Интерннің өзіндік



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#175481
  1   2   3   4
Байланысты:
601307.pptx
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Интерннің өзіндік
жұмысы
Орындаған : Кубенова Айдана
626топ
Тақырыбы :
Инфекциялық емес патологиядағы менингеальды синдром :Екіншілік іріңді менингит,субарахноидальды қан құйылу,бас ми ісінуі.Туберкулезді менингитпен екшеу диагностикасы .
Менингиальды синдромдармен өтетін инфекциялық емес аурулар
Екіншілік іріңді менингит
Менингиальды синдром
Туберкулезді менингит
Бас ми ісінуі
Субарахноидальды қан құйылу
Менингиальды синдромдармен өтетін инфекциялық аурулар
Менингококкты инфекция
Энтеровирусты инфекция
Сіреспе
Құтыру
Қызылша
Менингеальды синдром – ми қабықшаларының тітіркенуінен пайда болатын синдромдар жиынтығы.
Менингеальды синдром
Менингеальды синдромға тән симптомдар:
  • Мойын бұлшық еттерінің патологиялық тонусының жоғарылауынан эластикалығының бұзылуы, Науқас менингит кезінде тек қана мойнын бүге алмау ғана емес,сонымен қатар жаза да алмауы тән.
  • Керниг симптомы- науқас өзінің бүгілген аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарын жаза алмауы..
  • Брудзинский симптомы : жоғарғы – науқас , арқасына жатқан күйінде, басын кеудесіне иілтеді,сол кезде автоматты түрде аяқтарының бүгілуі; төменгі – науқас , бір аяғын бүккенде , еріксіз екінші аяғы сол қимылды қайталайды.
  • Тактильді,иіс сезу,есту,ауырсыну тітіркендіргіштерін және жарқыраған жарықты көтере алмау
  • Жылағыштық
  • Жергілікті салданулар , парездер,сезімталдылықтың бұзылуы

МЕНИНГОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯ
МЕН
ТУБЕРКУЛЕЗДІ
МЕНИНГИТ
АЖЫРАТУ
ДИАГНОСТИКАСЫ
Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.
Ересектерде менингококкты инфекцияның басты жайылған түрі және интоксикациямен, менингеальді синдроммен сипатталады. Басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-40С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауруы, қайталап құсу (жүрек айнусыз) болады. Бұл триада ерте көрінеді және ең тән және тұрақты көрініс болып табылады. Науқастарда өте тез мазасыздану, қимылдық қозу, терінің гиперестезиясы, дамиды.Алғашқы тәулікте менингиальды синдром дамиды: желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, жұлын нервтерінің зақымдануы мүмкін (жиі ІІІ, ІУ, УІ жұп нервтері), ақыл – есі бұзылуы мүмкін, есеңгіреуден комаға дейін қатты айқындалған психомоторлы қозумен көрінуі мүмкін. Науқастың сыртқы келбеті: мойын, бет терісінің гиперемиясы, ерін шырышты қабығы құрғақ, склера және коньюктива тамырлары иньекцияланған болады. Науқас міндетті қалып қабылдайды, бүйіріне жатады, аяқтары бүгілген және ішіне қарай тартылған, басы біраз артқа шалқайған.Энцефалит қатты интоксикация фонында, әр түрлі бұлшық еттердің тырысуымен, парездермен, параличтермен байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет