Информатика Дәрістердің тірек конспектісі


Алгоритмнің формальды атқарылуы



бет5/6
Дата28.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#35477
1   2   3   4   5   6
Алгоритмнің формальды атқарылуы

Атқарушы алгоритмді атқара отырып, өзі не істеп отырғанын істің мән-жайына жете үңілмеуі мүмкін, соның өзінде ол керекті нәтижені ала алады. Мұндайда орындаушы формальды әрекет етеді, дейді, яғни қойлған мәселенің мазмұнына үңілмей ақ, қайсыбір ережелерді, нұсқауларды бұлжытпай орындап отырады. Бұл алгоритмдердің өте маңызды ерекшелігі. Сонымен, алгоритм құру есепті алгоритмнің командаларын көрсетлген ретпен формальды, механикалық түрде орындай отырып, шығаруға мүмкіндік береді.

Кез келген саладағы есепті шығару үшін алгоритм құру адамның сол саладан терең білімі болуын қажет етеді, қойылған мәселені мұқият зерттеп талдаумен, күрделі, кейде аса ыждахатты пайымдаулармен байланысты болады.



Алгоритм көрсетімінің әдістері. Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі. Алгоритмге мысалдар.

Алгоритм сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі.



  • табиғи тіл (орындаушы адам) – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері.

  • графикалық тіл (орындаушы адам) – әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар).

  • алгоритмдік тіл (орындаушы адам) – әрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері.

  • программалау тілі (орындаушы компьютер) – программалау тілінің командалары.

Алгоритмдердің құрылымын құру әдістерін үйрену үш көрсетілімде бірден жүреді: блок-схемалар түрінде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде. Алгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.

Алгоритмнің графиктік схемасын (блок схемасын) мынадай геометриялық фигуралар арқылы бейнелеу келісілген.



- эллипс, программаның басын және соңын белгілеу.
- деректерді енгізу, деректерді шығару немесе қорытындылау.

- белгілі бір амалдың орындалуын анықтайды немесе есептеуіш әрекет.

- берілген шартты тексеру белгісі.


    • - информацияның берілу бағытын көрсетеді.

Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, ол алгоритм сызықтық деп аталады.

Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, алгоритм тармақталған болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады.

Алгоритмге мысалдар:

Сызықтық алгоритмнің блок-схемасы:



1. Мыс: Табаны В және биіктігі H берілген үшбұрыштың ауданын бабу керек.

Тармақталған алгоритмнің блок-схемасы:



2. Мыс:

иә жоқ иә жоқ


Циклдік (қайталау) алгоритмнің блок-схемасы:



3. Мыс: Берілген 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу.


Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бүл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен қүрастырылған. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сүраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сүранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын қүрудың сан қырлы жүмыстары жүргізіледі.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет