Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар


Мерзімді баспасөз тілінің ерекшелігі



бет9/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Мерзімді баспасөз тілінің ерекшелігі

Жұмақаева Аделя

«№ 97 гимназия» КММ, 9-Б сынып оқушысы Қарағанды қ.,

Ғылыми жетекшісі: Жургимбекова Қ.Т.

Газет-журналда тілдің лексикалық құрамына енетін барлық сөз жұмсала бермейді. Баспасөз тілінің лексикалық құрамы сөз болғанда , ең алдымен байырғы сөздердің қолданылуы, белгілі шығарманың тіліндегі я жалпы тілдегі сияқты төл сөздердің орны, қолданылу салмағы, даму қарқыны ең бірінші орында тұрады. Өйткені қандай жазба шығарма болмасын, жалпы халықтық тілдің қол жеткен табыстарын, күнделікті өмірдегі қатынас құралының ең бір оперативті материалдарының бірі – байырғы сөздерді қолданбай тұра алмайды. [ 1]

Баспасөз тілінде байырғы сөздердің көрінісі, қолданылу салмағы өзіндей басқа категориялардың қай-қайсысынан да анағұрлым басым болады. Мысалы, «Орталық Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 23 қаңтарындағы санын талдағанда, байырғы сөздердің саны 61, 69 пайыз да, қолданылуы 68 пайыз болды. Бұл сандар айқынырақ болу үшін мына кестеге назар аударайық. Газеттің (8-бет) бұл санында 3880 сөз 10661 рет қолданылған. Сандар, нөмірлер, белгілер есептеленбеді.

Баспасөз тілінің лексикалық құрамы

Сөз саны

Жалпы сөз санына пайыздық қатынасы

Қолда

нылған сөз саны



Қолданылған сөз санының пайыздық қатынасы

1.Шеттен (орыс тілінен енген сөздер)

405

21,7

1600

17,9

2.Мағына өзгерісінің нәтижесінде жасалған жаңа сөз

208

9,7

924

12,01

3. Байырғы сөздерге қосымша қосылу арқылы жасалған жаңа сөздер

299

13,7

620

9,7

4.Кісі аттары, жер, су, ел, мекеме, мемлекет атаулары

368

14,5

814

8,75

5. Байырғы сөздер

2200

62,6

6700

68

Әрине, газеттің бір саны жалпы сол газеттің тілі туралы толық мәлімет бере алмайды. Дегенмен газеттің бір санында 10 мың - 12 ,5 мың сөз қолданылатыны, олар негізінен 3000-3400 сөздің көрінісі . Қолданылған сөздің басымы байырғы сөз категориясына тиетіндегі осы кестеден анық көрінеді. Байырғы сөздерді сөз таптары жағынан талдап қарасақ, қазіргі грамматикаларда көрсетіліп жүрген сөз таптарының бәрі де қолданылған. Баспасөз тілінде қолданылған зат есімдердің көпшілігі, негізгі сын есімдер , сан есім мен есімдіктер, үстеу сөздер, шылаулар, негізгі және күрделі етістіктердің көбі байырғы сөздер болып келеді.

Баспасөз тілінде қолданылған байырғы сөздердің өзіндік кейбір ерекшеліктері көзге түседі. Кейбіреуінің қолданылу аясы тар, сирек кездесіп отырса, енді бірсыдырғысы өте белсенді түрде қолданылып, жиілігі өте жоғары болып отырады. Олар- кейбір шылаулар, бірді-екілі сан есімдер, есімдіктер, зат есімдер, етістік сөздер.

Байырғы сөздер тобын құрайтын көптеген лексемалар баспасөз тілінде өздерінің бұрынғы лексикалық мағыналарының үстіне жаңа мағыналық реңк үстеп, қолданылу шеңбері кеңейе түскенін де көреміз. Олардың негізгі лексикалық мағыналары үлкен өзгеріске түспегенмен , баспасөз тілінде жиі қолданылуының нәтижесінде сөйлемдегі қызметі артып, жаңа сөз тіркестерін құрап, әдеби тілді дамытуда елеулі үлес қосып отырғаны байқалады. Мысалы, еңбек сөзі бұрыннан - ақ қолданылып, тілдің белгілі қажетін өтеп келгені аян. Мерзімді баспасөз тілінде бұл сөз бұрынғы мағынасынан айырылып қалған жоқ, сол мағынада қолданыла отырып, оған жаңа мағыналық реңк үстеліп қызметі, басқа сөздермен тіркесе алу қабілеттілігі артып отырғаны көзге түседі. «Орталық Қазақстан» газетінің бір-ақ санында (2016 жылғы 23 қаңтардағы) қолданылған сөз тіркестері осыған толық дәлел бола алады: еңбек өнімділігі артуда, еңбекті ұйымдастыру, еңбек адамдары, еңбегін жоғары бағалау, адал еңбек, еңбектің нәтижесін, қажырлы еңбек, еңбек жолында, еңбек озаттары, еңбек серпілісі, еңбекпен игілік көздері, еңбек ардагерлері, еңбек үлгісі, т.б.

Талданып отырған еңбек сөзі тілімізде көптен бері қолданылып келе жатқандығы даусыз. Өйткені еңбек үрдісі - ертеден белгілі құбылыс. Солай бола тұрса да, жаңа қоғамда еңбек үрдісі жаңа мәнге, жаңа мазмұнға ие болып, оған деген жаңа қоғамдық көзқарас қалыптасты. Демек, мерзімді баспасөзі бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерді сол күйінде немесе оларға жаңа мағыналық реңк беріп, тіркесімділік қабілетін арттырып, қызметін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды жаңа мағынада қолданып, жаңа сөз жасап та отырды. Тілде сөз жасаудың осы лексика –семантикалық жолы баспасөзде мықтап өркендеп, әдеби тілді дамытып, байытуға елеулі үлес қосып келеді. Орыс тілінен енген сөздер қазақтың мерзімді баспасөз тілінің лексикалық құрамының бір бөлігі ретінде санауға болады. Көршілес отырған бұл халықтар арасында мәдени- шаруашылық байланыстар дамып отырды. Ол сөздердің көбі саяси әлеуметтік өмірге, мәдениетке, оқу –ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым мен техникаға байланысты атаулар. Мысалы, трамвай, машина, электр, пьеса, факультет, театр, опера, конференция, революция, комитет, комиссия, т.б. Бұл сөздердің біразы орыстың төл сөзі болса, енді бірқатары, негізінен батыс халықтары тілінің сөзі, интернационадық лексика. Осы интернационалдық сөздер қазақ тіліне орыс тілі арқылы еніп отыр. Мысалы, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» 2016 жылдың егістік науқанына дайындықты бастады. Осы газетте тілші Мирас Асан «Сауалына - жауабы» деген айдарында саяси мақалаларында кездесетін терминдерді оқырмандарға түсіндіреді. Мысалы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында меритократия деген сөз. Меритократия дегеніміз («Лайықтылардың билігі», латынша meritus - лайықты) – билік басына, әлеуметтік ата-тегіне, байлығы мен кедейлігіне қарамастан, барынша қабілетті адамдардың келуімен сипатталатын басқару қағидасы.

Араб, иран тілдерінен енген тілдік элементтердің қолданылуы

Кірме сөздер мен тұлғалардың көбі белгілі бір кезеңдегі мерзімді баспасөз тілі шеңберінде қалып қойса, кейбірі әдеби тілге еніп, кейінгі жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тапты. Мерзімді баспасөз беттерінде араб, иран тілдерінен ауысқан ондай кірме сөздер тақырыбы жағынан әр алуан болып келді. Саяси-әлеуметтік өмірге байланысты низам, жамағат, куә, мүдде, мұрат, арыз, қарар сияқты сөзде, оқу-ағарту, медицина, күнделікті өмірге байланысты мәслихат, табиб, майдан тәріздес сөздер қолданылған. Бұл сияқты сөздер мерзімді баспасөз беттерінде алғаш жұмсалып отырған жоқ, тек негізінен баспасөз тілінде олар жаңа мағынада, мағыналық реңкте қолданылған. Мысалы, «Орталық Қазақстан» 23.01.2016, 2-б. «Кеше облыстық Әділет департаментінде баспасөз мәслихаты өтті.»

Баспасөз тілінде сөз қолданудың кейбір ерекшеліктері

Қазақтың әр кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде аударуға келетін, тіпті аударғанда дұрыс болатын сөздерді аудармай алу көп кездеседі. Кейде –ский, -ный, -ой қосымшалары да сол күйінде қолданылды. Қазақ тіліне аударуға болмайтын кейбір сөздерді қайтсе де қазақшалау тенденциясы Октябрь революциясынан бұрын шығып тұрған баспасөз орындарында жиі кездеседі. Бір ұғымды білдіретін вариант сөздердің саны тіпті кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында ұшан-теңіз еді. Мысалы, дипломат-шешен, жетімхана-балалар үйі, шойын жол-темір жол, отарба- поезд, документ- ыспаттама, лексика-сөз кені, т.б. Кейін келе тіліміз осындай қосалқы терминдерден арыла бастады. Терминдерді бір жүйеге түсіруде, қалыптастыруда халық ағарту комиссариатының жанына құрылған Акцентрдің атқарған рөлі зор болды. Төңкеріс, түпкі заң, кіндік, шойын жол, хұқық, отарба ,т.б. көптеген сөздер әдеби тілімізге ене алмады. Совет дәуірінің алғашқы кезеңіндегі баспасөз қабылдаған терминдердің көпшілігі қазіргі әдеби тіліне кірген даусыз. Ал қазір күнделікті қажет терминдерді іріктеп , мағынасын ашып беріп отыратын мемлекеттік терминологиялық комиссия құрылды. Сондай-ақ ғылым мен техниканың әр саласына байланысты термин сөздіктері жасалды.

Қосымша арқылы сөз тудыру үрдісінің дамуы



Әр дәуірдегі мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз тудырып, жандана түскен қосымшалардың бірі –шы, -ші жұрнағы. Бұл жұрнақ мерзімді баспасөз тілінде тек мамандықты, кәсіпшілікті ғана емес, адамның басқа қасиеттерін білдіреді. Мысалы, насихатшы, жетекші, ұйымдастырушы. Баспасөз тілінде бұл қосымша онша түбір талғап, сөз таңдап жатпайтынын да аңғарамыз. Соңғы кезде мерзімді баспасөз беттерінде осы қосымша арқылы спортқа байланысты көптеген жаңа сөздер туып, жиі қолданылып жүр. Ол сөздердің де тұлғалық құрамы әртүрлі болып келеді: спортшы,қорғаушы, жаттықтырушы, шаңғышы, конькиші, боксшы, төреші, қақпашы, шабуылшы, т.б. –Шыл, -шіл қосымшалары арқылы жасалған сөздер көптік, септік, жіктік жалғауларының бірі үстеліп, кейде зат есім болып та жұмсалады. Мысалы, жаңашылдар. Бірде зат есімнен зат есім, бірде зат есімнен сын еісм тудыратын –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалған жаңа сөздер де мерзімді баспасөз беттерінен айқын көрініп отырады. «Келе, аудандық газеттің жұмысына араласты.» Бұл қосымшамен тарихи жағынан төркіндес –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалған жаңа сын есімдер де мерзімді баспасөз беттерінен жиі ұшырасып отырады. Мысалы: «Сол Манекең жүріс –тұрысы көңілінен шыққан бауыры һәм баласы Төкенге кезекті бір барысында талай жыл киіліп, тері сіңген қызыл оюлы тақиясын сыйлаған ғой.»(О.Қ., №15, 23.01.2016,8-бет). –Лық қосымшасы қазіргі мерзімді баспасөз тілінде әртүрлі тұлғалы түбірге, төл сөзге, кірме сөзге де жалғанып, жаңа сөз жасауда үлкен рөл атқарады. Ол бір мағыналық дәлдік қасиет мысалдағы –лық арқылы жасалған мамандық, тиімділік, біріншілік , апталық , айлық, естелік сияқты сөздерде де болғанмен, бұлардың грамматикалық қызметі өзгеше, бұлар атрибуттық қызметтен айырылуының нәтижесінде дерексіз абстрактылы зат есімдер болып тұр. Сондай-ақ бұл жұрнақ жалқы есім сөздерге жалғанып, адамның мекенін, жерін, белгілі мекеме, ұйым, қоғамға қатысын білдіріп тұрады:өскемендік, қазақстандық, сібірлік, т.б.жаңа сөздер көптеп кездеседі. –Лық қосымшалы сөздің басқа сөзбен тіркес құрып, мерзімді баспасөз тілінде жұмсалуындағы бір ерекшелік – кейде -лық қосымшалы сөздің есімдермен емес, етістікпен тіркесіп, қимылдың, іс-әрекеттің атрибуты қызметінде қолданылуы. Бұл- негізінен осы қосымшаның мерзімді баспасөз тілінде ғана кездесетін ерекшелігі. Зат есімнен кішірейткіш мәнді зат есім тудыратын қосымшалардың бірі –ша, -ше арқылы да үздіксіз жаңа сөз жасалып отырғанын көреміз . Бұл қосымша негізінен төл сөздерге немесе төл сөз болып сіңісіп кеткен кірме лексемаларға жалғанады. Мысалы: «Ауылдың өркендеуіне негіз болатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бұрынғы Керегетас бөлімшесіне инвестор тартылуда.»(О.Қ., 23.01.2016, 3-б.) Баспасөз тілінде етістік түбірден есім тудыратын –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе, -ыш/-іш жұрнақтары арқылы жасалған жаңа сөздер де көптеп кездеседі. Мысалы: «мәлімдеме, үйірме, баспа, жазба.» . Баспасөз тілінде көзге түсетін сондай қосымшалардың қатарына етістік түбірден есім сөз жасайтын –ым, -ім, -м, -ман, -мен, -ыс, -іс , -с жұрнақтары да жатады: басылым, айналым, қосылыс, жазылыс. Жекелеген дара қосымшалармен бірге мерзімді баспасөз тілінде кейбір құрамды, күрделі жұрнақтар жаңа сөз жасап отырғанын көреміз. Олардың қатарына -шылық, -шілік (жетекшілік, жауапкершілік, кәсіпшілік). –Шылдық,-шілдік (соллшылдық, ортақшылдық) сияқты көптеген жұрнақтар жатады. Мысалы: «Ұзын саны 29 шаруа қожалығы болса, биыл тағы 5 шаруашылық өз жұмысын бастамақ.» (О.Қ., 23.01.2016, 3-б.)

Сөйтіп әр кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінің сөздік құрамына зер салсақ, онда сандық та, сапалық та жағынан байырғы сөздердің алатын орны зор екен. Қазақтың мерзімді баспасөзі байырғы сөздерді сол күйінде ғана пайдаланып қойған жоқ, ол сөздердің мағыналық жағынан өрістеп дамуына жаңа мәнге ие болуына да ықпал етіп отырды. Сондай-ақ қазақтың мерзімді баспасөзі қажетінше басқа тілден сөз алу үрдісін дамытып отырды. Жаңа ұғымдардың тасқындап келіп жатуына байланысты оларды атауда басқа тілден, әсіресе орыс тілінен, сөз алу үрдісі дами түсті.

Сонымен бірге баспасөз тілінде араб, иран тілдерінің әсері де, сол тілден енген сөздердің жұмсалуы да байқалып отырады.

Сөйтіп қазіргі мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз жасау үрдісінде қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктері негізге алынатындығы байқалып отыр.



Пайдаланылған әдебиет:

1.Исаев Сейілбек Қазақ тіл білімінің мәселелері , Алматы: «Абзал -Ай» баспасы, 2014


Сөзжасамдық тип пен үлгі терминдерінің ғылыми жұмыстардағы сипаты

ҚазМемҚызПУ. 3-курс студенті Л.Қазебек

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова

Сөзжасамның жалпы теориялық мәселесіне сөзжасамдық тип мәселесі жатады.Бұл мәселе 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген морфологияда алғаш рет көтеріліп, сөзжасамадық тип термині тұңғыш рет ғылыми айналымға түскен. Аталған морфологияда мынадай мағлұмат берілген.

«Сөзжасамдағы ең негізгі ұғымның бірі – сөзжасамдық тип. Сөзжасамдық тип тілде жаңа сөз қалай жасалатынын көрсетеді,өйткені ол - әр сөз табының туынды сөздердің жасалу үлгісі. Сондықтан сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі элементіне жатады. Тілдегі туынды сөз атаулы сөзжасамдық тип арқылы жүзеге асады, одан тыс жасалған сөздер өте аз» .

Тілдегі туынды түбір сөз атаулыға қатысты сөзжасамдық тип мәселесін сөзжасамның маңызды мәселесі екенін көрсете отырып,онда сөзжасамдық типтің құрамының белгісі деп көрсеткен. Сөзжасамдық типті белгілеу,анықтауда оның төмендегі үш белгісіне сүйенген жөн: 1) негіз сөздің қай сөз табына жататынын; 2) негіз сөзбен туындының мағыналық қатысы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы. Мысалы:айтыс, соғыс, керіс, желіс, тегіс.

Бір сөзжасамдық типтің негізгі сөзі бір сөз табынан жасалады,бір тип арқылы жасалған туындылардың ортақ мағынасы бір түрлі жұрнақ арқылы жасалады. Сол туралы мына үзіндіні келтірейік: «Сөзжасамдық мағына арқылы бір тип арқылы жасалған туындыларға ортақ болады. Бір типтегі негізді сөздердің бәрі олардың негізгі сөздерінен ортақ мағыналары арқылы ажыратылады. Осы ортақ мағына сөзжасамдық типтің мағынасы деп аталады».

Морфологияда ортақ мағынаның ішкі ерекшеліктері болатынын да ескерткен. Жоғарыдағы талдаулар типте ортақ мағына мен сөзжасамдық формат бірлігі негізгі белгі екенін көрсетті. Алайда сөзжасамдық типтің ортақ жалпы мағынасы оның ішкі мағыналық ерекшелігі болуын жоққа шығармайды деп, соғыс, қоныс, табыс, өндіріс сияқты мысалдарды келтіріп,оларда уақиғаның аты, мекен, дерексіз ұғым, аты белдірілген деп оны төмендегінше қорытады: «Сөйтіп, ортақ мағыналы бір типке жататын негізді сөздердің ішкі семантикалық ерекшелігі болуы – тілде жие кездесетін құбылыс. Бір мағынаның түрлі реңкі болуы тіл орамдылығының бір белгісі болса, оған осы ерекшеліктер де жатады»

Бұлар – сөзжасамдық тип туралы бұл алғашқы жаңа деректер елеусіз қалған жоқ. Бұдан кейінгі сөзжасамға қатысты бар зерттеулерде сөзжасамдық тип мәселесіне назар аударыла бастады, бірақ бұл мәселеде ғалымдар жаңалық ашты деу қиын. Оны ғалымдар еңбегінен келтірілген үзінділерден де байқауға болады, бірақ ол еңбектер сөзжасамдық тип терминінің қолданысы, қалыптасу дәрежесін көрсете алады. 1998 жылы жарық көрген «Сөзжасамды оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері» деген еңбегінде З.Бейсенбаева сөзжасамдық типі туралы мынадай пікір айтқан: «Сөзжасамдық тип – сөз тудыру тәсілі мен сөзжасамдық мағынаның бірлігі, яғни, сөзжасамдық мағынасы ортақ, белгілі бір үлгімен жасалған туынды сөздер бір сөзжасамдық типпен берілуі мүмкін».

З.Бейсенбаева «Сөзжасамдық тип – сөзжасамдық ұяға кері процесс» деп санаған, бірақ сөзжасамдық ұя мәселесінің мамандары басқа пікірде. К.Құрманәлиев еңбектерінде сөзжасамдық тип терминін бірінші рет 1999 жылы еңбегінде қолданған. Онда ғалым сөзжасамдық тип мәселесінің қашан қолданысқа түскені және оны қолданған ғалым туралы, қандай мағынада терминнің қолданылғаны туралы мәлімет берілген. К.Құрманәлиев сөзжасамдық ұяда сөзжасамдық типті тануда бай тілдік деректерге сүйенген А.Н.Тихоновтың «Другое существенное свойство словообразовательного типа как основнойединицы – это вхождение его во все выщестоящие единицы словообразования; т.е. участия в иерархическом упорядочении системных отношении» деген сөзін келтіріп, демек, сөзжасамдық тип – сөзжасамдық ұялардан орын алатын тілдік құбылыс. Ол бір ұяға ғана қатысты тілдік құбылыс емес,әр ұядан орын алатын тілдік құбылыс болғандықтан, оны ұяның бір мәселесі деп қарау керек» деп санаған. Сөзжасамдық тип «Сөзжасам» оқулығына кіріп,сөзжасамның негізгі бір мәселесі ретінде танылады. Оқулықта сөзжасамдық типке мынадай анықтама берген:». Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.Мысалы, сын – сынақ, ат – атақ, жол – жолақ, т.б. Бұл – сөзжасамдық типке берілген бірінші анықтама. Оқулықта сөзжасамдық типке төмендегідей түсініктеме берілген. Сөзжасамдық типтер арқылы жүзеге асады. Яғни, туынды түбір атаулы сөздерден белгілі сөзжасамдық тип жасайды.Ал, негіз сөздер түрлі сөз табынан болуына, олардан туынды түбірлердің түрлі жұрнақтар арқылы жасалып, түрлі мағына жасалуы тілде сөзжасамдық типті туғызады. Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде, т.б.Бұл мысалдың бір сөзжасамдық типке жататынын айтып, оның себебін түсіндіреді.

Сөзжасамдық тип терминінің қалыптасуына сөзжасам оқулығы қызымет етеді. Соңғы кездегі еңбектерде сөзжасамдық тип қолданыла бастады. Мәселен, Б.Есемсейітов, Б.Таңсықбаева, Н.Шеңгелбаева еңбектерінде сөзжасамдық тип термині қолданылған. Мәселен, Б.Есемсейітов Сөзжасамдық қатынас сөзжасамдық тізбектердің құрамындағы туынды түбір сөздердің сөзжасамдық мағынасы мен сөзжасамдық типтер бойынша өрбиді. Осы тұрғыдан келгенде, сөзжасамдық тізбектер белгілі бір сөзжасамдық типтердің жиынтығын құрайды»деп сөзжасамдық тип терминін қолданған. Бауыржан Есемсейітов типтік сөзжасамдық тізбек деген терминді де қолданған. Мәселен, «Сонымен, бір сөзжасамдық тип құрайтын тілдегі сөзжасамдық тізбектерді жинақтап,типтік сөзжасамдық тізбек деп айтамыз. Бұл теарминді басқа ешбір еңбектен кездестірмедік.

Б.Таңсықбаева да еңбегінде сөзжасамдық тип терминін қолдаған, үзінді келтірейік: « Сөзжасам саласындағы соңғы жаңалықтың бірі – сөзжасамдық тип пен оны зерттеуде қолданылып жүрген модельдер теориясын. Зерттеу жұмысында бұл ғылыми жаңалық толық қолданыс тапты».

1989 жылы шыққан монографияда көтерілген жаңа мәселелердің бірі – сөзжасамдық үлгі. Сөзжасамдық үлгі термині де ғылыми термин ретінде бірінші рет ғылымиайналымға түскен еді. Монографияда сөзжасамдық үлгі мәселесінің мазмұны, мәні ғылымда толық анықталмай жүргенін жақсы айтқан, өйткені ол мәселе қазір де анықталды деуге әлі ерте. Жалпы тіл білімінде де сөзжасамдық тип пен үлгі деген терминдердің жігі анықталмай отыр. Бұлар синонимдер ретінде бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірде сөзжасамдық тип кең мағынада қолданылса, кейде оны керісінше қолдануда жоқ емес. Сондықтан бұлардың басын ашып алу керек. Монографияда ғылымда әлі толық анықталмаған жаңа мәселені көтеріп қана қоймай, оның мәнін ашуға талпыныс жасап, нақты тілдік деректер арқылы сөзжасамдық үлгілерджің сөзжасамадық типтен айырмасын өте анық көрсеткен.

Ғалым сөзжасамдық үлгінің типтен айырмасын бір сөзжасамдық типке жататын туындылардың әр түрлі сөзжасамдық үлгі арқылы жазылғанын нақты тілдік деректер арқылы дәлелдеген. Бір сөзжасамдық типке жаттатын туынды түбірлердің 4 сөзжасамдық үлгі арқылы жасалғанын дәлелдеу арқылы ғалым сөзжасамдық тип пен сөзжасамдық үлгінің айырмасын көрсеткен. Одан ғалым төмендегідей ғылыми қорытынды жасаған. Сөйтіп, жалпы бір кесте арқылы жасаған, бір типке жататын туындылардың іштей түрліше нақтылы сөзжасамдық үлгі арқылы жасалатын мысалдар анық көрсетті. Олай болса, сөзжасамдық типте жалпылық мән күшті болып, мағынасы кең болса, сөзжасамдық үлгіде нақтылық мән басым болады да, типтен гөрі ауқымы тарлау болады. Бір сөзжасамдық типте бірінеше нақтылық сөзжасамдық үлгі бола береді, керісінше бір сөзжасамдық үлгіде бірнеше сөзжасамдық тип бола алмайды. Туынды сөздердің үлгілерін анықтау арқылы сөзжасамддық типтік ішкі құрылымы, аумағы анықталады. Бір айналып келгенде, тілдің сөзжасамдық жүйесін анықтауға әкеледі.

Қазақ тіл білімінде осы маңызды сөзжасамдық үлгі мәселесі туралы алғашқы берілген мағлұмат осындай. Кейін бұл мәселе арнайы зерттелген жоқ, сондықтан сөзжасамдық үлгі термині көп қолданылды деп айту қиын.

Сөзжасамдық үлгі термині « Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында қолданылған. Бұл - әрине, сөзжасамдық үлгі терминінің қалыптасуына қолайлы жағдай. З.Бейсенбаева сөзжасамдық үлгі туралы төмендегідей мәлімет берген: Сөзжасамдық үлгі – туынды сөздің жалпы схемасы, қаңқасы. Ол туралы сөздің құрылымын айқындайды. Мұнда туынды сөздің сыртқы формалық материалдық жағы ескеріледі. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір сөзжасамдық типтің нақты жасалуының морфологиялық ерекшелігін сипаттайды. Сөзжасам үлгісінің негізгі белгілері: туынды сөздің жасалу тәсілі,негіз сөздің жасалу тәсілі, негіз сөздің лексика – грамматикалық сипаты және сөзжасамдық форматтың болуымен айқындалады. Осы белгілеріне қарай сөзжасам үлгісі негіз сөздің лексика – грамматикалық ерекшелігі мен негізгі сөзжасам тәсілінің бірлігінен тұратын туынды сөздің схемасы, үлгісі. Ғалымның сөзжасамдық үлгіге берген анықтамасы сөзжасамдық типке берген анықтаманың жалпылама сипаты болып шыққан. Бұл сөзжасамдық үлгі мәселесінің зерттелмегенін, анықтамағанын білдіреді. Сонымен, сөзтаптық үлгі – сөзжасамдық тізбек бойындағы сөздердің сөзтаптық құрылымын белгілейтін үлгі. Бұл термин де басқа еңбектерде кездеспейді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Исаев С.М. қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны, А., 1991,2003

2.Н. Оралбаева. Қазақ тілі сөзжасамы. А., 2002

3.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. А., 1999

4.Бейсембаева З. Сөзжасамды оқытудың ғылыми – әдістемелік

негіздері. А., 1998

5.Отарбекова Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамның жалпы

мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдер жайында. А., 2001

6.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989

7.Қазақ грамматикасы. А., 1998


Әнуар Әлімжанов повестеріндегі салт етістіктердің меңгеріле байланысуы

ҚазМемҚызПУ-дың 4-курс студенті С.Шерімбетова

Ғылыми жетекшісі: п,ғ,м аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова

Меңгеру туралы пікір айтқан түрколог-ғалымдарды іштей екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің шеңберін тарылтып, тар көлемде түсінетін болса, ал екінші топтағылар бұл мәселені кең көлемде түсінеді, яғни, бұл топтағылардың пікірінше, меңгерудің қатарына тек объектілік қатынастығы сөз тіркестері ғана емес, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері де жатады. Әрбір топқа енетін ғалымдар пікірлері жағынан ортақтас болғанымен, кейбір мәселелерді түсіндіруде өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, бірінші топқа енетін ғалымдардың бірі В.М. Насилов [1], А.А. Коклянованың пікірі бойынша, мезгілдік, мекендік, себептік мағынаны білдіретін септік жалғаулы сөздер меңгерілмейді, яғни мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста жұмсалады да, меңгерудін қатарына жатпайды [2]. Н.Т. Сауранбаев меңгерілетін сөздердің қатарына тек толықтауышты ғана қосады [3], осындай пікірді А.С. Аманжолов та қуаттайды [4]. Соңғы ғалымның пікірі бойынша, етістіктердін ішінен, негізінен, сабақты етістіктерді меңгереді. Пысықтауыштық катынастағы сөз тіркестері меңгерудің қатарына жатпайды, сондықтан да ол мұндай тіркестерді «септікті қабысудың» қатарына қосады.

Мағынасы жағынан топтастырылған етістіктерді өзара салыстырып қарайтын болсақ, салт етістіктердің көпшілігі көңіл-күйді, заттың қимылдық қалпын, қозғалыс-әрекетін білдіретін етістіктер болып келеді. Бірақ мұнда бір ескеретін жай, қозғалыс-әрекетін білдіретін етістіктердің барлығы бірдей тек көлемдік септіктерді меңгере бермейді. Мәселен, кеңістікті толығанан қамтитын бірқатар қозғалыс мәнді етістіктер табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, сабақтылық мағынаға ие болады.

Кеңістік қимыл-әрекеттің тура объектісіне айналғанда, түркі тіліндегі қозғалыс мәнді етістіктер барыс жалғаулы сөздің орнына табыс септігін меңгереді.

Қазақ тілінде кеңістікті толығынан қамтитын қозғалыс мәнді етістіктердің қатарына, қазу, кешу, айналу, аралау (кезу мағынасында), шарлау тәрізді етістіктер жатады. Мұндай етістіктермен мағынасы жағынан орайлас жатқан әлем, дүние, жер, тау, қала тәрізді көлемдік мағынасы бар зат есімдер болмаса, кез келген сөздер тіркеспейді. Мысалы: дүние кезу, су кешу, үйді айналу, әлемді шарлау. Суды беліне дейін кешіп, тынымсыз еңбек еткен балықшылар тұрмысы айтарлықтай емес-ті («Көгілдір таулар»). Ол үйді айналып, терезеге таман келді де тың тындаған адамдай: мелшиіп қалды («Қарасұңқар көпірі»).

Көлемдік мағынасы бар бұл тәрізді зат есімдер жоғарыда көрсетілген етістіктермен табыс жалғауы арқылы байланысқанда, кеңістіктегі қозғалыс-әрекетті білдіреді. Табыс септігінен көрінетін бұл тәрізді көлемдік мағына олардың салт етістіктермен, әсіресе қозғалыс-әрекетін білдіретін етістіктермен тіркесу барысында қалыптасты. Бұл процесс, біздіңше, тек табыс септігіне тән мағынаны өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ол тіркеске түскен қозғалыс мәнді етістіктердің мағынасына да белгілі дәрежеде әсер етті, яғни сабақтылық мағына үстеді. Мұны қазақ тіліндегі табыс жалғауын меңгеретін кезу, кешу, аралау, шарлау тәрізді қозғалыс мәнді етістіктер дәлелдейді.



Қазақ тілінде салт етістік қатарына жататын етістіктер саны алуан түрлі, бірақ осылардың барлағы бірдей меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрай алмайды. Басқа қыздар бұған қызғана әрі жабырқай қарап үн қатқан жоқ («Махамбеттің жебесі»).

Мәселен, еліктеуіш сөздер мен одағай сөздерден жасалған туынды салт етістіктер тек кейбір реттерде ғана болмаса, септік жалғаулы сөздерді меңгере алмайды. Осының өзі салт етістікпен салыстырғанда сабақты етістіктің меңгеру қабілетінің әлдеқайда мол екендігін дәлелдейді.

Қазақ тіліндегі салт етістіктер барыс, шығыс, жатыс, кейде көмектес жалғаулы сөздерді жетігіне алып, меңгеріле байлаңысқан сөз тіркестерін құрайды. Мұндай сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары болсын, немесе бағыныңқы сыңарлары болсын мағыналық жағынан біркелкі болып келмейді. Міне осының өзі бұл типтес сөз тіркестерінің әр түрлі қатынаста жұмсалып, алуан түрлі мағыналарды білдіруіне жол ашады.

Хиуаның хан сарайына жиналған ығай мен сығайлары бекзадалар, саудагер мен байлар Нұрболға оңынан да, соңынан да жұтына қарап, көздерімен ішп-жеп барады («Махамбеттің жебесі»). Бұл сөйлемнен байқағанымыздай объектіні тек сабақты етістік талап етпейді, сонымен қатар ол салт етістікке де тән. Яғни объектіні тек сабақты етістіктер ғана емес, сонымен бірге салт етістіктер де талап етеді. Міне, осындай тым кен ұғымды білдіретін объект сөзін сабақты етістіктер мен салт етістіктерді ажыратуға тірек етіп алғанда, оның табыс септігіндегі тура объектіні білдіру мәнін немесе табыс септігіндегі тура толықтауышты білдіру қасиетін айрықша бөліп көрсету қажет.

Сабақты етістіктер мен салт етістіктердің ара-жігін ажыратуда табыс септігіндегі тура толықтауышты негіз етіп алудың практикалық жағынан да мәні зор. Өйткені мағынаға аса бай етістіктер қолданылу ыңғайына қарай табыс жалғаулы сөздерді де, осымен бірге өзге септік жалғаулы сөздерді де қатарынан меңгере береді. Мысалы: Кітапты Асқарға берді. Баланы үйіне жіберді. Кітапты кітапханадан алды т.б. Міне, осындай қасиетіне ие етістіктерді сабақты. етістікке жатқызамыз ба, әлде салт етістікке жатқызамыз ба, болмаса екеуіне бірдей жатқызамыз ба деген сұрақтар студенттер мен мектеп оқушылары тарапынан жиі қойылады. Біздіңше, жоғарыдағы берді, жіберді, алды етістіктері табыс септігінен басқа өзге септік жалғаулы сөздерді меңгеруіне немесе талап етуіне қарамастан бұлар сабақты етістіктердің қатарына жатады. Өйткені бұл етістіктер ең алдымен кімді?, нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септігіндегі сөздерді қажет етеді. Ал бұлардың барыс, шығыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп беретін мағыналары  бер, жібер, ал етістіктерінің табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп беретін мағыналарының негізінде қалыптасқан қосымша мағыналар.

Сабақтылық, салттылық категориясы туралы пікір айтқан ғалымдардың үшінші бір тобы етістіктердің табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгере алатындығың немесе меңгере алмайтыңдығын негізге алады. Сабақтылық, салттылық қатегориясы туралы әңгіме еткен ғалымдардың енді бірқатары етістіктердің мағынасы мен олардың табыс жалғаулы сөздерді меңгере алу не немесе алмау қасиетін негізге алады. «Сабақты етістіктерді салт етістіктерден мағынасына және табыс жалғаулы сөздермен тіркесу қабілетіне қарай ажыратуға болады. Олардың объектіні керек ету-етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен тікелей ұштасып жатады. Олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады [5].

Ә.Аблақов бұл пікірді қостамайды. Ғалым оны былайша түсіндіреді: «субьекті мен обьекті арасындағы қатынас салт, сабақтылық категориясының өлшемі бола алмайды, өйткені салт, сабақтылық категориясы субьекті мен обьекті арасындағы қатынасқа емес, қимыл-әрекеттің обьектіге қатынасы арқылы айқындалады. Мәселен, Ол есікті ашты деген сөйлемді алатын болсақ, аш етістігінің сабақты немесе салт етістікке жататындығы ол деген субьекті мен есікті деген обьектінің аракатынасы арқылы айқыңдалып тұрған жоқ, бұл етістіктің сабақты екендігі оның табыс септігіндегі тура обьектіні қалап тұруы немесе оны меңгеруі арқылы айқындалып тұр. Бұдан сабақтылық, салттылық категориясының етіс категориясымен бір емес, оның өзіндік ерекшелігі бар екендігі келіп шығады. Біздіңше, салт, сабақты етістік категориясынан мынандай ерекшеліктері арқылы айқындалады:


  1. Етіс қатегориясының өзіне тән морфологиялық көрсеткіші бар болса; ал ондай көрсеткіштер салт, сабақтылық категориясында жоқ.

  2. Сабақтылық, салттылық категориясы әр уақытта тура толықтауышпен қарым-қатынаста тұруы немесе тұрмауы арқылы айқындалады. Бұл етіс категориясына тән емес.

  3. Сабақтылық, салттылық категориясы кимыл-әрекеттің тура обьектіге қатынасын білдірсе, ал етіс категориясы амалдың субьекті мен обьектіге қатынасын, керісінше, субьект мен обьектінің амалға қатынасын білдіреді, Осьшдай ерекшеліктері арқылы салттылық, сабақтылық категориясы етіс категориясынан ерекшеленеді [6] .

Сонымен етістіктердің салт, сабақты болып саралануы олардың меңгеру қабілетімен тікелей байланысты. Қимыл-әрекеттің обьектіге қатынасы етістіктің еептік жалғаулы сөздерді меңгеруінен байқалады.

Демек, сабақтылық, салттылық категориясы синтаксистік байланыс тәсілінен туындайтын меңгерумен және септік категориясымен тікелей байланысты.

Егер етістіктерді мағыналық жағынан топтастыратын болсақ, негізінен, адамның еңбек процесі, қимыл-әрекетін білдіретін етістіктер табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, сабақты етістіктер тобын құрайды да, ал адамның көңіл- күйін, қозғалыс әрекетін білдіретін етістіктер табыс, жалғаулы сөздерді қажет етпейтіндіктен, салт етістіқтер тобын құрайды. Бірақ бұларға етіс жұрнақтары жалғану арқылы салт етістік сабақтыға, керісінше, сабақты етістік салтқа айнала береді. Осының нәтижесінде етістіктер бір қалыпта қатып қалмай, толысып, ауытқып, меңгеретін сөзімен сабақтылық, салттылық байланыста болу арқылы ерекше икемділік қасиетке ие болады. Ыза қысқан хан орнынан көтерілді. Ақын Нұрболды жерден іліп ап алдына отырғызды. («Махамбеттің жебесі»).

Міне, осыдан келіп етіс категориясының меңгеру категориясымен тікелей байланысы келіп шығады.

Қорыта келгенде, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің жасалуы әркелкі екенін байқаймыз. Жазушы шығармаларындағы меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің табиғатын шамамыз келгенше талдауға тырыстық. Жалпы қазақ тілінде меңгеріле байланысқан сөз тіркестері ең көлемді түрде кездеседі. Барыс етістігінің әркелкі мағыналарының ішінен бірыңғай қозғалысты, қозғалыстың бағытын, тірелер нүктесін көрсететін түрлері барыс жалғаулы сөздерді меңгерген. Бар етістігі барыс жалғаулы зат есім, есімдік, есімше, тұйық етістік, заттанған сын есім, сан есімдерді меңгереді. Мысалы; Исатайға барды, маған барды, шақырғанға барды, оқуға барды, үшеуіне барды, Орынборға барды т.б. Жалпы меңгеру сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңарымен септік жалғауы арқылы (іліктен басқа) байланысу екені белгілі. Оның тілімізде көптеп кездесетіні де сондықтан болар.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет