Информатика мен информатика пєні туралы


Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі орта сыныптарда информатиканы окытудың мақсаттары



бет12/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі орта сыныптарда информатиканы окытудың мақсаттары


Информатиканы орта сыныптарда оқытудың білім беру-дамытушылық мақсаты — оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Орта сыныптарда оқытылатын информатика курсының практикалық мақсаты — оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістегі рөлі мен маңызын айкындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.

Қорыта келгенде, информатиканы орта сыныптарда оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады: оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттың мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Орта сыныптарда информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.

Сонымен, орта сыныптарда информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат — оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірмен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелілік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процссіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Информатиканы орта сыныптарда оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесі қойылады, ал мұның мағынасы тар екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезеңде информациялық мәдениетті қалыптастыру қажет екені көрінеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет