«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары



бет1/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери
химия.14.01.21ж, химия.14.01.21ж, Д рістер тезистері 1 та ырып Жиындар теориясыны элементтері Ма , Қашықтан білім беру, асемай, 300-Касипкерлик емтихан (копия)


«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан
СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ



  1. Информатика орта мектептегі ғылым жəне оқу пəні ретінде. Информатика ғылым жəне оқу пəні ретінде. Қазіргі қоғамдағы информатикадан білім берудің ролі мен орны.

Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы өткен
ғасырдың екінші жартысынан басталады. Информатиканың зерттейтін
аймағы – ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері, сонымен қатар
адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау,
түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді
қамтиды.
Информатика ғылымын адамзат тек ЭЕМ- нің көмегі арқылы ғана
қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады.
Сондықтан ЭЕМ бағдарламалау информатиканың негізгі ядросы, ал
қазіргі есептегіш техникалардің барлық түрлері – оның аппараттық
қамсыздандыру негізі болып табылады. Адам
қызметінің
барлық
саласының ауқымды түрде ақпараттануы жағдайында, информатика пәнін
кез келген ғылыммен байланыстыруға болады. Мысалы, философиямен
байланысында әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, филология мен тіл
білімінде (бағдарламалау жүйесі, мәтіндік редактор, мәтінді айырып тану
жүйесі, компьютерлік аударма құралдары, жасанды интеллект жүйесі),
метематика, физика, экономика бойынша (компьютерлік модельдеу),
бейнелеу және графика (графиктік редакторлар, дизайн, мультимедиа
жүйесі), т.с.с. Информатиканың фундаментальды негізі мына бөліктерден
тұрады: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық
технологиялар, әлеуметтік информатика. Теориялық информатика –
информатиканың философиялық негізі, математикалық және ақпараттық
модельдер мен алгоритмдер, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен
технологиялардың жобалау және құру әдістерін қарастырады
Орта мектептің мәселелерін қамтитын информатика бөлігін мектеп
информатикасы деп атайды. Кеңестік дәуір кезіндегі әдебиетке бұл
термин алғаш рет 1979 жылы А.П. Ершовтың жетекшілігімен жарық
көрген: «Мектеп информатикасы – тұжырымдамалары, жағдайы және
болашағы» атты іргелі еңбегі арқылы енгізілді [9]. Онда мектеп
информатикасы мектептегі оқу процесінде ЭЕМ-ді қолдануды зерттейтін
және бағдарламалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастыру
арқылы қамтамасыз ететін информатиканың бір тармағы ретінде
анықталды. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде
теңдесі жоқ құбылыс саналады.


  1. Информатиканы оқыту əдістемесі пəні. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері






  1. Мектеп информатика курсының мазмұны мен құрылымы.

Информатиканы оқыту тұжырымдамалар-ының aлғашқы нұсқаулары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бiрақ, олар барлық бiлiмдi ақпараттандыру негiзiнде құрылған. Бұл еңбектерде информатика үшiн оқыту мәселесi, оның мазмұны мен мақсаты жекеленiп ашылмаған. Coнымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерiстер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарты құрылып оқу үрдісiне енгiзілді.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөлiп қарастырады.


І кезең (7-9-кластар) негiзгi курс деп аталады; ол информатика пән бойынша оқушыларды мiндeтті жалпы бiлiммен қамтамасыз eтyгe бағыттaлған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нiң архитектурасы және информaциялық технологиямен жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрене отырып, оқу үрдісiнде компьютердi жан-жақты, тиiмдi пайдалана отырып, өзiндiк танымдық ic-әрекеттерiн қалыптастырады. Негiзгi курсты оқытуда басқару iciндeгi информацияның мәні информациялық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелi-информациялық тәсiлдер туралы түciнiктep қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақтaлған қайталану), программалау тiлдерiмен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептердi шешуде пайдалану жолдары мен мүмкiндiктepі туралы мағлұматтар алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет