Иммобилизденген фермент



бет17/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201
Климатология ғылымы климат типтерін, ауа райының уақыт бойынша өзгеру құбылысын зерттейді. Ғаламдық жылыну – теңіздердің, мұхиттардың және атмосфера температурасының артуы. Әлемдік температура соңғы 140 жылда шамамен 0,8°C-ге жоғарылады. 2000-2010 жылдар аралығында парниктік газ шығарындыларының мөлшері бірнеше есе өсті. Сондықтан әлемдегі ең жылы онжылдық 2000-2010 жылдар аралығын көрсетті. 2015 жылдың 10 айында ғаламдық температура 1,02°C-ге жоғарылағаны анықталды. Жалпы, 2015 жылы теңіздің, мұхиттың беткі қабатындағы температура жоғарылап, рекордтық көрсеткішке ие болды.
Парниктік газдар концентрациясының жоғарылауы теңіздің беткі қабатының температурасын жоғарылатады. Зерттеулер нәтижесінде 1901-2010 жылдар аралығында теңіз деңгейі 0,19 метрге жоғарылағаны байқалды. Мұздықтардың еруі – табиғи үдеріс, алайда ғаламдық жылынудың салдарынан бұл үдеріс жылдам жүзеге асуда. Мысалы, жерсеріктердің көмегімен бақылау нәтижесінде көпжылдық мұздықтардың ауданы жыл сайын азайып келеді. Теңіз мұздықтарының көлемінің қысқаруы теңіз деңгейінің көтерілуіне әсер етеді. Соның салдарынан теңіз дауылы, су тасқыны секілді табиғи апаттар көбейеді. Ғаламдық жылыну әсерінен мұхит температурасы жоғарылап, жылуұстағыш мүмкіндігі артты. Бұл тірі ағзалардың тіршілігі үшін қауіпті.
Температураның жоғарылауына табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді. Адам іс-әрекеті нәтижесінде атмосферада парниктік газдар концентрациясы жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, егін шаруашылығында тыңайтқыштарды көп мөлшерде қолдану және табиғи газды өндіру үдерістері атмосферада метан мен азот оксидінің концентрациясының тез артуына әсер етеді.
Орман өрті мен жанартаулардың атқылауы да ғаламдық жылыну үдерісін жылдамдатады. Мұнай, табиғи газ, көмір секілді отын түрлерін көптеп пайдалану атмосферадағы парниктік газдардың концентрациясын одан әрі жоғарылатады. Ғаламдық жылыну үдерісінің жылдам жүруіне атмосферадағы метан, көмірқышқыл газы секілді парниктік газ шығарындыларының артуы әсер етті. Метанның парниктік әсері көмірқышқыл газына қарағанда бірнеше есе күшті, сондықтан табиғи газ өндірісінің қарқынды дамуы нәтижесінде бөлінген метан газы климаттың жылыну үдерісін жылдамдатады. Температураның өзгеруі көмірқышқыл газының концентрациясына тәуелді.
Ғаламдық жылыну үдерісінің жылдам жүруінен кейбір түрлер бейміділігін жоғалтып, Жер бетінен жойылуда. Атмосферадағы парниктік газдар концентрациясын 80-100%-ға дейін төмендеткен уақытта да ғаламдық жылыну үдерісі бірден тоқтамайды. Себебі мұхит бетіндегі көмірқышқыл газының концентрациясы атмосфераға қарағанда едәуір көбірек. Ресей, АҚШ, Қытай секілді дамыған мемлекеттер парниктік газ шығарындыларының мөлшерін төмендетпеуінің салдарынан ғаламдық жылыну үдерісі біртіндеп жүзеге асып келеді. Белгілі бір мемлекеттің парниктік газдар мөлшерін азайтуы ғаламдық парниктік газдар концентрациясының төмендеуіне әсер етпейді. Теңіз деңгейінің көтерілуі, мұхит температурасының жоғарылауы, табиғи апаттар санының артуы, жауын-шашынның аймақтарда біркелкі таралмауы, материктердің құрғақшылыққа ұшырауы, елді мекендерді су басуы, теңіз дауылының күшеюі және экожүйелердің өзгеруі – ғаламдық жылыну үдерісінің салыстырмалы түрде жылдам жүруінің көрсеткіші.
Ғаламдық жылыну үдерісінің Қазақстанда жылдам жүзеге асуына индустриялды мемлекет болуы, әлемдік мұхиттан алыс орналасуы, территориясының басым бөлігі шөлді және шөлейт аймақтардан тұратыны әсер етті. Оған қоса, Қазақстанның климаты шұғыл континенталды болғандықтан, ғаламдық жылыну үдерісі екі есе жылдам жүзеге асуда. Осы үдерістің жылдам жүруі солтүстік өңірлердегі температураның жоғарылауына, аймақтардың шөлейттенуіне, ауылшаруашылық өнімдерінің төмендеуіне және су ресурстарының азаюына әкелді.

Модельдеу «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу». 1-сабақ


Жер ғаламшары тарихтағы ең жылдам климаттық өзгерістердің бірін бастан кешуде. Жерге жақын орбиталық жерсеріктерді, жердегі бақылауларды және деректерді жинақтауға, талдауға, визуалдауға арналған басқа технологияларды қамтитын Digital Earth платформасы ғалымдарға климат пен оның әсерін аймақтық және ғаламдық ауқымда көруге мүмкіндік берді. Жердің өткені мен бүгінін түсіну үшін атмосфера, биосфера, гидросфера және криосфера туралы құнды ақпараттарды Digital Earth платформасы ұсынады. Ғаламдық климаттың өзгеруі – ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселесі.
2016 жылы БҰҰ-ның Конвенциясы шеңберінде өткізілген Париж келісімі климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылдың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Жер жүйесі – көпөлшемді, көпмасштабты және көпдеңгейлі мәліметтер жиынтығын қажет ететін өзара байланысты жүйелердің күрделі жиынтығы. Ғылым тарихының басым бөлігінде Жердегі бақылаулар ең алдымен жер деңгейінде шектеулі кеңістікті қамтумен тіркелген. 1963 жылы Дүниежүзілік ауа райы қызметі әзірлеген әдістер ғаламдық деңгейде қамтуын қамтамасыз ету үшін жеке суреттер сериясын біріктірді, бірақ желінің тығыздығы мен тік ажыратымдылығы болмады. Алғашқы метеорологиялық жерсеріктен басталған жердің синоптикалық бақылаулары бұлттардың таңғажайып ерекшеліктерін және мұхит ағындарының бағыттарын көрсетіп, ғаламшардың зерттеуге дейінгі климаты туралы түсінікті өзгертті. Олар әртүрлі биіктіктегі температураны, атмосфералық үдерістерді, су айналымын, теңіз деңгейінің өзгеруін және басқа да құбылыстарды зерттеу үшін қолданылды. Әлемде 1960 жылдан 2011 жылға дейін 514 Жерді бақылау жерсеріктері ұшырылды, ал 2030 жылға қарай тағы 200 жерсеріктерін ұшыру жоспарланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет