«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары



бет4/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери
химия.14.01.21ж, химия.14.01.21ж, Д рістер тезистері 1 та ырып Жиындар теориясыны элементтері Ма , Қашықтан білім беру, асемай, 300-Касипкерлик емтихан (копия)
Факультативтік курстар информатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Информатикадан факультативтік сабақтар негізінен 8-сыныптан басталып жүргізіледі.
Олимпиада мақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.
Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. «Дарын» орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.



  1. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқыту əдістемесі. Пропедевтикалық курста информатиканы оқыту формалары мен əдістері.

Бастауыш мектепте оқитын балаларға жаңа нəрсе ұсынса, олардың қызығушылықтары оянып, талапшыл, тапқыш болатындары белгілі. Осыған сəйкес жаңа ақпараттық технологияларды кез келген сабақта қолдануға итермелейді. Дəстүрлі сабақ кезінде компьютерді қолдану оқушыларға оқу материалын түсіну мен есте сақтау үдерісін тездетеді, ең бастысы, балалардың оқуға деген қызығушылығын айтарлықтай көтереді.
«Информатика» пəнін бастауыш сыныптан бастап оқуға болатындығы жəне оның тиімділігі дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар:

Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет