«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары



бет7/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери
химия.14.01.21ж, химия.14.01.21ж, Д рістер тезистері 1 та ырып Жиындар теориясыны элементтері Ма , Қашықтан білім беру, асемай, 300-Касипкерлик емтихан (копия)
Сабақты жүргізу. Сабақтың жоспары жақсы құрылған болса да, оны сыныпта өткізген жағдайда, егер де уақыттың тәртібі бұзылатын болса сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін. Сабақты жүргізуге 45 минут беріледі, оған жоғары педагогикалық нәтижесін пайдалану қажет. Сондықтан сабақтың барлық бөліктерін жүйелеу және оны белгілі ырғақпен өткізу керек.
Сабақтың басында «ұйымдастыру сәтіне» көп уақыт бөлмеу керек. Мектептерде бірыңғай талап етуіне байланысты балаларды 1 сыныптан бастап сабаққа дайындауға үйретеді. Сабақты жүргізу кезінде жаңа материалмен танысып, дереу кірісу керек. Ең алдымен тақырыпты қысқа айтып кету керек және мазмұнындағы сұрақтар немесе мәселелерді қою қажет. Көбінесе сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын тексереді, оған сабақтың жартысындай кетеді. Мұғалім тақтаға шығарылған оқушымен әңгімелеседі, ал сынып оқушылары бұл уақытта бос отырады. Бұл мұғалімнің үлкен қатесі. «Мұғалім еш уақытта ұмытпауы қажет, алдында сынып оқушылары бар екенін. Мұғалім әрқашанда, бүкіл сынып оқушыларының жұмыс істеп отырғаның қадағалау керек және бүкіл сыныпты мұғалім қызықтыру керек, балалар жақсы білім алу үшін» - В.В Половцов айтуы бойынша.
Оқушылардың білімін тексеру сабақтың басында қоймау керек, жаңа материалмен байланыстыру керек. Оқушылардың сабақтағы рөлін анықтау ең маңызды болып келеді. Олардың сабақтағы жауаптары сыныптың дамуына әсерін тигізеді, алдұрыс емес жауаптарын оқушылар түзетуге, сынауға тырысады.Сабақтаоқушылар жауаптар мен мәліметтерді қолданады, үй тапсырмасына қажет қызықты материалы бойынша алдын-ала дайындалады. Әсіресе маңызды мәліметтерге байқаулар мн көрсету тәжірибелері оқушылардың экскурсия немесе кластан тыс уақытта, үйде өткізілгені бойынша болады.



  1. Оқушылардың оқу қызметтерін бақылау жəне бағалау.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.
Оылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің “5” балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі, қорытындылау сатысы. Бағалау- бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруін, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол-оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (ниформирующая), басқарушылық (управляющая), тәрбиелеушілік (воспитывающая).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақтыбейнелей білуде.



  1. Информатика курсы бойынша програмалық қамтамасыз ету. Информатикадан программалық қамтамасыз етудің құрамы. Мектептің ақпараттық-білім ортасы. Интерактивті тақтаның программалық қамтамасыз етілуі.

Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жайында бiрқатар ғылыми жұмыстар жүргiзілуде. Енді ИЕТН курсын программалық қамтамасыз eтyгe apналған жалпы программалардың тiзiмiн келтiрейiк. Бұл қазiргi мектептің 7-11-сыныптарда пайдаланып жатқан программалар:
1. Мектеп ЭЕМ-сын негізгі программалық қамтамасыз ету (операциялық жүйе, файлдық жүйе, графикалық жүйе, текстік редакторлар).
2. Стандартты программалар кiтапханасымен және программаны байқау жүйесiмен жабдықталған программалау тiлi.
3.Клавиатуралық тренажер.
4. Текстік редактор (Word)
5. Графикалық редактор (Раintbrush).
6. Мектептiк алгоритмдiк тiлдiң интерпретаторы.
7. Мәлiметтер қоры (MS Access).
8. Электрондық кестелердi өңдеу жүйесi (Excel).
9. ЭЕМ-мен алғашқы танысуға арналған программалық пакет. 
10.Нақты бекiтiлген командалар жүйесi бар және белгілі бір ортада жұмыс iстей алатын орындаушылар тобы.
11. Көмекшi алгоритмдер кiтапханасы.
12. ЭЕМ-ның және оның құрылғыларының жұмысын сипаттайтын программалар пакеті
13.Mектептегі математика және физика курстарының тақырыптарын сипаттайтын программалар пакетi.
14. Мәліметтердің типтік құрылымдарының программалық пакеті.
15. Автоматты түрде есеп шығаратын оқу пакеті (Mathcad).
16. Оқу работтардың басқаруға арналған программалар пакеті.
17. ЭЕМ-ның қолдануларын көpceтуге арналған демонстраңиялық пакет.
Бұл көрсетiлген программалар тiзiмi курс программасының мазмұнының маңызды бөлімдерінің негiзгi тақырыптарын қамтиды. әртүрлi тексеретін, оқытатын программалардың курстың бөлiмдерi бойынша информациялық анықтамалық жүйелер және оқу үрдісiн интенсивтендiруге арналған барлық басқа құралдардың жасалуы ИЕТН курсын пpограммалық қамтамасыз етуді кең көлемде дамытyға мүмкiндiк бередi.
Мектеп информатикасы курсының техникалық базасының мазмұны, құрылымының өзгеруiне, қарай, программалық қамтамасыз етуде дамып, жетiлдiрiлiп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет