Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау



бет5/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс
КЗ 23 НЧ2022 (pdf.io), КЗ 23 НЧ2022, Лекция 3.АХ1, «Физика» п нінен 3-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырма, «Физика» п нінен 3-то сан а арнал ан жиынты ба алау тапсырмалар
Дискалькулия – математикалық амалдардың логикасын түсінудің және математикалық ұғымдарды, амалдар мен ауызша және жазбаша санаудың амалдарын қолданудағы ауытқушылық. Баланың оқумен қамтылу кезеңі мен интеллект деңгейін ескере отырып, есептеу дағдылары осы жастағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда дамымаған күйінде қалады.
Дисграфия – графомоторлық сипаттамалардың (әріптерді түсініксіз жазу, жазу жылдамдығы, кеңістікте орналасуы, бас әріптерді пайдалану) және/немесе тілдің фонологиялық сипаттамаларының (грамматика, сөйлем құру, каллиграфиялық, орфографиялық, дұрыс жазу) ауытқушылығы.
Диспраксия - қозғалыстардың реттілігін жоспарлау, кеңістікті бағдарлауды, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі және ерікті ым-ишараның автоматты орындау қабілетіне әсер ететін оқудағы ерекше қиындық болып саналады. Бұл көбінесе қабылдау, тіл және ойлау, эмоционалдық проблемалармен және мінез-құлық қиындықтарымен байланысты. Диспраксия келесі ерекше бұзылыстарда көрінеді:
Қимыл-қозғалыс дағдыларының деңгейінде: жалпы икемсіздік, тепе-теңдіктің нашарлығы, дененің жеке бөліктерінің қозғалысының үйлестіру дағдыларын меңгерудегі қиындықтар (велосипедпен жүру немесе жүзу), графикалық дағдыларды дамытудағы қиындықтар (сурет салу, жазу).
Қол және практикалық іс-әрекеттердің қалыптасу деңгейінде: заттарды рет-ретімен қоюдағы қиындықтар, түсініксіз жазу, қол моторикасының қиындықтары (заттарды, тамақты, ас құралдарын және т.б. жиі түсіріп алу).
Жеке түр-келбеті және кеңістік дағдылары деңгейінде: ұқыпсыз және үрпиген келбет, ебедейсіз жүріс, өз-өзін таныстыруда шатасу.
Математика мен сандарға байланысты дағдыларының қалыптастуы деңгейінде: сандардың орнын ауыстыру және қате жазу тенденциялары, сызбалар, графиктер, кестелер және т.б. сызу, орналастыру/кеңістіктікте көрсету тұрғысынан қиындықтар,
Эмоционалды және әлеуметтік қарым-қатынас деңгейінде: өзара әрекеттесу және вербалды қарым-қатынастағы қиындықтар, сенімсіздік, көңілсіздік, қорғаныс немесе агрессивті жүйке мінез-құлқы, мазасыздық, стресс пен депрессия күйінде жүру немесе қорғансыздық күйі. Диспраксиямен ауыратын балаларда сауатты жазуда, сөйлеуде қиындықтар туындайды, өзін-өзі бағалау жеткіліксіздігіне (әдетте, төмен бағалайды), тез ұмыту, шашыраңқы зейін, алаңдаушылық, зейіннің төмендеуі және т.б. тап болады.
Диспраксиясы бар балалар келесі артықшылықтарға ие болуы мүмкін:
- шығармашылық және ерекше ойлау;
- проблемаларды шешудегі стратегиялық ойлау;
- қиындықтарды жеңу үшін өз стратегияларын құру мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет