«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары



бет10/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери
химия.14.01.21ж, химия.14.01.21ж, Д рістер тезистері 1 та ырып Жиындар теориясыны элементтері Ма , Қашықтан білім беру, асемай, 300-Касипкерлик емтихан (копия)
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.
Информатиканың негізгі қолданылу бағыттары :
есептеу жүйелері мен программалық жабдықтама-ларды жасау, даярлау;
мәліметтерді тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтау процестерін зерттейтін информация теориясы;
• адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін ес-ептердің программаларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логикалық қорытын-ды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар);
• адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін есептердің прог¬рам¬ма¬ларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логика¬лық қорытынды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар, т.б.);
• жобаланатын жүйелер қызметін талдауға бағытталған және оған қойылатын талаптарды қарастыратын жүйелік анализ;
• машиналық графика тәсілдері, анимация, муль-тимедиа құралдары;



  1. Есептер жүйесі информатиканы оқыту құралы ретінде. Информатиканы оқытудағы есептердің мəні. Есептердің жіктелуі.

Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтарды өткізу, білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) көрсетілген.

Әрбір оқу пәні бойынша мазмұнын жобалаудың принципі өзгерген: сызықтық принципі «шиыршық» принципіне ауысты, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен де, көлденеңінен де ұлғайюы (дағдылардың тақырыптар және сыныптар бойынша күрделенуі).

Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұнын құрудың негізі болып табылатын оқу материалдарын шиыршық тәріздес орналастыру принципін, сондай-ақ, сыныптар мен тоқсандар бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ тақырыптарды оқу арқылы материал мазмұнын құрылымдауды ескеру керек. Мысалы, 1-сыныпта, түрлі дереккөздерді зерттей отырып, оқушы «отбасы» түсінігінің мәнін түсінуі және түсіндіре алуы тиіс, туыстық байланыстар жүйесіндегі басқа да отбасы мүшелеріне қатысты өз орнын анықтай алуы тиіс. 2-сыныпта ол отбасылық мұрағат материалдарының негізінде отбасы мүшелерінің сөздік портретін құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспарларда: білім беруді дамытудың жалпы принциптері (оны дамыту тұжырымдамасы); дамытудың басты бағыты және бағдарламалары; көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі. Ұзақ мерзімді жоспар бір оқу жылына арналған оқу мақсаттарын қамтиды.

Әдетте орта мерзімді жоспарлауды мұғалімдер тобы немесе бір мұғалім жүзеге асырады, олар оқу бағдарламасын сабақтардың топтамасы түрінде құрылымдайды. Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.

Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, орта мерзімді жоспарының соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аудару ұсынылады. Сабақты жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.

Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

– сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;

– орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады;

– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.

Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.

Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:

– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;

– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

метапәндік байланыстар;

– денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет