Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


 Консилиум мақсаты мен міндеттері



бет6/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)
Әдістемелік құрал 2019 (1)
2. Консилиум мақсаты мен міндеттері  
2.1. Консилиум әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балалар, әлеуметтік және педагогикалық қауіп тобындағы балалар мен 
жасөспірімдер, оқыту мен мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға 
олардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін 
қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қолдау 
болып  табылады. 
2.2. Консилиум міндеттері:
2.2.1. диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының 
нәтижелерін талдау барысында іске асырылатын әдістемелік қолдау; 
2.2.2. балалардың оқуы мен тәртібіндегі қиындықтардың сипаты мен 
себептерін анықтау; 
2.2.3. баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін 
анықтау, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке ықпалды қамтамасыз ету үшін 
тәрбиешіге/мұғалімге ұсыныстарды әзірлеу; 
2.2.4.

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сәйкес 


топтар/сыныптарға қосу жолдарын анықтау; 
2.2.5. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну 
үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы 
қорытынды жасау;
2.2.6. балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауда 
мамандар әрекетін ішкі үйлестіруді қамтамасыз ету; 
2.2.7. 
ата-аналар, қорғаншы мен қамқоршыларға консультациялық көмек 
көрсету; 
2.2.8. білім беру ұйымының оқытуда, дамуында және тәртібінде 
қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдер туралы деректер қорын 
қалыптастыру және декреттелген қолжетімділікпен, құпиялықты сақтай 
отырып кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, олардың қараусыздығы 
мен құқық бұзушылығының алдын алу мемлекеттік жүйесінің сәйкес 
органдардың сұранысы бойынша ақпаратты беру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет