Иманқұлова С. М. 1, Абдрахманова Ж.Ә



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#115854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 эссе
физ-ра сро 4
Нәтиже мен талқы

2013  жылы  «The  New  York  Times»  газеті 

ұлты  жапондық,  өзі  американдық  физик  Ми

-

тио Какуды Нью-Йорктің ең ақылды адамы деп 



атады.  Ол  физика  саласындағы  «қара  тесік» 

пен  Ғаламның  даму  қарқынын  зерттеп,  физи

-

када string теориясының негізін қалады. Ғалым 



болашақтағы  білім  беру  туралы  өз  болжамын 

айтты. Оның айтуынша, болашақта білімді еске 

сақтаудың қажеті болмайды, компьютерлер мен 

Google Glass көзілдіріктері шағын ғана линзаларға 

өзгертіледі  де,  барлық  қажетті  ақпараттарды 

жүктеуге  мүмкіндік  туады.  Қазірдің  өзінде 

осындай  қызметі  бар  көзілдірік  бар  көрінеді. 

Яғни, көзіңді жыпылықтатсаң не ашып-жұмсаң 

болды, қажет ақпараттың бәрі шыға келеді. Бір 

жағынан  миды  қажетсіз  біліммен  толтырудың 

қажеті жоқ, қазір біз санамызды өзімізге қажетті, 

қажетсіз ақпараттармен толықтырып жатырмыз, 

нәтижесі  шамалы.  Екінші  жағынан,  роботтарға 

тән емес: креативтілік, көз алдымызға елестету, 

бастамашылық,  басқарушылық  қасиетті  дамы

-

туда  табысқа  жетуіміз  керек.  Қоғам  тауар  эко



-

номикасынан  ойлау  қабілетін,  талдау,  дәлелдеу 

мен  қабылдай  білуді  дамытатын,  соңынан 

дұрыс  шешім  шығара  алатын  интеллектуалды-

шығармашылыққа бет алып барады. 

Адамдар  өздеріне  қажетті  білімді  өздері-ақ 

ала береді. Егер кеңес қажет болса, онда «ақылды 

қабырғадан»  сұрайды.  Жақын  арада  жасанды 

интеллект технологиясына негізделген осындай 

құрылғылар  пәтерде,  офисте,  тіпті  көшеде  де 

орнатылатын  болады.  Оған  жақын  кеп:  «Менің 

(кез  келген  саладағы)  профессормен  сөйлескім 

келеді» десеңіз жеткілікті. Бұл жүйе барлық сала 

бойынша қолжетімді болмақ. Кез келген білімге 

қатысты  мәселені  виртуалды  шеше  аласыз.  Ал 

хирург  сияқты  мамандар  қажет  болуы  мүмкін, 

ал оқытушылардың «жанды» көмегі шамалы...

Ғалымдар болашақтағы білім беру саласына 

жаңа  технологияларды  таратудың  төмендегідей 

салдарын ұсынады. 

1.  Болашақтағы  білім  беру  бірегей  құзірет-

тілікке ие тасымалдаушыларға қолжетім діліктің 

мүмкіндігімен  анықталады.  Яғни,  кәсібін  бес 

саусақтай білетін маман жоғары бағаланады. 

2.  Жаппай  білім  мен  дағды  бірінші  кезекте 

автоматтандырылған шешімдер арқылы (бірінші 

кезеңде  –  аралас  онлайн/оффлайн  формат 

арқылы,  әрі  қарай  толық  автоматтандырылған 

тәлімгер-жүйемен жұмыс арқылы) беріледі.

3.  «Тікелей  бетпе-бет»  білім  өте  қымбатқа 

түседі,  негізінен  ұзақ  білім  алу  түрінде  емес, 

қысқа  қарқынды  сессия  түрінде  ұйымдастыры-

лады.  Бұл  білім  алудың  мазмұны  жалпыға 

қолжетімді ақпараттардың берілуі мен ескірген 

кертартпа  жаттығуларды  өңдеуге  емес,  шығар-

машылық ойлаумен байланысты, оны психофи-

зикалық тұрғыдан қолдайтын күрделі пәнаралық 

құзіреттіліктерді  өңдеуге  негізделеді.  Мұндай 

бетпе-бет  қарым-қатынастың  негізгі  бөлігі 

маңызды,  құнды  жұмыстарды  орындауға,  білім 

алмасуға жұмсалады. 

4. Бағалау жүйесі білім беру жүйесінен тыс 

білім мен ресурстарға қолжетімділікке мүмкіндік 

беретін  әрбір  жеке  тұлғаның  жетістіктерін 

бағалау беделімен біріктіріледі. Яғни жеке тұлға 

қазіргі  ақпарат  ағынынан  өзіне  қажетті  білімді 

қалай  алып  игеріп  жатқаны,  оның  нәтижесінің 

қаншалықты маңызды екенімен анықталады. 

5.  Білім  жетістіктерін  бағалау  «квест  ойын 

динамикасы» сияқты үздіксіз бағалау процесіне 

құрылады.  Яғни,  адамның  күні  бойы  істеген 

ісі,  кәсіби  шеберлігі,  саламатты  өмір  салтын 

ұстануы,  әлеуметтік  белсенділігі  және  т.б.  он

-

лайн параметрлер бойынша бағаланады. 



6. Иерархиялық бағалау жүйесінен (оқытушы 

– студентті, басшы – бағыныштыларын бағалау) 

шеңбер  сияқты  айнала  бағалау  (барлығы  да 

бірін-бірі  бағалайды)  жүйесіне  ауысады.  Тек 

білім алушыларды ғана емес, оқу мазмұны мен 

оқытушыны, білім беру кеңістігін де бағалайды. 

Мұндай  бағалау  түрі  оқу  процесін  тез  әрі 

нәтижелі етуге жәрдемдеседі [1].




ISSN 1563-0323                              

Eurasian Journal of  Philology: Science and Education. №2 (174). 2019

225

Иманқұлова С.М., Абдрахманова Ж.Ә.



7.  Адамның  өмірінің  алғашқы  жылынан 

соңына  дейін  шеберлігінен  бастап  құзіреттілік 

жүйесіне дейін негізделген бағалау жетістіктеріне 

ауысады.  Осылай  адамның  білімі,  әлеуметтік 

белсенділігі,  кәсіби  қызметі  –  барлығы  өзара 

байланысты  қарастырылады.  Бұл  әрбір  жеке 

тұлғаны  тек  академиялық  жетістіктеріне  қарап 

емес,  басқа  да  қырлары  бойынша  кешенді 

бағалауға мүмкіндік береді. 

8.  Нәтижелерді  бағалаудан  басқа  оқу 

процесінің барысын бағалауға да яғни объективті 

психофизиологиялық параметрлер (онлайн ней

-

роинтерфейстер  мен  биомониторлар  арқылы) 



мүмкіндік  туады.  Оқу  процесін  жүргізуші  та

-

рапынан  қазірдің  өзінде  білімнің  жеке  стилін 



анықтау құралдары, тапсырмаларды орындаудың 

жұмыс қарқыны, білім алушыны оқуға тарту т.б. 

құралдар дамитын болады. Білім алушы тарапы

-

нан  оқу  процесінің  қызықтығын,  толықтығын, 



жан-жақтылығын және қолжетімділігін шынайы 

бағалау мүмкін болады. Бұл оқу процесінің тара

-

луына мүмкіндік беріп, өз бетінше білім алуды 



жеңілдетеді (www.refuture.me). 

Бұл  айтылғандардың  біразы  білім  беру 

жүйесіне  қазірдің  өзінде  ене  бастады,  әрине 

болашақта  да  атқарылатын  міндет  болмақ. 

Әзірге осындай деңгейге жету үшін смарт-білім 

берудің алғышарттарын қарастырайық. 

Смарт-білім  берудің  негізгі  принциптеріне 

тоқталсақ:

1.  Білім  беру  бағдарламасы  аясында  оқу 

міндеттеріне сай қажетті мәліметтерді пайдала

-

ну. Ақпараттар ағымының көлемі мен мазмұны 



жылдам  өзгеріп  тұратын  заманда  оқу  матери

-

алдарын  сол  мезетте  қажетті  мәліметтермен 



толықтырып  отыру,  студенттің  практикалық 

міндеттерін шешуге көмектесу. 

2.  Студенттің  өз  бетінше  орындайтын 

танымдық,  зерттеушілік,  жобалық  қызметін 

ұйымдастыру.  Бұл  принцип  студентті  кәсіби 

міндеттерді, өз бетінше орындайтын ақпараттық 

және зерттеушілік жұмысының шығармашылық 

шешімін табуға жетелейді. 

3.  Білім  алу  ортасындағы  оқу  процесін 

жүзеге  асырады.  Қазіргі  таңда  білім  беру  ор

-

тасы  тек  университеттің  аумағымен  неме



-

се  қашықтықтан  оқыту  жүйесімен  (LMS) 

шектелмейді.  Оқу  процесі  үздіксіз,  кәсіби  ор

-

тада  (өндіріс  ошақтарында),  кәсіби  қызметтің 



құралдарын пайдаланумен де жүзеге асады. 

4.  Студенттің  кәсіби  қоғамдастықпен  өзара 

әрекеті.  Кәсіби  орта  тек  мамандарды  даярлауға 

тапсырыс беріп қана қоймайды, оқу процесінің 

белсенді қатысушысы да болады. АКТ студентке 

кәсіби қоғамдастық жұмысына қатысуға, кәсіби 

міндеттерді шешуді бақылап отыруға мүмкіндік 

береді. 


5.  Білім  беру  траекториясының,  оқытуды 

жекешелендірудің икемділігі. 

Білім беру саласы жұмыс істейтін адамдар

-

ды ортаға тарту арқылы дамиды, кәсіби қызмет 



түрлерінің  жиі  ауысуы,  технологиялардың 

қарқынды дамуы арқылы кеңейеді. 

6.  Студенттің  мүмкіндігі  мен  денсаулығы, 

материалдық  және  әлеуметтік  жағдайларына 

орай білім беру бағдарламалары мен курстарын 

оқыту, оқу процесінде құралдарды пайдалануда 

түрлі мүмкіндіктердің берілуімен ерекшеленеді 

(Tihomirov V.P., 2011:15). 

Білім  беру  парадигмасы  дәстүрлі  оқыту 

түрінен элетронды оқытуға (e-learning), одан әрі 

смарт-оқытуға  ауысады.  Соған  орай  универси-

теттің  рөлі  –  білімді  жабдықтаушыдан  бастап 

студенттің жаңа білімді өз бетінше қолдана ала

-

тын  жағдайға  жеткізуге  дейін  өзеріске  түседі. 



Смарт-оқытуды  университет  қамтамасыз  ету 

керек,  ол  үшін  технологиялық  инновацияларға 

адамдарды  дайындап,  кең  жолақты  кідіріссіз 

жұмыс  істейтін  Интернетпен,  білім  берудің 

ғылыми-зерттеу, 

коммерциялық 

және 

университеттің басқа да қызметтерінің сапасын 



жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз ету керек. 

Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  бізге 

әрине,  үлкен  көлемдегі  ақпарат  көзі  керек,  кең 

көлемдегі сан алуан мультимедиа дыбыс (аудио), 

бейне(видео), сызба(графика) қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет