Ылым министрлігі



бет57/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
сурет план
22-osh bzhb fizika 8-syn az (1), 22-osh bzhb fizika 8-syn az (1), «физика» П нінен 8-сыныпты К нтізбелік-та ырыпты жоспары (1), Кеңес Рахат тарих 6 апта, Кеңес Рахат тарих 6 апта, сурет план, сурет план
5. Жұмыс орындарын жинау.

Зооморфтық Өсімдік өрнектері Космогониялық Геометриялық
Өрнектердің пайда болу




Бекітемін:

Пәні: Сурет

Сабақ: №34 Уақыты: 19.05.2015

Сабақтың тақырыбы: Линолеум тәсіліиен сурет салу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беру
Дамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынас қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Графика туралы суреттер. Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т. б
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ
Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады.
Литография арнаулы әк тасқа салынады.
Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар. Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор.
Графика тәсілімен сурет салу үшін «Жайлау» тақырыбымызға көшейік. Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Жайлау — қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Ата - бабамыз ертеде жаз жайлауда, қыс қыстаққа көшіп отырған. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы, жусаны мен қырмызы, қызғалдағы, самғап ұшқан қарлығашы бізді өзіне баурап алады. Жайлауда атамыз бен апамыз, сонымен қатар біздерді нелер қарсы алады?
төрт түлік деп нелерді айтамыз. Әрине, сиыр, жылқы, қой, түйені айтамыз.
Төрт түлік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Төрт түлікке арналған өлеңдер білеміз?
Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады.
1. Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка)
2. Тепе теңдік
3. Жарық пен көлеңке
4. Аяқталған жұмыс
Сарамандық жұмыс:
Енді, оқушылар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Жайлау көрінісін графика әдісімен орындаймыз, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды. з
Сабақты қорытындылау
Сабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында, тақырыпты дұрыс салғандарын сараптай отырып, оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: Линолеум әдісімен «Құмыра мен алма» бейнелеу.


Бекітемін:

Пәні: Сурет

Сабақ: №35 Уақыты:

Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет