеменің бірде-бір пункті болмаса, онда сол жерге жеке 1 және 2- разрядтық түсіріс тораптарын құруға болады.


1 және 2-разрядтық полигонометрия дара жүрістер немесе мемлекеттік геодезиялық тірек пункті болып саналатын –торапты (түйінді) нүктелер арқылы өтетін жүйе түрінде жасалынады.
Тірек тораптарын жиілету кезінде, шахта оқпанына жақындауды қамтамасыз ететін, үш қабырғадан аспайтын аспалы жүрістер пункттері, яғни маркшейдерлік жақындау пункттерінің маңызы өте зор. Жақындау пункттері шахта оқпанының сағасынан 300 м алыс орналаспауы керек. Олар 1-4 кластық триангуляция, трилатерация, полигонометрия немесе 1 және 2-разрядтық аналитикалық тораптар пункттері болуы қажет.
Пландық түсірім негіздемелері пункттерінің орындары теодолиттік, тахеометриялық және де аналитикалық жүрістер негізінде анықталады. Түсіру негіздемесі пункттерінің саны түсірімнің масштабына сәйкес анықталады, мәселен, 1:5000 масштаб үшін төрт пункт, 1:2000 масштаб үшін -10, ал 1:1000 – 16 пункт болуы қажет.
Биіктік түсірім негіздемелері геометриялық техникалық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен құрылады. Жер бедерінің қимасы 1 м –ге дейінгі жағдайда геометриялық, ал бедер қимасы 1м жоғары болғанда – тригонометриялық нивелирлеу қолданылады. Пункттердің биіктігін аныктаудың қателігі барлық жағдайда 0,2 мм-ден аспауы қажет.
I – IV кластық нивелирлеу пункттеріне негізделген нивелирлік жүрістердің ұзындықтары Кестеде келтірілген.

Кесте. Нивелирлік жүрістердің сипаттамалары





Жер бедері қимасының
биіктігі, м

Техникалық
нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы, км

Тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы, км

0,5

3

-

1,0

10

-

2,0

15

2

5,0

-

5

Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндігі туды. Бұндай өлшеу аспаптары бұл жағдай өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ арқылы өңдеуге мүмкіндігін беретін оларда орналастырылған есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған.
Дыбыс арқылы топографиялықгеодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбекті жақсартады және есеп алушының қателерін азайтады.
Топографиялық түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр конструкциясы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ тұрады.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. [2]
2. [3]
3. [4]

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [2, 3, 4]


1. МГТ жобалау кезіндегі мақсаттар
2. Есептеу жұмыстарынын тәртібі
3. Триангуляция тораптарын құруды талдау
4. Электронды тахеометрмен жұмысты орындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет