Ірімшік өндірген кезде сүттің сапасына қойылатын талаптар



бет3/7
Дата15.01.2023
өлшемі93,5 Kb.
#165548
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№ 1 дәріс
4. зертханалық жұмыстар жинағы 2 триместр, Продуктовый расчёт молочн. промышл
Сүтті нормалау. Ірімшік майлылығының екі түсінігі болады: абсолютті майлылық және ірімшіктің құрғақ заттарындағы майлылық. Абсолюттік майлылық ірімшіктің массасына қатысты ірімшіктегі майдың жалпы көлемін сипаттайды, оны пайызбен көрсетеді. Ірімшіктің құрғақ заттарындағы майлылық ірімшіктің құрғақ заттары көлеміне қатысты ірімшіктегі майдың жалпы көлемін көрсетеді, оны да пайызбен көрсетеді. Қоспаның қажетті майлылығын қамтамасыз ету үшін кестеде көрсетілген сүттегі ақуыздың есептік құрамын қолданады. Сүттің құрамындағы ақуыздың нақты құрамын біле отырып, қоспаның майлылығын формула бойынша анықтайды.
Ммқ = кАс Мқ /100
Ммқ - қоспадағы қажетті майдың құрамы, %;
Ас - сүттің құрамындағы ақуыздың нақты құрамы;
Мқ - МЕСТ бойынша сүзбенің құрғақ затындағы майлылық;
к - тәжірибелік жолмен бекітілген коэффициент (50% майлылық ірімшіктер үшін к = 2,09-2,15; 40% майлылықтағы к=2,02; 30% майлылықтағы к =1,9). Ірімшіктің құрғақ затындағы майдың нақты құрамы есептік құрамнан ауытқуы, сүттің жеке құрамдық бөлшектерінің мезгілдік немесе басқа да ауытқуын дәлелдейді. Мұндай жағдайларда қоспаны дайындауғаарналған кестені жеке аймақ немесе аудандардағы сүт құрамының массалық сараптамасы бойынша жетілдіреді. Сүттегі ақуыз бен майдың арасындағы қатынасы, ақуыз бен майдың жалпы көлемі себептерге байланысты, соның ішінде лактация кезеңінен, малдың тұқымына, жемдеуіне байланысты. Сүттегі ақуыз бен майдың құрамы түзу сызықты тәуелділікпен байланысқан:
А = БМ+В
А - сүттегі ақуыздың құрамы;
Ж - сүттегі майдың құрамы;
Б және В - жеке тұқымды сиырлардың сүттеріне тәжірибелік қолданбалы жолмен бекітілген коэффициент.
Казеин мен майдың арасындағы байланыс неғұрлым тұрақты. Бірақ ол бірнеше факторларға байланысты, ВНИИМС-тің көрсеткіштері бойынша лактация кезеңі кезінде сүттегі май мен казеиннің құрамының арасындағы қатынас 1:0,622 - 1:0,0861 шегінде болады, бұл қатынас жайылым кезінде көбейеді. Сүттің майлылығы жоғарылаған кезде май мен казеиннің қатынасы төмендейді. Сондықтан осы сүттің құрамдық бөліктерінің тұрақты қатынасын сақтап қалу үшін майлылығы жоғары сүттен дайындалған қоспаның майлылығынан майлы болуы керек. Жоғарыда көрсетілген әр түрлі жағдайларға тәуелсіз май мен ақуыздың арасындағы қатынасты ескере отырып, ірімшіктерді өндіру үшін қоспаны нормалау зерттеліп ұсынылады. Қажетті жағдайда қоспаны дайындауға арналған кестеге түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау мен есептің әдістемесі жетілдірілген. Осы әдісті қолдана отырып, түзету коэфицентін формула бойынша анықтайды.
Жж - МЕСТ немесе ТУ қарастырылған ірімшіктің құрғақ затындағы майдың аз мөлшері;
Жф — престелген ірімшіктің құрғақ затындағы нақты майдың құрамы, %.
Есептік формула мен кестеге түзету коэффициентін анықтағаннан кейін күнделікті ақуызды титрді тексереді (10-15 күнде бір рет) және престелгеннен кейін ірімшіктің құрғақ затындағы майдың құрамын тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет