Иммобилизденген фермент



бет15/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201
Бактериялардың атауы

pH әртүрлі мәніндегі бактериялардың өсуін бағалау

3

5

8

10




Сүтқышқылды стрептококк (спора түзбейді)

-

+++

++

-




Қорытынды: Сүтқышқылды бактериялардың өсуі қоректік ортаның құрамынан бөлек, ортаның химиялық факторына (қышқылдыққа) байланысты. Микроағзалардың дамуы белгілі бір pH-та ғана жүруі мүмкін. Сүтқышқылды бактериялар үшін ең оңтайлы pH мәні 4-тен 8-ге дейін өзгереді.
Артқа

№10 зертханалық жұмыс


«Бактерияларды Грам бойынша бояу» зертханалық жұмысы
1884 жылы даниялық бактериолог Ганс Кристиан Грам грам бойынша бояу әдісін жасаған. Грам бойынша бояу – бактериялық инфекцияны диагностикасында қолданылатын ерекше үрдіс. Осыған байланысты бактериялар грам оң және грам теріс топтарына жіктеледі.
Бұл әдіс бактерияларды жарық микроскопының көмегімен зерттеуге және құрылысын қарастыруға мүмкіндік береді. Боялмаған жақтағы бактериялар жарық микроскопынан көрінбейді. Грам оң және грам теріс бактериялардың Грам бойынша бояу кезіндегі бояғыш затты сақтау бойынша айырмашылығы – жасуша қабырғасының құрылымы мен биохимиялық құрамына байланысты.


Грам бойынша бояу әдісі

Граммен бояу кезінде бактериялардың жасушалық қабырғасына бояғыш заттың енуі
Грам бойынша бояу процедурасының реттілігі:
1. Бактериялар өсіндісін себу ілмегінің көмегімен заттық шыныға сал және диаметрі 1 см-ге дейін жағынды жаса. Өсіндіде грам оң және грам теріс бактериялар болуы керек.
2. Жағындыны ауада кептіру.
3. Жағындыны қыздыру арқылы бекіту керек. Спирт шам жалынының үстінен заттық шыныны 2-3 рет өткізу жеткілікті. Термиялық бекіту бактерияларды өлтіреді, жағынды заттық шыныға мықтап жабысып, бояуды оңай сіңіреді.
4. Бояу үшін заттық шыныны тұғырға қою.
5. Жағындыға кристалды күлгінді ақырын құйып, 1 минутқа қою.
6. Заттық шыныны сәл еңкейтіп, ағынды сумен немесе дистилденген сумен абайлап шаю.
7. Жағындыға грам бойынша йодты (люголь ерітіндісі) ақырын құйып, өңдеу үшін 1 минутқа қою.
8. Заттық шыныны сәл еңкейтіп, ағынды сумен немесе дистилденген сумен абайлап шаю. Содан кейін сүзгі қағазбен сула. Заттық шыныдағы жағынды күлгін шеңбер түрінде көрініс береді.
9. Жағындыны 95% этил спиртімен өңдеу. Аздап еңкейтіп, спирт мөлдір болғанша 5-10 секунд спирт тамшысын тамызып тұру керек. Жағындының өзін түссіздендіріп алудан сақ болған жөн.
10. Дереу сумен жуу.
11. Сафранинді абайлап құйып, 45 секунд қою.
12. Заттық шыныны сәл еңкейтіп, ағынды сумен немесе дистилденген сумен абайлап шаю.
13. Ылғалданған заттық шыныны сүзгі қағазбен құрғату.
14. Жағындыны жарық микроскопының көмегімен иммерсиялық майлы линзаның астында қарау. Линзаны иммерсиялық маймен өңдеу жарық сәулесін линзаның ортасына қарай сындырып, кескіннің алуан түрін жақсарту үшін қажет.

Грам бойынша боялған бактериялар
Артқа

Модельдеу «Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру»


Тірі заттар энергияны екі жолмен қабылдайды: автотрофтар жарық немесе химиялық энергияны пайдаланады, ал гетеротрофтар энергияны тірі немесе өлі организмдерді тұтыну және қорыту арқылы алады.
Автотрофтарға фотосинтездеуші және хемосинтездеуші ағзалар жатады және оларды продуценттер (түзушілер/өндірушілер) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет