Информатика мен информатика пєні туралы



бет15/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Сонымен келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.

Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде әсіресе, ОӨК-ның программаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттеледі. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылады.

Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жасалуына КОКП сәуір (1984) Пленумында және КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясында бекітілген «Жалпы білім беретін орта және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары» атты қаулысы себеп болды. Мектеп реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазмұны және әдістер ҒЗИ мен КСРО ҒА-ның Есептеу Орталығының басқаруымен жалпыға міндетті пән «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» бағдарламасын жасау жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу министрлігінде мақұлданды.

Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауатталығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепке «Информатика және есептегіш техника негіздері» міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап «Информатика және есептегіш техника негіздері» (ИЕТН) курсы оқытыла бастады. Мектепті компьютерлендіру мәселелесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының бірінші нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу процесіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің республикамызда да «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде 1992 жылдан «Информатика – Физика – Математика» журналы шыға бастады. Ал, 2002 жылдан бастап «Инфоматика негіздері» журналы шықты.

Компьютер алғаш процесіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе көзделген:



      1. Компьютер оқу объектісі, яғни пән ретінде оқытылуы;

2. Компьютердің жалпы оқу процесінде қолданылуы.

Программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет