«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары


Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет. Олар



бет5/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери
химия.14.01.21ж, химия.14.01.21ж, Д рістер тезистері 1 та ырып Жиындар теориясыны элементтері Ма , Қашықтан білім беру, асемай, 300-Касипкерлик емтихан (копия)
Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет. Олар:

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді
бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтиқалык курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады.
Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың коршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол.
Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны жүзеге асыруға қатысады. 4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор.
бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін былай тұжырымдауға болады:  компьютерлік сауттылықтың бастамаларын қалыптастыру;  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;  алгоритмдік дағдыларын және есептерді жүйелі бірізді шешу әдеттерін дамыту;  қарапайым компьютерлік дағдыларын (компьютермен, ақпараттық технологиялардың қарапайым ұғымдарымен танысу) қалыптастыру.
Пропедевтикалық курста жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді бүтіндей іске асырылса, онда осы курсты меңгерген төменгі сынып оқушылары келесі дағдылар мен ептіліктерге ие болады: салыстыра білу, сараптау, жалпылау, абстракциялау, құрылымдық, иерархиялық және себеп-салдарлық байланыстарды көру.



  1. Информатиканың пропедевтикалық курстарын оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде информатиканы оқытуды енгізіп, оның әдістемесін жасау – педагогикалық және психологиялық ғылымдардың алдына көптеген өзекті мәселелер қойып отыр. Бұл мәселелердің негізгілеріне компьютерлік техниканы қолдану қажеттілігін жатқызуға болады.
Компьютер - қаншалықты оқу процесінде негізгі рөл атқарғанымен, ол оқытушыны айырбастай алмайды. Информатиканы оқыту әдістемесінде - компьютер оқушыларға қарым-қатынас жасауда басқарушы әрекетін орындайды, оқыту мәселелерін таңдап алады, оларды шешу жолдарын бақылайды және оқушыларға көмек беру мөлшері мен сипатын анықтайды.
Психологиялық теорияларды жете зерттеуге, білім саласында информатика пәнін оқыту әдістемесінде, оқытуды жобалау және жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді шешуде, олардың өзектілігін анықтап беруде компьютер ерекше зор рөл атқаруда. Кейбір мәліметтер компьютерді қолданып оқытудың, әсіресе оқушылардың білім алу барысында және бастапқы қарым-қатынасты модельдеу барысында таптырмайтын құрал екендігін көрсетіп отырАқпараттар мен жұмыс жасау қаншама пайдалы болса, соншалықты кері әсері де болуы мүмкін. Бала интернеттегі қызыққа бір берілген соң, одан өзін алып шығу қиынға соқпақ. Сондықтан,бастауыш сыныптарға информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың жүргізілуінде техникалық, гигиеналық және эргономикалық талаптардың бар мүмкіншіліктерін пайдаланған жөн.



  1. Мектеп информатикасының базалық курсы және оқыту формалары мен əдістерінің ерекшеліктері.

Информатиканың базалық курстарының негізгі оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.

Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:

- қолданылу аймағы;

- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;

- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;

- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;

- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;

- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;

- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.



Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер. Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес. Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады. 
Оқыту формасы - педагогпен қатысушылар арасындағы ақпараттық байланыс жүйесінің сыртқы, айқын көрінісі. Оқыту формасы жіктелуінде қызмет етерлік негізгі нышандар: бірігіп атқарар шаралар, қатысушылардың саны, оқу үрдісі, қатысушыларының рөлі (мұғалім, оқушы). Информатикада құрылатын ситуациялардың ең басты мән беретін мәселесі, компьютер оқу бағдармалардың көмегімен қатысушылардың негізгі жұмысын бақылайды. Яғни компьютер жасаушы элемент болып табылады. Нақты оқу тақырыбы қаралған үйлесімді нышандар арқылы есептелген таңдаулы әдістермен оқу мазмұнына жауап беру арқылы құрылады. Кабинеттегі еселенген сабақтармен тәрбие жұмыстары және есептеуіш техниканы қолдану уақытты үнемдеу мақсатымен жүзеге асады. Бұнда әртүрлі оқу формасын саралаған жеңіл.
Нақты ұйымдасқан оқыту формалары дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, жеке практикум, экскурсия, үйірме, факультативтік курс және олимпиада.
1) Дәріс - мұғалім басшылығымен оқыту үрдісінде жүзеге асады. Бұл оқыту формасы көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына қолданылады. Себебі олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және болашақ студентке дайындауда ерекше рөл атқарады. Дәріс сабағында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін толық пайдалануға болады. Ол көрнекі құрал шаралары түрінде компьютер арқылы көрсетіле алады.
2) Семинар - алдыңғы жұмыстан жеке жұмысқа өтпелі форма. Бұл жайлы ұжыммен ойлана жасалған жұмысты қосып алғанда, компьютерде оңтайлы атқарылған жұмыс формасы. Оқушылардың теориялық білім мен сөйлеу мәдениетін арттыруда рөлі зор. Бұл оқыту формасы ұйымдастырғанда қатысушылар алдын-ала біліп отырулары абзал және оқушылармен жекелей немесе топқа бөліп жұмыс жасаған тиімді.
3) Зертханалық жұмыс компьютерлік сыныптардағы негізгі оқу формасы болып есептелінеді. Әдетте тәжірибе жұмыстары құрылған жоспардан басталады. Жоспар құру, құрылған жоспарды тарату (ұқсас болуы да мүмкін). Тарату материалдары шешуші көмек көрсетеді. Жұмыс бастар алдында өткенді қайталап дайындық жүргізу жұмысты дұрыс бастауға көмегін тигізеді. Қатысушылар бірден немесе екіден жұмыс атқара алады.
4) Жеке практикум - зертханалық жұмысына қарағанда өзгеше. Оның жеке сипаттамасы - тапсырманың қиындығына қарай әртүрлілігі, өздік жұмыстың ауқымдылығы, оқулыққа және мәлімет материалдарына үлкен тірек. Бұл оқу формасы сабақтан тыс жұмысқа жатады.



  1. Қазіргі мектептегі информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Сабақ жəне оның құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар.

Оқытуды ұйымдастыруға мұғалім оқушылармен жұмыс кезінде қолданатын оқыту формалары, әдістері мен құралдары кіреді.

Сабақтағы оқушылардың оқу іс-әрекетінің нысаны-бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың тиісті түрін жүзеге асыратын оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрін (ұжымдық, бірлескен немесе жеке) ұйымдастыру тәсілі; сонымен бірге оқушылардың алдына мұғалімнің тапсырмасында көрсетілген нақты мақсаттар қойылады және оны орындау әр түрлі дәрежеде басшылық пен көмекті қажет етеді мұғалімдер; оқушылардың белгілі бір санының нәтижелері мен нәтижелері міндетті түрде шығарылады.


Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді:

  1. оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар

  2. бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар

  3. аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары

  4. білімді іс жүзінде қолдану сабақтары

  5. қайталау-қорытындылау сабақтары

  6. есепке алу-тексеру сабақтары

  7. оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар

Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар сабақтың этаптары деп аталып мынандай болып келеді:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет