Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар


Ғалым С.М. Исаев профессор Қ.Жұбановтың зерттеулері туралы



бет2/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Ғалым С.М. Исаев профессор Қ.Жұбановтың зерттеулері туралы

А.А.Молданиязова

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ 3-курс студенті

Жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Н..А.Садуақас

Қазақ тіл білімінде оның грамматика саласындағы ғылыми өзекті мәселелерін сөз етіп, ғылыми құнды еңбектер қалдырған ғалымдардың бірі профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев еді. Ол грамматика мәселелеріне қатысты «Грамматикалық талдаудың тәсілдері», «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар», «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты», «Қазақ тілінде сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі» т.б. еңбектер жазып, өзінің ғылыми салмақты ойларымен грамматикалық категорияның теориялық жағынан терең зерттелуіне үлес қосты. Ғалым осы еңбектерінде грамматикалық мағына, оның грамматикалық формамен ара қатынасы, грамматикалық категорияның сипаты мен ұғымдары, сөздерді таптастыру, нольдік тұлға, көне тілдік тұлғалар, морфемалардың тарихи ерекшеліктері, сөзжасам тәсілдері, т.б. грамматиканың күрделі мәселелері жөнінде ғылыми терең талдаулар жасағанын ерекше атап айтуға болады. Себебі қазақ тілі грамматикасының ғылыми өзекті мәселелеріне арналған С.М. Исаевтың қай мақалаларына зер салсақ та, одан ғылыми терең мағлұмат алуға болады. Ғалым С.М. Исаевтың қазақ тілі грамматикасының құрылысы мен тарихи грамматикаға қатысты ғылыми терең пайымдаулары профессор Құдайберген Жұбановтың зерттеулері туралы жазылған «Қазақ тілі тарихи морфологиясының проблемалары» деген ғылыми мақаласында ерекше көрініс тапқанын атап айтпақпыз. Белгілі тілші-ғалым Қ.Жұбанов қазақ тіл біліміне қатысты көптеген мәселелерді еңбектерінде қарастырып, өз ой-тұжырымын айтып кеткендігі баршаға мәлім. Кез келген ғылым саласының бастауында ғасырлар бойы маңыздылығын жоймайтын, уақыт өткен сайын, іздене үңілген сайын келер ұрпақ тың ой, терең пайымдау, жаңа білім табатын ғұмырлық еңбектер болатындығы белгілі. Сондай еңбектердің қатарына XX ғасыр басында-ақ қазақ тіл білімінің негізін қалауға айрықша үлес қосқан аса көрнекті тілші-ғалым, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың зерттеулерін жатқызамыз. Қ.Жұбанов терең білімі мен зердесін, қажыр-қайратын қазақ тілінің сол кезеңдерде шешімін таппай тұрған жазу, терминология, әдістеме, қазақ тіл білімінің фонетика, лексика-грамматика салаларының көкейкесті мәселелеріне арнады. Ол қазақ тілінің грамматикасына ерекше назар аударды. Оның еңбектеріндегі морфология мәселесіне қатысты назар аударарлық жаңалықтарының бірі - тілдік фактілердің тереңіне бойлап, тарихи тұрғыдағы деректермен салыстыра отырып жан – жақты талдауы. Ғалым С.М. Исаев осы мәселе жөнінде былый дейді: « Қ.Жұбанов зерттеулері дүниеге келген 1930 жылдардың орта шенінде қазақ тіл білімінің тарихи грамматикасы, оның ішінде тарихи морфологияның негізгі және басты мәселелері жүйелі ғылыми түрде зерттеу обьектісі болмақ түгіл, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы диахрондық аспект былай тұрсын, статистикалық тұрғыдан да жан жақты сипатталып беріле қойған жоқ еді» [1. 169]. Қ.Жұбанов еңбек еткен кезеңде бұл салада тек алғашқы іздер ғана салына бастағаны белгілі. Ғалым С.М. Исаев қазақ тіл білімінің алғашқы кезеңінде қызу қолға алынып, жүйелі шешімін табуды талап еткен көкейкесті мәселелер, ең алдымен, алвафит, орфография, терминологияға және қазақ тілінің дыбыстар құрамын жүйелейтін фонетикаға, грамматикалық құрылысын сипаттайтын морфология, синтаксис салалары мен оларды үйретіп білгізу, оқыту әдістеріне байланысты болғанын айтып, «Қ.Жұбановтың негізгі ғылыми және ғылыми практикалық еңбектері қазақ тіл білімінің бұл айтылған салаларына арналуы да осыдан болса керек» деген ой айтады[1. 169].

Ғалым С.М. Исаев өз мақаласында Қ.Жұбановтың қаламынан шыққан зерделі зерттеулердің бірі 1936 жылы жеке кітап болып жарық көрген «Из истории порядка слов в казахском предложении» деген еңбегі еді[2. 411]. Ғалым өзекті мәселелердің негізгі түйіндеріне байланысты тілдік фактілерді тарихи-диалектикалық тұрғыда талдау үстінде оған тікелей қатысы жоқ болса да, тарихи грамматиканың басқа саласының (тарихи морфологияның) бірден-бір обьектісі болатын кейбір тілдік құбылыстарды жол жөнекей болса да өте терең де жан жақты ғылыми тұрғыдан сипаттай білгенін айтып, оның сөйлемдегі «адам тағы» тіркесінің құрамындағы «тағы» сөзінің сілтемеде берілген тұлғалық, құрамдық ерекшеліктеріне байланысты талдау жасағанын мысалға келтіріп, ғылыми тұрғыда жақсы баға береді. Қ.Жұбановтың «Елден безіп адам тағы болып кетіпті» деген сөйлемдегі «адам тағы» деген тіркесті талдауын жүйелі түрде баяндай отырып, Қ.Жұбанов талдап көрсеткендей, анықтауыштық қатынастағы тіркес пе, әлде әдеттегі сөйлем құрылысы ма? Яғни «адам» - бастауыш, «тағы» сөзі «тағы болып кетіпті» деген көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш қызметін атқарып тұр ма?» деп қарама-қарсы ойлы сұрақпен ғалымның терең ойлы зерттеулерінің ізімен ойлануға жетелейді. «Тағы» сөзінің құрамдық жағындағы қазақ тіліне келгенде осындай өзіндік өзгешелігі Қ.Жұбановты үлкен ойға қалдырған болу керек» деген ой тастайды[1. 170]. Сөздің «тағы» тұлғасы қазақ тілі үшін тән емес, сөз соңындағы «ғ» дыбысы я түсіп қалуға тиісті, немесе «у», «й» дыбыстарының біріне айналып кетуге тиісті. Сондай – ақ, «жабайы» деген мағынадағы «тағы» сөзін көне түркі жазба ескерткіштерінен кездестіре алмадық деп, «профессор Қ.Жұбанов ерекше тұлғадағы «тағы» сөзінің қолданысын әдеби тілге Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеген,ұйғыр шағатай тобындағы түркі тілінде сөйлеп келген бөлегінің әкеліп қосқан үлесі деп қарайды,өйткені сөз соңында тіл арты дыбысының түсіп қалмай,сақталуы оңтүстік батыс немесе қыпшақ тобындағы тілдерге,әсіресе қазақ тіліне тән емес,тек оңтүстік және шығыс аудандарға ғана тән деп есептейді. «Тағ» түбіріне «ы» қосымшасын үстеп, бұл тұлғадағы «тағы» сөзінің жасалуы да кейін қазақ халқын құраған осы аймақ тұрғындарының үлесі болып табылады. Ғалым бұл қосымшаны «ы,і» басқа сөздердің де құрамынан табады, қараңыз: қазақ(ы) киім, естек(і) жылқы,түрікпен(і) кілем, қоқан(ы) ер т.б»,- деп, автор бұл қосымшаны тарихи төркіні жағынан түркі тілінің төл туындысы емес деп көрсеткенін айтады. [1. 171].

Қ.Жұбановтың қазақ тілінде сирек қолданылатын ерекшелік ретінде «тағ» түбіріне «ы» қосымшасын үстеп, «қазақ(ы)», «естек(і)», «түрікпен(і)» дегенде сөз соңындағы қатаң дыбыстың сол күйінде қатаңдық сапасын сақтап айтылатынын, ал тәуелдік жалғаудың 3-жақ көрсеткіші қосылғанда, сөз соңындағы қатаң дауыссыз әрдайым ұяңдап айтылатынын, қазағ - ы, естег - і, т.б. салыстыра баяндауына назар аударады. Осы мысалдарды көрсете келе, ғалым С.М. Исаев былай дейді: « ... аталған қосымшаның қазақ тіліне кеш сіңіскенін, дәлірек айтқанда, қазақ тілінде түбір сөздегі дыбыстардың қатаңдық және ұяңдық қасиеттері фонемалық сипат алғаннан кейінгі кезеңде ғана пайда болғанын айғақтайды. Сондықтан Қ.Жұбанов бұл қосымшаны (і) парсы нисбеті деп таниды, ал парсы нисбеті - шығу төркіні жағынан і(и) тұлғалы қатыстық сын есіммен бір» [1. 169]. Оның Қ.Жұбанов атап көрсеткен «есім сөздерден қатыстық сын есім жасайтын «ы/і» қосымшасы парсы нисбеті - «и» тұлғасына саяды, онымен төркіндес» деген тұжырымын қуаттағаны байқалады.

Қ.Жұбановтың «құлын-шақ», «келін -шек», «қап-шық», «ер-шік», «өгіз-ше», «інген-ше», «атан-ша» сөздеріндегі кішірейткіш мәндегі –шақ/шек, - шық/шік, - ша/ше қосымшаларын талдай келіп, бұлар қазақ тілінде бала-шаға деген қос сөздердің құрамында ғана, ал түрікмен, азербайжан тілдерінде «бала» мағынасында жеке тұрып-ақ қолданылатын «шаға» сөзіне саятындығын көрсетеді[1. 173].

Ғалым С.М. Исаев күні бүгінге дейін оқулықтардың барлығында көптік жалғау деп ешбір күмәнсіз танылып жүрген –лар/лер, -дар/дер, -тар/тер қосымшасы туралы Қ.Жұбановтың айтқан ескертпесі елеусіз қалып келе жатқанын айтады. Мысалы, «Мырқымбайлар келе жатыр» дегенде, ««Мырқымбайлар» сөзі «Мырқымбай және басқалар» дегенді білдіретінін айтқан екен.

Қ.Жұбанов қосымшалардың түптеп келгенде жеке мағыналы сөздерден дамығанын көрсетіп, бір кезде өңкей түбір сөздер ғана жұмсалып отырғанын, ондай тілдер осы күні де бар екенін айтқан екен. Ал түбір сөздер не есім, не етістік ретінде екі-ақ түрде қолданғанын көрсетеді. Бұған кейбір сөздерді сөз таптарына қарай топтастырғанда кездесетін фактілерді көрсетуге болады. Мысалы, бала, жас, жарық, сұлу, бай, батыр, жарлы, кедей т.б. сөздер әрі зат есім, әрі сын есім болатынын айтқан екен.



Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі шақ категориясы туралы таным-түсініктердің де қалыптасуына ерекше үлес қосқан ғалымдардың бірі еді. Ол қазақ тіліндегі «отыр», «тұр», «жүр», «жатыр» деген төрт етістіктің басқа етістіктерден морфологиялық қасиетімен ерекшеленетін белгілерін де көрсетіп, осы төрт етістік (отыр, жатыр, жүр, тұр) туралы алғашқы ғылыми пікір айтып, ерекше атап көрсетіп, талдап берген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі қосымшалардің түбірге кірігу жайы туралы да пікір айтқан еді. Бүгінде қосымшалармен кіріккен күйінде ғана кездесетін «өлі түбірлер» ертеде жеке түбір ретінде саналған. Тілдің дамуы барысында олар қолданыстан шығып, өзіне жалғанған қосымшаларға кірігіп кеткен және қазіргі тілде түбір-қосымшаға бөлінбей бір бүтін бірлік ретінде қолданылып, басқа туынды сөздердің жасалуына негіз болған. Қ.Жұбанов бұл туралы: «Түбірдің де өлісі, тірісі болады. Мысалы: «күрес», «жарыс» деген түбірлердің соңғы «-с, -ыс» дыбыстары осы күні де тірі қосымша. Мұны «соқ» деген түбірге қоссақ, «соғыс», «айт» деген түбірге қоссақ, «айтыс» болады. Соңындағы «-с» үстеу болған соң, оның алдыңғысы түбір болмақ. Сонда, «күрес», «жарыс» деген сөздердің түбірі «күре», «жар» болып шығады. Бірақ, қазақ тілі бүгінде күресу, жарысу мағынасындағы «күре», «жар» деген түбірлерді білмейді. Сондықтан бұларды өлі түбірлер дейміз», -деген еді [2.167]. Ғалым тілімізден қосымшалар тірі түбірлерге кірігуімен қатар өлі түбірлерге де кіріккен күйде кездесетіндігін айтқан. Қ.Жұбанов мектеп мұғалімі Ж. Жолаевқа жазған хатында мағынасы күңгірттенген осы ілкі (өлі) түбірлерді оқушыларға түсіндірудің маңыздылығын ашық айтады. Ол: ...өлі қосымша, өлі түбір 5-класқа ауыр соғатын сияқты, - депсіз. Сенбеймін, меніңше бұларды оқытпасаң, ауыр соғатын сияқты. 5-класқа түбір мен қосымшаны оқытпасаң, бала тұрып “ұят, оян” деген сөздердің түбірі қайсы деп сұраса, не дейсің? “Ұят” тұтас түбір десең, “ұял” болғанда -т -ның орнына -л, “оят” болғанда -т келіп -н-ның орнын қалай алды демей ме? Сонда ұят-тың түбірі -өлі “ұя”, -т есім жасаушы (киіт, құрыт сияқты) өлі қосымша; оят –тың түбірі – өлі “оя”; мұндағы -т “қарат” дегендегі сияқты өзгелік етістің тірі қосымшасы деп шыныңды айтқан оңай емес пе?”дейді[2.145]. Бірақ ғалымның бұл ойы мектеп грамматикаларында қазіргі уақытқа шейін толық шешімін таппай отыр. Түркі тілдеріндегі түбірлердің құрылымы мәселесі императив тұлғалы етістіктердің өлі түбірлеріне де қатысты. Біріншіден, екі буынды императив етістіктер, бұйрық райдың басқа да түрлері сияқты, жүйелі де дәстүрлі модельдер арқылы жасалған ұзақ дәуірдің жемісі; екіншіден, бұл етістіктің құрамындағы сан алуан өлі түбірлер – фикция (жаңсақ) емес, өзіне ғана тән заңдылықтары бойынша пайда болған, оның ішкі де сыртқы факторларының әсерінен әр кезде, даму жолының әр түрлі сатысында, әр қилы себептермен өз еркіндігінен айрылып, белгілі бір үлгі-модель шеңберімен шектелген, сондықтан мағынасы ұмыт болған бір замандағы дербес түбірлер [3.10]. Қазіргі уақытта осындай императив тұлғалы етістіктердің кейбірінің бойындағы морфологиялық элементтердің жігі толық немесе жартылай болса, кейбірінің ізін мұқият зерттеу жолымен ғана қайта қалпына келтіруге болады. Қ. Жұбанов етіс тұлғаларында осындай кей етістіктердің өлі түбірге айналған деректері кездесетінін атап өтеді. Оған мысал ретінде “айт, қайт” етістіктерін алады. Ол айт құрамындағы –т өзгелік етістің жұрнағы, бұрын “Ол айды (Ол сөйледі)” түрінде келген, мұндағы -ды ұ болған, яғни ұ- болу деген сөз. Бұл бүгінде жойылған” деп көрсетеді [2.145]. Демек, Қ. Жұбанов түркі тілдеріндегі түбірлердің грамматикалық құрылымы мәселесін терең қарастырғанын байқаймыз.

Сонымен қорыта келе, Қ.Жұбанов морфология мәселесіне үлкен мән беріп, зерттеген. Ғалымның осы мәселеге арнап жазған зерттеу жұмыстарының зор маңызы бар. Оны осы күні пайдалануымыздан байқауға болады. Профессор Қ.Жұбановтың морфология мәселесі бойынша зерттеулері біздің қазіргі оқып жатқан ғылыми морфологиямыздың теориялық жағын қалыптастырудың бастауы болатын. Профессор С.М.Исаев өзінің грамматика мәселесі жөніндегі ғылыми мақалаларында Қ.Жұбановтың әлі де терең жатқан ойларын жан бітіре зерделеп, болашақ зерттеушілерге талдау жасаудың тың жолдарын көрсете білгенін байқаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Исаев С. М. Қазақ тілі жайында ойлар. - Алматы, 1997.- 223 б.

2.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: «Ғылым», 1999.- 581 б.

3.Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі өлі түбірлердің морфологиялық сипаты жайында// «Жұбанов тағылымы-VІІІ:Қазақстан түркі өркениеті тоғысында» халықаралық ғылыми конференция материалдары. –Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы ӨМУ, 2014.



С.М. Исаев Абайдың қара сөздеріндегі функциялық жұрнақтар жайында

Аида Қайырбекова

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Ж.К.Отарбекова

Сейілбек Исаев – қазақ филолог-ғалымдардың ішіндегі көрнекті тұлғалар дың бірі. Ғалым қазақ тілінің, қазақ әдеби тілінің тарихы саласының үлкені маманы болып қалыптасып, тіл білімінің басқа да проблемаларымен шұғылданған. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы мен тарихи грамматика мәселелері жөнінде байсалды еңбектер жазған [1, 20].

Ғалым С.М. Исаев қосымшалардың семантикалық сипаты, грамматикалық мәні мен қызметі жағынан басты қасиеттерін, өзіндік белгілерін тауып, талдай отырып, олардың ең алдымен морфема ретінде ең негізгі ерекшеліктерін танып біліп және сол арқылы тілдің грамматикалық категориясынан алатын орнын айқындап, шегін ажыратып, өз ішіндегі түрлерін нақты анықтаған. Қосымшалардың басты қасиеті, лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты – жаңа мағына, жаңа сөз тудыра ала ма, тудыра алмай ма деген критерий. Сөзжасам қосымшасы мен форма тудыратын жұрнақтардың айырмашылығы бар. Сөзжасам қосымшасымен салыстырғанда, форма тудырушы жұрнақтар белгілі топтағы сөздерге түгел жалғана алып, грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категорияның тұлғалық көрінісі болып табылады. Жалғаулар да өзі жалғанған сөзге грамматикалық мағына ғана үстеп, грамматикалық категорияның тұлғалық көрінісі болады [2,95].

С.Исаев қосымшаларды мағыналық жағынан топ-топқа бөліп қарастыр- ған: 1. бір мағыналы және көп мағыналы қосымшалар; 2. синоним, антоним қосымшалары; 3. омоним қосымшалар; 4. функциялы қосымшалар[2,96].

Тілімізде кейбір қосымша арқылы жасалған сөздер сөздік құрамнан жеке мағына ретінде орын алып, өмір сүре алмай, тек белгілі контексте ғана қолданыла алатын уақытша сөздерді тудыратын қосымшалар функциялы қосымшалар деп аталады. Мысалы, алматылық жігіттер, бір кайнатым шай, таяқ тастам жер, бір көйлектік мата т.б. тіркестер құрамындағы көрсетілген сөздер осы контексте жұмсалады. Бұлар сөздік құрамындағы даяр тұрған туынды сөз де емес, сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынаста тұратын сөз формасы да емес, тек белгілі контексте ғана қолданылатын уақытша сөздер. Мысалы, Итті қонақ жараспас. Айтушы сен болғанда, іске асырушы мен болайын. Осындағы итті (ит-ті), айтушы (айту-шы), асырушы (асыру-шы) сияқты сөздер жаңа туынды ретінде жеке сөз болып қабылданбайды, тек сол сөйлем ішінде ғана немесе сол тіркес шеңберінде қолданылады [2,96].

«Олардың көпшілігі тек сөйлеу кезінде уақытша қолданылатын сөздік формаға жатады», сондықтан ондай форманттарды „уақытша сөздер деп қарамай, функциялық форма деп таныған дұрыс болар еді". (3.27, 28).

Функциялық қосымшалардың басты белгілері ретінде ғалым мыналарды көрсетеді:

- жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын өзгертуі, бірақ сөздіктің реестрлік қатарын құрайтын лексема жасай алмауы;

- жасалған сөзінің контекстік сипатта болуы;

- сөзжасамдық өрісінің кеңдігі;

- сөйлеу процесінде пайда болуы;

- форма тудырушы қосымшалардан кейін жалғануы;

- қосымшалардың көпқызметтілігі мен көпмағыналығының нәтижесі болып табылатындығы [2,99].

С.Исаев таяқ тастам, сүт пісірім, бір қайнатым деген күнделікті өмірдегі қолданыс сөздерді де функциялық қосымшалы сөздерге жатқызған. Қазақ халқында бұларды өлшем атаулары деп атайды. Осы сөздердің қатарын толықтырсам: бір асым ет, бір жұтым қымыз, бір тұтам қазы, бір ұрттам қымыз, бір үгім тұз, бір үзім нан, бір шөкім тұз, бір шымшым тұз, бір қайнатым (шай), бір салым шай, турам ет [4,96].

Тағы айта кететін жайт, ғалым функциялық қосымшалар қатарына мына қосымшаларды жатқызған:

-шы,-ші: айтушы және ұқтырушы , сөйлеуші, тұрушы, жинаушы, айғайлау шы, сыбырлаушы т.б.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік алматылық , қаскелеңдік, ақсайлық, т.б.

-лап, -леп, дап, -деп, -тап, -теп: апалап, аталап, ағалап, інілеп, Абайлап, Әсеттеп т.б.

-жатыс септік тұлғасының үстіне қосылатын -ғы, -гі: үйдегі, таудағы, даладағы, ағаш басындағы, үй ішіндегі [4,97].

Академик, Сейілбек Исаев, қазақтың мақтанышы, бір туар дара ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздерін кеңінен зерттеген болатын. Хакімнің ғақлияларын талдай отырып, мынандай функциялық қосымшалы сөздерді атап өткен: ептілік, кырмызылық, сыпайылық, шықпағандық, түзерлік, сақтарлық, сөзді ұғарлық, жақсы көрерлік, тиянақ қыларлық, үйір боларлык, құтқарарлық, мал шашарлық, кәсіп қыларлық, жау жаулағандық, тіленшілік, рақымдылық, мейірбандылық, байлаулық, қайратсыздандық, ұятқа терістік, күнәкерлік, масқаралық, естілік, қайғысыздық, мақтаншақтық. надан атанбастық, қорғауықтық, бәйіштілік, суретшілік, туралық, дүниелік, сертке тұрғыштық, білмектік, үйден шықпағандық, мұндайлық, қуанбақтық, арлылық, намыстылық [4,97].

Сөзжасам қосымшаларының бұндай функциялық қасиеті, олардың қолданылу аясы мен мағыналық шеңбері, жанрлық-стильдік бояуы жеке зерттеуді қажет етеді.

Абайдың қара сөздерінде ғалым атап өткен қосымшалардың ішіндегі –лық, –лік, –дық, –дік, –тік, –тық қосымшалары арқылы жасалған сөздер легі өте көп. Мысалы, –лық, –лік жұрнақтары арқылы:

Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда (1-қара сөз). Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған (8-қара сөз). Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ (8-қара сөз). Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді (9-қара сөз). Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар (16-қара сөз). Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді (8-қара сөз). Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді (40-қара сөз). Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық кайрат, жалын сөніп те қалған екен ( 9-қара сөз).

Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен?(10-қара сөз) [5].

Ал –дық, –дік ,–тық,–тік қосымшалары арқылы жасалған сөздер алдыңғыларына қарағанда азырақ. Мысалы: «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? (6-қара сөз) Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ (9-қара сөз). Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық (3-қара сөз). Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер (42-қара сөз). Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады (37-қара сөз) [5].

Ғалым Исаев С. жатыс септігінен кейін келетін –гі, –ғы қосымшаларын атап өткен болатын. Бұл функциялық қосымшалар Абайдың қара сөздерінде де көп қолданыс тапқан: Біреу біреудікіне келгенде үйдегі малының бәрін де айдап келіп, өз үйіне кісі барғанда бар малын далаға айдап жіберетұғыны калай? (40-қара сөз). Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен (15-қара сөз). Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» (7-қара сөз). Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді (3-қара сөз). Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді (44-қара сөз). Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады (43-қара сөз). «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп (39-қара сөз) [5].

–шы, -ші жұрнақтары арқылы жасалған сөздер Абай шығаршылығында мол қолданыстағы функциялық қосымшалар қатарына жатады. Мысалы:

Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз (2-қара сөз). Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз (3-қара сөз). Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? (10-қара сөз). Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен (17-қара сөз). Бәрін қылушыға қылдырушы өзі екен (28-қара сөз).Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен (15-қара сөз) [5].

Ғақлиядағы басқаларына қарағанда аз қолданыстағы қосымшалар –леп, –лап,–дап, –деп, –тап, –теп қосымшалары болып табылады. Бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздерге ғалым: апалап, Абайлап, ағалап деген сөздерді келтірген болатын. Ал қара сөздердегі мынандай қолданысқа назар аударсақ болады: Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды (7-қара сөз). Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ (25-қара сөз) [5].

Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы функциялық қосымшалардың барлық түрін дерлік қолданған. Ғалым Сейілбек Исаев еңбектерінде, функциялық қосымшалар жайлы сөз қозғаған кезде «Қара сөздерден» үлгі ретінде мысалдар келтіреді. Демек, мынандай тұжырым жасасақ болады: Абай Құнанбаевтың тілі ешбір ақынның тіліне ұқсамайтын ерекше, тек әдеби ғана емес, тілдік ерекшеліктерді де бойына жинаған көркем тіл.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Тілім деп өмір сүріп ем» Естеліктер. «Арыс» баспасы, Алматы 2000ж.

2. Исаев С. «Қазіргі қазіқ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» Алматы 2001ж.

3.Маманов Ы, Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері. А.,1973.

4.Исаев С.М. «Қазіргі қазақ тілі», Морфология. –Алматы, 2007. 340 б. Үшінші басылым.

5.Абай. Қара сөздері. – Алматы; Өнер, 2006. -124 бет.

Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері
«Қу бастан қыурдақтық ет алатын» тіркесінің мәні мен қолданылуы

(Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романы бойынша)



Әбдіманап Шыңғыс

Абай ат. ҚазҰПУ 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент М.Ә.Жүнісова

Қу бастан қуырдақтық ет алатын деген сөздің мағынасын ашу үшін алдымен Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген мағыналарына сүйенген едік: қу бастан қуырдақтық ет алатынжоқтан бар жасайтын адам деген тұтас беретін мағынасы берілген екен[1, 527].

Енді алдымен осы тіркестегі қу сөзінің жеке мағынасын қарастырайық:



Қу 1-мағынасы - иілген ұзын мойынды әдемі су құсы: аққу

Қу 2-мағынасы - кеуіп кеткен, құрғақ, әбден кеуіп кеткен, құрғақ.

  1. ауыспалы мағынасы- құрғыр, құрып кеткір.

2-ауыспалы мағынасы - опасыз,баянсыз, жалған,

қу басы- бір сөзі, қарақан басы

қу дала- елсіз, сусыз құла түз

қу ауыз- бардың өзін жоқ деп отыратын адам...

қу аяқ- залым, зымиан, сұмырай

қу бас- балалары өлген және бала көрмеген адам [1, 527].

Қу 3-мағынасы- темір, тас шақпақпен от тұтату үшін, арнайы мақтадан әлде сиырқұйрық сияқты шөптің бүрінен әзірлеп қойған зат.

Қу 4-мағынасы – 1) айлакер, амал тапқыш, 2) ауыспалы мағынасы - алаяқ, сұмырай.

Қу 5-мағынасы - 1) біреудің соңына түсу, жүгіру, 2) біреуді жүрген жерінен кетіру, 3) ауыспалы мағынасы - бір нәрсенің соңына түсу ынтығу [1,527].

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қу сөзінің мәнін ашу үшін осындай бес түрлі мағынада қолданылатыны айтылған.



Қу сөзі (заттық мағына) Иілген ұзын мойынды су құсы, аққу

Мысалы: Жыршы құстар әуелде өлең айтып

Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (Абай)

Сәуірде көтерілер рахмет туы

Көрінер көк жүзінде қаз қуы (Ы.Алтысарин)

Қу сөзі (сындық мағына) құрғап кеткен, қураған

Мысалы - 1: Қу шөптен басқа нәр жоқ далада бір

Түртініп тапқан әрең мал ғана азық

Мысалы - 2: Теңізге шығып бара жатып, осы аралдан отандық ағаш алуға тоқтады да, сармейіз тартқан қутеректі таңдады.



Қу сөзі (заттық мағына) Әбден кепкен шырпы.

Мысалы - 1: От керек болса, шақпақпен қуды тұтатып алып жаға қоямыз.(М.Әуезов)

Мысалы - 2: Пештің үстіндегі шақпақпен қуды тұтатып жинаулы отыннан алып, пешті жақты (Б.Момышұлы «Жауынгер»)

2. Ауыспалы мағ: Құрып кеткір, құрығыр

Мысалы 1: Баяғы жалғыз жортқан көп қасқырша өзімен-өзі ғана болып, қу жалғыздың күйін кешіп қайта көрді (М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»)

Мысалы 2: Менің өмірімді қойшы, қу соғыс өксітіп кетті ғой. (С.Мұратбеков «Дос») [2, 379]



Қу бас – Бала көрмеген не балалары өліп жалғыз қалған адам.

Мысалы: Баласы жоқ адамның әркімге ақы кетеді,

Байбөрі қу бас деген сүйегімнен өтеді. (Алпамыс жыры)

Қуырдақ сөзінің сөздіктердегі мағыналары мынадай екен:

Қуырдақ – туралып, майға қуырылып пісірілген ет тамақ.

Қуырдақтық – қуырдақ боларлық, қуырдаққа жарарлық [1, 531].

Ет 1) Тамаққа жарату үшін сойылған малдың тұтас етінің бөлшектері.

2) Адамның жалаңаш денесі.



Ет алды – семірді, қоңданды [2, 239].

Қу бастан қуырдақтық ет алатын – Өте сараң, жоқтан барды жасайтын адам туралы.

Мысалы: «Және қу бастан қуырдақтық ет алды дейтін қанды сүлік Әбділда болатын» (М.Әуезов) [2, 379]



Қу - (сындық мағ.) Айлакер, амал тапқыш, епшіл

Мысалы: Айсұлу да бір қу болып шықты, келісімімен-ақ Қасымбекті баурап алды.

Ауыспалы мағ: - опасыз, жалған, боямасыз.

Мысалы: Қу өмір жолдас болмас әлі-ақ өтер,

Өз күлкіңе қарқ болма бекер

Қу - (етістік мағ.) – қашқан нәрсеге жүгіріп жету.

Мысалы: Он адамды қалада қалдырып, қаруланған отыз милиционерді алып, кейкі бандының соңынан қуды. (М.Жұмағұлов «Қыран») [2, 381]



Қуырдақ –(заттық мағ.) майға пісірілген ет.

Мысалы: Не керек, бір сағат, жарым сағаттар шамасында қой сойылып, қуырдақ пісіп, шай келіп қалды. (Ғ.Қайырбеков «Ақ желкен») [2, 411]



Қу бастан қуырдақ алады – қу, айлакер, епті.

Мысалы: Жұрынбай болса қу бастан қуырдақ алатынның өзі. (З.Иманбаев «Қыран») (411-бет)



Қу жаны қуырдақ болды– жаны қалмады, бәйек болды.

Мысалы: Түгелбай танның атысы, күннің батысы қу жаны қуырдақ боп отырар еді-ау. (М.Құмарова «Қос шынар») [2, 411]



Қуырдақ2(заттық мағынасы) – Арам шөптің бір түрі.

Мысалы: Егіннің ішінде қуырдақ шығып, өсірмей тұр. [2, 411]



Қуырдақтық(сындық мағынасы) – қуырдаққа жарармақ, қуырдақ боларлық.

Мысалы: Қу бастан қуырдақтық ет алатын жігіт, - деді үнсіз келе жатқан Владимиров қазақ тілінде. (Ж.Тәженов «Жауынгер») [2, 6-том, 411]



Ет (заттық мағынасы) 1.Сойылған мал мен аң атаулының тамақ үшін бөлшектенген мүшесі. Мысалы: Қойдың етімен, майымен сапалы тамақтар жасалады (М.Ермеков «Қазақстан»)
Ет-2 мағынасы – Пісірілген ет, кәделі тағам аты, бесбармақ

Мысалы: Ат үстінде күн көрмей

Ашаршылық шөл көрмей

Өзен талып ет жемей

Ерлердің ісі бітер ме?! (Махамбет)

Ет-3мағынасы – Адамның жалаңаш денесі

Мысалы: Қара жерге қар жауар

Қарды көрде етім көр [2, 3-том, 459]

Ет алды – семірді, қоңайды,тойынды

Мысалы: Жайылым оты шүйгін болды да, бағылған құлындар жақсы ет алды [2, 3-том, 459]

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» профессор Б.Қалиев (Алматы, 2014)

Қу сөзі – қу құйрық, түлкі деген мағынада деп көрсеткен.

Мысалы: орамалға шашуын түйіп алып, асығып, Маймыл кемпір келіпті. Мәлін,борсық,қу құйрық ниеттерін білдіріп – бәрі де жем теріпті. (І.Жансүгіров)



Қу сөзден қуырдақ қуырған – Сөзбен қарық қылған, бірақ нәтиже жоқ, уәдені судай сапырған.

Мысалы: Сондықтан әлгіндей қу сөзден қуырдақ қуырған ағалардың әңгімелерін қызғанышпен тыңдаймын. (Ә.Асқаров) [3, 369]

Қуырдақ – қуырдақтың көкесі

Мысалы: Құранның бір ғана «фатиха» сүресіне әрбір маман сауатты оны өзінше бұрмалай берсе, қуырдақтың көкесін көрмейміз бе? [3, 370]

Тіліміздің тарихында дайын түрде ғана қолданылатын тұрақты тіркестеріміздің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» деп аталатын халқымыздың сөз саптауының тамаша үлгілері берілген аталған сөздікте осы сөздердің мағынасы былай көрсетілген екен:

Қу бас – жалғыз басты, баласы жоқ кісі. Көбіне кемпір шал туралы айтылады. Кей өңірде кәрілік келді дегенді қу бас жастанды дейді.

Мысалы: Ертең қозым келгенде

Серкем қайда дегенде

Мен сияқты қу бас шал

Иа деп жауап береді (Алпамыс батыр) [4, 460].

Қу бастан қуырдақтық ет алды – екі басынан ұстап, ортасынан тістейтін сараң туралы да, арам шөп туралы да айтылады.

Мысалы: «Және қу бастан қуырдақтық ет алды дейтін қанды сүлік Әбділда болатын» (М.Әуезов)



Қу жаны қуырдақ болды – күйіп пісті, жаны қашады.

Кенеттен болған сәтсіз іске күйіп- пісіп, қу жаны қуырдақ болмаса бар ма! [4, 461].

2007 жылы көпшілікке жарияланған Диалектологиялық сөздікте осы сөздердің төмендегідей мағыналары мен семантикалық өрісі жинастырылып қаралды.

Қу – (Қызылорда)- түсі ақ, тұмсығы қызыл, желкесінде жығасы бар, дуадақ сияқты, құйрығы қысқа, еті тәтті құс.

Қу – (ҚХР) - ағаш саңырауқұлағы [5, 464]

Қуырдақ – (Жамбыл облысы) шөптің түрі.

Мысалы: Егіннің ішіне қуырдақ шығып өсірмей тұр [5, 465]



Қуырдақ – балықтың қылқандарын алып тастап, өзінің іш майына қуырып істейтін тамақтың түрі

Жоғарыда қазақ тілінің сөздіктерінде берілген мағына сипаттары қаралса, осы мағыналарда және «Дарабоз» романының мәтінінде ғана сақталған осы сөздердің семантикалық өрісі бойынша 30 рет берілгені анықталды. Сөйтіп жазушы тілінде осы тіркестің контекстік мағыналары бірнешеу екені белгілі болды:

«Ертеңіне олардың үстіне Қабанбай батыр, Ақтамберді жырау, Боранбай, Қу дауысты Құттыбай билер бастатқан Найманның қалың тобы келіп ошырылды» [6, І , 9].

«Сөзге келгенде қу бастан қуырдақтық ет алатын, қызыл тілден бал тамызған небір шешендер бірінен соң бірі қамшы тастап сөйлеп жатты» [6, І, 15].

« - Ә, бәсе, қу Шағалақ, манадан осылай демейсің ба?!» [6, І, 37].

«Бұлардың ішінде Ақынбет-Сыбаннан – Ақтамберді, Еспембет, Қу дауысты Құттыбай, Мұрыннан – Боранбай, Матайдан – Шоңқай, Қызайдан – Есенгелді, тағы басқа да белгілі би, батырлар бар-тұғын» [6, І, 79].

«....әкесі Нар дауысты Нарынбайға ұқсатып, «Қу дауысты Құттыбай» атап кеткен»[6, І, 89].

«....Қаракерей ішінде Боранбайдан кейін сөз тізгінін ұстап жүрген талапты азаматтың бірі – Қу дауысты Құттыбай еді» [6, І, 89].

«Жұрт қымыз ішіп, қуырдақ жеп бола берген мезетте, даладан дабыр-дүбір сөздер естіліп жатты» [6, І, 124].

«Иә, осының бәрі тек көңіл тарлығынан емес, қу жердің тапшылығынан» [6, І, 164].

«-О, қу заман, қу заман! Ендігі көрсетейін дегенің осы ма еді?!» [6, І, 185].

«...дегенде, қу заманның түбі осылай құбыларын білген екен ғой!» [6, І, 185].

«Биыл көктемде Жоңғарияға Малайсары мен Қу дауысты Құттыбай бастаған қазақ елшілері барып қайтты» [6, І, 237].

«Қу мүйіз Қотан емші қалтасынан піл сүйегінен жасалған кішкентай таяқшасын суырып алып, ыдысқа матырған екен – қымыз бұрқылдап қайнап кетіпті» [6, І, 239].

«Енді бір жерден қақталған төстік, жаубүйрек, жаңа сойылған тайдың майлы қуырдағы да келіп қалды»[6, І, 243].

«Батырлар қымыз толы шараларды бастарына жиі төңкеріп, қара қуырдақ пен жаубүйректен де қарбыта асап жатыр»[6, І, 243].

«Ет келгенге дейінгі әрідекте әңгіме желісі тағы да алдағы жорық жайына ойысты» [6, І, 243].

«Тас қуырдақ, қарын қуырдақ, жау бүйрек, көмбе дейсіз бе, алдыңызға түр-түрімен самсатып қояды»[6, І, 258].

«Тас қуырдақ та, көмбе мен қарын қуырдақ та - әлі темір ыдыстар тарамаған, есте жоқ ескі заманда тараған тәсілдер ғой»[6, І, 258].

«Мұндайда жиірек қайталайтыны – қарын қуырдақ» [6, І, 258].

«Мұндай күндері жігіттер қос сайын көмбе, қарын қуырдақ жеп, жырғап қалады» [6, І, 258].

«Арада ет асымдай уақыт өткенде ашып алсаңыз, алдыңызда буы бұрқыраған «қарын қуырдағы» дайын тұрады...»[6, І, 258]

«Шағалақ қонақтарын ең алдымен қой етінен жасалған қарын қуырдақпен және күні бойы түйенің үстінде шайқалып, бетіне қаймақшып май сары қымызбен сыйлады»[6, І, 260]

«Алыс жолдан шөліркеп келген жұрт қуырдақтан қарбыта отырып, бір сүйретпе қымызды лезде тауысқан.» [6, І, 260]

«Қақталған не қазанға асылған ет емес, бұзылмай тұтас пісірілген «көмбе» [6, І, 260].

«...көмбенің сыртқы қабығы ет пен терінің жігімен қопарылып, бөлек-бөлек түсіп қалды» [6, І, 261].

«От неғұрлым мол жағылса, ет соғұрлым тез піседі»[6, І, 261].

«-Оу, хасақтар, басында ет қызумен келіп қалсаңдар да, сөйлесуге жүректерің шыдамай тұр-ау,шамасы!» [6, І, 287].

«Аман қалғаныңа шүкіршілік ет» [6, І, 290].

Қорыта келгенде айтарымыз, заманымыздың заңғар жазушысы Қ.Жұмаділовтың Қабанбай батырдың өмірі мен батырлығын суреттеген «Дарабоз» тарихи романындағы бір ғана сөз қолданысы аясында осынша семантикалық мән мағына өрбітуге болады. Романдағы көптеген сөздердің табиғаты мен танымдық жағын антропоөзектілік бағытта қарастырып, көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігіне тән өте қызықты оқиғалар мен тарихи деректер желісін, қазақ халқының сөз салтын, гендерлік, әлеуметтік, этнолингвистикалық тұрғыдан қарауды болашақтың үлесі деп білеміз.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет