Іsbn 9965-412-71-5 Иманғазинов М., 2009 кiрiспе а нтика



бет14/20
Дата31.12.2019
өлшемі1,83 Mb.
#54076
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Гераклдың скиф еліне қатынасы қандай?

2. Батырлық жырлардағы үндестіктер.

3. Арго есімінің Ясонға қатынасы қандай?

4. Пегас жылқысының мифтегі орны.

5. Беллер есімді қаһарманның шынайы аты кім?

6. Скифтің шешесі кім?

7. Колхида жеріндегі таңғажайып оқиғалар кімнің басынан өтеді?

8. ”Медея” трагедиясын қазақ тіліне аударған ақын?

9. Эллада деп аталу себебі.

10. Пеласгилер кімдер.


Әдебиеттер
1 Салғараұлы. Қ. Түркілердің шығу тегі //Таңшолпан. №1. 2001. 108-б.

2 Закиев М. “Татары: проблемы историй и языка”. Казань, 1995. С.22.

3 Әл-Машани А. Әл-Фараби және Абай: Көп томдық шығармалар жинағы. ІІ-том. Алматы: Алатау, 2005. 183-184-б.

4 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Екінші кітап. Алматы, 2004. 273-274-б.

5 Қошым-Ноғай Б.С. Тіл ұшындағы тарих (“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы”). Алматы: Жазушы, 2003. 110-б.

6 Кун Н.А. Ежелгi Греция мифтерi мен аңыздары. Алматы: Мектеп, 1979. 220-б.

Қосымша әдебиеттер
1 Уахатов Б. Алтын бастау. Алматы. 50-57-б.

2 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1958. 255-256-б.

IV

Фивандық және трояндық циклдардың әдебиеттегі Орны

K

аһармандық кезеңдегi мифографияның соңында айтулы екi ұлы шығармалардың циклымен жалғасады. Бұлар – фивандық және трояндық циклдар. Осы екi аңыздың негiзiне мифологиялық ой-қиялмен бiрге тарихи фактiлер де енген.

Фивандық патшалардың сарайында болған таңғажайып оқиғалар туралы-Кадмның тарихы, оның қыздары мен Эдип патшаның трагедиялық хикаясы жоғарыда айтылды. Оның жалғасы ретінде айтар болса, басынан өткен жайсыз оқиғадан кейiн Эдип өз еркiмен патшалықты тастайды да, балалары Этеокл мен Полиник ержеткенше билiктi Иокастаның бауыры Креонтқа қалдырады. Есейiп, ер жеткен ағайындылар патшалықты кезекпен бiр жыл сайын ауысып басқармақ. Бiрiншi болып таққа Этеокл отырып, келесi жылы уәдесiнен тайып, Полиниктi патшалыққа маңайлатпайды.

Бұл уақытта Сикионның патшасы Адрастың күйеубаласы болып үлгерген Полиник бауырының қылығына намыстанып, үлкен әскер жинап, соғыс жариялап, Фиваға аттанады. Адрастың өзi де бұл жорыққа баруға келiсiмiн бередi. Полиник Аргостың тақ мұрагерi Тидеймен бiрге бүкiл Грекияны аралап, өз әскерiне қосылып, Фиваға жорыққа аттануға шақырады. Оның туының астына Адраст пен Тидейден басқа Капаней, Гиппомедонт, Парфенопей және Амфиарай жиналады. Полиниктiң өзiн қосқанда Фивыға қарсы жетi қолбасшы әскерiмен бiрге шығады.

Қалың әскер жорыққа шығуға дайындалып жатқанда, соқыр Эдип қызы Антигонамен бiрге Грекияны аралап жүредi. Аттикада сәуегей Эдипке көрген азабының бiтуiне аз уақыт қалғанын хабардар етедi. Полиник те сәуегейге барып, бауырымен жүргiзген соғысы қалай аяқталатынын сұрғанда, Эдип кiмнiң жағында болып Фиваға келсе, соғыс соның пайдасына шешiлмек, деп жауап бередi. Болашағын ойлаған Полиник әкесiн iздеп тауып алып, өзiмен бiрге Фиваға жорыққа аттануын өтiнедi. Эдип ағайындар арасындағы қантөгiс, соғыстың тұтанғанына назаланып, қарғыс тiлеп Фиваға барудан бас тартады. Фиваға иегер Этеокл сәуегейдiң сөзiн естiп, нағашы ағасы Креонтқа Эдиптi қандай да бiр жолмен Фиваға әкелуге тапсырма бередi. Бiрақ патша Тесей Эдипке ара түсiп, Фива елшiлерiн қаласынан қуып жiбередi. Эдип екi ұлына наразы болып, екеуiне де қарғыс тiлеп, көп ұзамай өзi де о дүниелiк болатынын болжап кетедi де, Афины маңындағы Колондағы Эвменид бағына барып, сол жерде жарық дүниемен қоштасады. Ал Антигона Фиваға оралады.

Соның арасынша Полиник әскерiмен Фиваға жақын келедi. Этеоклға екi бауырлар арасындағы кикiлжiңдi бейбiт түрде шешу үшiн Тидей жiберiледi. Ақылға келмеген Этеокл Тидейдi зынданға қамап қояды. Бiрақ Тидей өзiн күзетiп тұрған 50 күзетшiнiң талқанын шығарып, өз әскерiне аман-есен оралады. Жетi қолбасшыдан тұратын әскер тобы Фиванның жетi қақпасының алдына орналасады. Соғыс басталып, алғашында шабуылдаушылардың айы оңынан туып, аргостық Капаней қала қабырғасына шыққаны сол едi, оны Зевстiң найзағайы түйреп өтедi. Шабуылға шыққандар ортасы толқи бастайды. Фивандықтардың еңсесi көтерiлiп, дұшпандарына соққыны күшейте түседi.

Этеокл Полиникпен жекпе-жекке шығып, екеуi де ауыр жараланып, мерт болса да, фивандықтардың рухы мұқалмай, шабуылдарын үдетiп, жетi қолбасшының әскерiнiң қатарын сиретiп жiбередi, араларында тiрi тек Адраст қана қалады.

Фивадағы билiк қайта Креонтқа ауысып, оның ұйғаруынша, Полиниктi сатқын деп жариялап, оны көмуге тиым салады. Этеокл мен Полиниктiң билiк үшiн күресi, Фиваға жетi қолбасшының жорығы, ағайындылардың тағдыры жөнiндегi миф Эсхилдың “Жетеудiң Фиваға жорығы”, Софоклдың “Антигона”, Еврипид пен Сенеканың “Финикиянкалар” атты трагедияларының негiзi болып құрылады.

Фиваға жетi қолбасшының жасаған сәтсiз жорықтарынан кейiн он жыл өткен соң, жеңiлген қаһармандардың ұлдары әкелерiнiң кегiн қайтармақ оймен Фиваға жаңадан жорыққа аттанады. Бұл жорық Эпигон (ұрпақтары) атты атаумен белгiлi. Шабуылға шыққан Эпигондарға осы жолы құдайлар тiлеулерiн берiп, көмек еткендiктен, Фива қаласы тып-типыл болып қирайды.

Трояндық цикл мифтерi гомерлiк “Илиада”, “Одиссей” поэмаларының негiзiн құрайды. “Гректердің “ерлік дәуірі” біздің дәуіріміздің бұрынғы ХІІІ-ХІІ ғасырларда, Гомер заманында болған”- дейді, Әлкей Марғұлан. Бұл кездегі гректер бақташылықпен де, егіншілікпен де айналысқан. Ел басқаратын кісілер “архонт” (ру басы) делініп, олардың жұрт билеу тәртібі “буле” (ру көсемдерінің кеңесі) арқылы жүрген (“Күлтөбенің басында күнде жиын”) сияқты. Қазақтағы секілді гректің ру басшылары да көбінесе соғыс мәселесін шешуге, дау-жанжалды бітіруге, не ас беруге жиналады. Бұл туралы Энгельс атақты жазушы Эсхилден мысал келтіріп, “Фибан кеңесінің” Етеокльге (ру басы) қалай ас бергені айтады. Гректер “жұрт жиылысын” агора деп атаған түрік мағұлдардың “құрылтайы” сияқты. Бұл жиылысқа келген жұрт тау басына шығып, “алқа қотан отырып” (умстанд) ақ киізге көтеріп хан сайлап, ел қорғайтын базилевстерге (басшыларына) қошамет айтады. Келген жұрт жиналысқа құрмет көрсеткенде, қолын көтеріп мерейлерін “уа” деп ұран шақырады. Қыпшақ, үйсіндерде еркек адам тегіс шеру болса, гректер де ұлыстың бар ер азаматы аламан сияқты болады. Олардың “базилевс” деп аталатын шеру басылары ескі қазақ руларына ұқсайды. Гомердің “Илиада” деген жырында “батырлардың батыры” деп аталатын Агамемнон Шыңғыс ханның Сүбітай, Жебелері, я Киев дәуіріндегі орыс халқының “Владимир қызыл күні” тәрізді. Сонымен Энгельс айтқан Гомер заманындағы гректердің ерлік дәуірі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы заманнан бері жасаған ескі қазақ руларының дәуіріне бірталай ұқсайды. Олардың әлеуметтік тіршілгі рушылдық, бақташылық тұрмысқа байланысқан. Бұл айтқан ерлік дәуірде ру сатысы гректерде “фратрия” болса, қазақ қауымында “ұлыс”, одан кейін ұлысқа кіретін рулар. Ұлыстың ұлы күні – рулардың жиылып мереке жасайтын күні. Энгельстің ескі грек қоғамы жөнінде айтқанына қарағанда қазақтың үш жүзі “үш ұлысы” “үш фратрия”екені байқалады.

Міне сахарадағы ертегі-әңгіме, эпос-жыр шығаруға негіз болған жұрттардан әлеуметтік жарысы осы тәрізді” дейді.

“Илиада” мен “Одиссей” поэмаларының авторы, шамамен біздің дәуірімізге дейінгі ХІІІ-ХІІ ғасырлар аралығында өмір кешкен, аты аңызға айналған атақты грек аэды (жырау) Гомер саналады. Ол ел сияқты, жер жыртып, мал бағып немесе басқа да шаруа жасап жан бағатын адам емес, өйткені зерттеушілердің пікірінше, ол көзі көрмейтін соқыр болғандықтан, тіршілігін ән-жыр айтып күн көрген. Көбіне кезбелікпен жүріп, Грекияның көп жерлерін жаяу аралап, тамаша эпикалық шығармалары – “Илиада” мен “Одиссей” поэмаларын жатқа айтып, халық арасына таратқанға ұқсайды.

Библия кітабындағы “Халықтар кестесі” атты оныншы тарауында, Нұқ пайғамбардың дүниежүзілік топан су басқан тұста аман қалуы және оның кейінгі ұрпақтары жөніндегі шежіре айтылады. Шежіреде Нұқ пайғамбардың немересі Гомердің ұлы (ұлы ақын аэд, “Илиада” мен “Одиссеяның” авторы Гомер болуы мүмкін), Нұқтың шөбересі Ашкеназ туралы айтылады. “По представлению творцов Библии, потомки Ноя были родоначальниками народов, которые и названы были по их именам. Имя “Гомер”, по мнению ученых соответствует имени “гимиррай” в клинописных текстах ассирийцев и киммерийцев греческих авторов. Имя же “Ашкеназ” соответствует клинописному “ашкуза” и греческому “скифы”. Киммерийцы, согласно такому толкованию, являются “отцами” скифов” – делінген.

Европа мен ресейлік ғалымдардың пікірінше, Гомер жөніндегі дау-таласқа әлі нүкте қойылған жоқ, бұл болашақтың еншісінде болғандықтан бүгінгі күннің қол жеткен ой-пікірін негізге аламыз.

Гомер жөніндегі пікір толастамайтыны анық, сонымен бірге Гомердің “Илиада” мен “Одиссей” поэмаларының да мәңгілік екені талассыз. Ал сол поэмалардың ішінде қазақ халқына тән этнографиялық, салт-дәстүр жайттардың суреттелуі көңіл қоярлық. Мәселен, “Гомердің “Иллиадасында” сақтар елі “бие сауушылар, бие сүтімен коректенушілер елі деп аталынады” (Гомер, “Иллиада”. М.-Л., 1935. 355-б.).

Иллиада” мен “Одиссея” ахейлік гректердің Трояға б.д.д. 1240 жылы жасаған жорығына байланысты жырланған (“Көне грек тарихы”. М., 1972. 67-б.). Сонда, б.д.д. ХІІІ ғасырдағы Троя патшалығы тұсындағы Қазақстан жерін мекендеушілер бие сүтінен қымыз жасай білген деп ұғу керек. “Иллиада” суреттелген теріден жасалынған дулығаның тарихи VІ-ХІV ғасырларға жататын археологиялық табылдылармен айқындалып отырғандығы белгілі. (“Көне грек тарихы”. М., 1972. 73-74 бб.). Олай болса сол тұстардағы Қазақстан тұрғындарының қымыз жасауы да тарихи шындық. Мұндай жағдайда скифтердің б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлар тұсында Сыр өңірі бойынан шығыс Еуропаға барып қоныс тебуі де тарихи шындық (Геродот, ІV, 11, 12). Яки қымыз дайындау тәсілі Еуропаға осы скифтер арқылы апарылғаны анық. Ал, Сыр бойында сақ (скиф) тайпалары бие сүтін тағам ретінде пайдалануды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, қазіргі замана игілігіне қосқан. Бұдан сақ-скиф-түрік этногенездік туыстығы айқын аңғарылса керек”- дейді, тарихшы-этнограф Әбсәлімұлы Төлеміш.Бие сауған байырғы жұрт пайдаланған ұлттық тағамдар және этногенездік тек” деген зерттеу мақаласында.

Трояндық соғыс б.д.д. ХІІІ-ХІІ ғасырларда болуы ықтимал, бiрақ бұл соғыс жөнiндегi аңыздар ауызекi мұраларда оншақты ғасырлар бойы құрастырылып, аэдтардың жеткiзу мәнерiне қарай әдеби-көркемдiк формаға айналып, тарихи фактiлер жалпылама, гиперболизациялық бейнелеулерге ұшырап, оларға да мифологиялық элементтер енген. Осы арқылы екi iрi эпикалық поэмалар пайда болды. Бiрi – әскери-қаһармандық “Илиада” мен тұрмыстық – ертегi тұрғысындағы, соғыстан отанына оралар тұста басынан таңғажайып оқиғаларды кешірген қаһарман туралы “Одиссей” поэмасы. Екi жырдың ең соңғы редакциясын, гректің атақты аэдының бiрi, жоғарыда аталған Гомерге телидi.

Ел кезiп жүрген жыраудың тарихи типтiк образы шығармада бiрде-екiлi жерде көрiнгенiмен, антикалық авторлар оны көбiне аңыздық, фантастикалық кейiпте бейнелейдi. Бұған қарғанда, антикалық дәуiрде де Гомер жөнiнде нақты дерек аз болғанға ұқсайды. Ежелгiлердiң көрсетiп кеткенiндей, Гомердiң отаны болуға жетi қала таласқа түскен, олар – Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос және Афина. Кейде басқа қалалардың аттары аталатыны – екi тармақты өлең жолдарының бiрнеше варианттарының өздерi тұрған елдi-мекендерiнен кездейсоқ түрде табылғандықтан осы ойға бой ұрған.

Ал негiзгi жайт – бастапқы көне кезеңдегi логографтардың жазып кеткен деректерi мен жазбаларынан Гомердiң Иос аралында қайтыс болғандығы талас тудырмайды. Ұлы жырау Гомердiң есiмi төңiрегiнде ежелгiлер көп дау тудырған. Бұл есiм сүйкiмсiздеу “соқыр” деген мағына беретiн сөз деп есептеген. Кейiнгi зерттеушiлер оның есiмiн әртүрлi етiп жорамалдаған, бiреулер оның есiмiн көп жыршылардың бiрiккен топтарынан құралған қысқаша аты десе, кейде ежелгi фракиялық жыраудың есiмi екен деген варианттар айтылды.

Осыдан барып, ғылыми ортада Гомер турасындағы “гомерлік мәселе” туындайды. Гомер жөнiндегi нақты деректердiң болмауы, сонымен бiрге поэмадағы қарама-қайшылық, әртүрлi стилистiк бояу мен сюжеттiк бiркелкiлiк iздерiнiң жоқтығы, ғылыми ортада “гомерлiк мәселенiң” пайда болуына, яғни “Илиада” мен “Одиссея” айналасындағы жинақталған проблемалар төңiрегiн зерттеу қажеттiгi, бiрiншi кезекте автордың кiм екендiгiн анықтау мәселесi туындады.

1664 жылы француздық аббат д`Обиньяк “Илиада” жекелеген бөлек эпикалық жырлардан тұрады, Трояны қоршау тек бiр ғана автордың шығармасы болуы мүмкiн емес деген ой тастайды. ХVІІІ ғасырда Европа әдебиетiнде классицизмнiң орнына романтикалық бағыт пайда болып, халықтық поэзияға, өткенге қызығушылық артқан тұста, “Илиада” мен “Одиссеяны” көне халықтың шығарған шығарма-лары, ал Гомер жинақталған, гректiң эпикалық шығармашылығының жалпы есiмi болуы мүмкiн деген пiкiр ұшқындайды.

ХVІІІ ғасырдың аяғында, бұл пiкiрдi немiс ғалымы Ф.А.Вольф қуаттап, 1795 жылы “Гомерге кiрiспе” атты кiтабын жариялайды. Еңбекте гомерлiк эпосқа нақты ғылыми мәселе қойылып, оның жүйелi түрде зерттеудiң негiзi қаланады. Вольф “Илиаданы” әр түрлi жырдан құралған мұра, оған әр уақытта көптеген ақындар атсалысып, солардың iшiндегi ең танымалысы Гомер болған деп, аргументтi дәлелдер келтiредi. Кейiнгi пiкiрiнде, Гомерлiк дәуiрде жазу-сызу болмаған, поэманың мәтiнiнде көптеген қарама-қайшылықтар бар деп атап көрсетедi. Алғашқы ойының фактiге жанаспайтыны – б.д.д. VІІІ ғасырда жазу-сызу болған, ал бұл поэмалар бұдан көп кейiн жазылған. Ал поэмадағы қарама-қайшылық пен композициялық байланыстардың жоқтығы жөнiндегi айтқан пiкiрiне қосылмасқа шара жоқ. Мәселен, “Илиаданың” V кiтабында Диомед деген кейiпкер Афродита мен Арестi жаралайды, ал VI кiтапта ол былай дейдi: “Мен ешқашан да Олимп құдайларына қарсылық бiлдiрмеген адаммын” дейдi. (Илиада, VI кiтап, 129-б.)

“Одиссейдiң” III кiтабында Телемах пен Ментордың кейiпiндегi Афина Пилосқа келiп, құрбандық шалуға көп адам жиналғаны жөнiнде айтылады. Көп ұзамай, мол жиналған халықтың орнында тек Нестордың отбасы тұрғанын көредi.

Композициялық байланыстардың болмауы туралы төмендегi мысалдарды келтiредi: “Илиаданың” III кiтабында соғыс себепкерi Елена Троя қабырғасының үстiне, трояндық патша Приам екеуi шығып, атақты ахейлiк қаһармандарды көрсетiп, таныстырады. Бұған күмән келтiруiнiң себебi – соғыстың басынан-ақ Приам әр ахейлiк батырды жатқа бiлетiн. “Илиаданың” III кiтабындағы Парис пен Менелайдың жекпе-жегi туралы жыр поэманың соңғы тұсында емес, керiсiнше бастапқы тұсында жырланғаны дұрыс едi.

VII кiтапта ахейлiктердiң жаудан қорғану үшiн қабырғаларды соғыстың басында емес, соғыстың оныншы жылы бастағандары мүлдем ойға сиымсыз.

Сонымен, Илиададағы бейнеленген кейбiр сюжеттер соғыстың 10-шы жылы емес, логикалық байланыс бойынша, ертерек суреттелуi кәмiл едi.

“Илиаданың” Х жырында Одиссей мен Диомедтiң түнгi мезгiлiнде жаудың қосына барып, ойран салғандары – сюжеттiң даму барысына айтарлықтай нұқсан келтiрген. Бұл эпизодты поэмадан арылтса, жырдың композициялық сапа-бiрлiгi едәуiр күшейер едi.

Аталмыш пiкiрлердегi жырдағы хронологиялық ағымның әрқилылығы, кейбiр мотивтердiң жөнсiз кiрiгiп кеткендiгiнен “Илиада” тек бiр адамның қолынан шыққан дүние деп айту қиынға соғады.

Гомерлiк мәселе бойынша шыққан дискуссиялық дау-талас екi негiзгi гипотезаға барып тiреледi: бiрiншiсi – эпос жеке-жеке жазылған шығарма деген аналитикалық көзқарасты қолдаған топ болса, екiншiсi поэманың бiркелкiлiгiн қорғайтын унитарлы көзқарасты қолдайтын топ пайда болады. Ф.А.Вольф аналитикалық теорияның жағына шығады.

Унитариялық топ бiрiншi қатарға шығарманың көркемдiк бiркелкiлiгiн алдыға тартып, ал кейбiр қарама-қайшылықтардың кездесетiнi-кейiнгi қосылған толықтыруларды аэдтар мен жыршы рапсодтардың “Илиада” мен “Одиссеяның” сюжетiне өздерiнiң ойынан кейбiр детальдарды кiргiзуi мүмкiн деген жорамал жасайды. Аналитикалық пен унитарлық топтардан басқа компромистiк теорияның да болғанын тарих беттерi жоққа шығармайды. Мәселен, сондай бiр компромистiк орта, эпосты үш-төрт адам құрастырып, алғашқы түп-негiзiне әр түрлi қосымшалар мен толықтыруларды әр деңгейдегi ақындар қосып, содан жырдың бiрiншi, екiншi, үшiншi редакциясы болатыны да сондықтан деген пiкiрдi халық ортасына салады. Бұдан басқа да теорияның өкiлдерi гомерлiк поэма “Кiшi эпостардан” құралған дейдi. Мәселен, Адольф Кирхгофф “Одиссея” төрт негiзгi бөлiктен тұратын әдеби мұра дейдi, бұлар: Одиссейдiң Калипсоға дейiнгi саяхаты, Калипсо аралынан Итакаға дейiн саяхаты, Телемахтың саяхаты, Одиссейдiң отанына оралуы (қайыршы кейпiне енуi және күйеусымақтарды жазалауы). Әрине, эпос жөнiнде айтылған көптеген пiкiрлердi тiзбектеуге болар едi, бiрақ солардың iшiндегiле-рiн сығымдап берсек, ой-ағыны мынаған тiреледi – жырды жеке Гомердiң өзi немесе бiр топ авторлар қатысып жазып шыққандығы.

Антика әдебиетi тарихының бiлгiрi, фундаментальды еңбектiң авторы, белгiлi ғалым И.М.Тронский және басқа да зерттеушiлер унитарлық теорияны жақтағанымен, қазiргi күнге дейiн Гомерлiк эпостың құрылу тарихына шешушi нүкте әлi қойылған жоқ деген пікірі ойға сыйымды келеді.

Гомердің “Илиада” мен “Одиссей” поэмаларының сюжеті қазақ ортасында ертеден белгілі. Оның кей сюжеттерінің ертегіде, батырлық эпостарда, аңыздарда кездесуі тегін болмаса керек. Айталық, “Алпамыс” жырындағы сюжеттер, амазонкалардың бейнелері, Посейдонның құдіреттілігі, жел құдайы Эол, жалғыз көзді Полифем, оқ дарымайтын Ахилл және тағы да басқа таңғажайып оқиғалар қазақ әдеби мұраларындағы берік орын алған. Ал поэмалардың толық мәтінінің аударылып, қазақ оқырмандарына “Троя сұрапылы және оның батырлары” деген атпен Алматы қаласы, “Жазушы” баспасынан 1974 жылы жарық көреді. Оны қазақшалаған танымал жазушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбекұлы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Гомердің “Илиада” мен “Одиссей” поэмаларының өлеңмен жазылып, эпикалық оқиғаларға қаншалықты үйлесім тауып тұрса да, көпшілік қауымның оқып-түсінуі үшін қиын болатын. Осы жайтты ескеріп, оны орыс тіліне ең алғаш рет 1952 жы-лы Е.Тудоровская “Одиссея” поэмасын аударып шықса, 1964 жылы академик И.И.Толстой мен К.С.Горбунованың басшылығымен “Илиада” прозалық қарапайым, қара сөзбен жарық көрген еді. Осы нұсқалар негізінде осы поэмалар қазақ тілінде аударылды. Ал тағы бір қысқаша нұсқасы 1979 жылы Н.А.Кунның “Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары” деген еңбекте қазақша жарық көрді.

Енді тікелей шығармаға келетін болсақ, Геллеспонттағы Трояның басты қаласы Илионда (Илион - Ил батырдың құрметіне қойылған есім. Зевстің ұлы Дардан мен плеядалар әулеті Электраның немересі – Трос болса, Трояның негізін қалаған оның ұлы Ил болатын. Сол себебтен де гректер Трояны Илион деп атайтын) Илдың немересі, Лаомедонттың ұлы, патша Приам мен әйелі Гекуба билiк етеді. Екеуі де бай, салтанатты сарайда тұрады. Троя Азиядағы ең көркем де мықты қалалардың бірі. Өйткені қамал қабырғасын құдіретті құдайлар Посейдон мен Аполлон салған еді. Олардың елу ұл-қыздары өздерімен бірге тұрады. Балаларының ішінде мейірімді және батырлығымен даңқы шыққан баласы Гектор еді.

Патша сарайында кiшi балалары Парис дүниеге келерде, Троянның құлауына осы ұлы кiнәлi болатыны жөнiнде сәуегейдiң (бір вариантында Паристің әпкесі Кассандра) сөзiн естiгеннен кейiн, қауіптенген ата-анасы жаңа туған нәрестенi Ида тауының алыс түпкiрiне апарып тастайды. Бақташылар кiшкентай баланы тауып алып, оны өздерi тәрбиелейдi. Парис Ида тауында өсiп, өзi де бақташы болады. Жас кезiнде жасаған ерлiктерi мен батырлығы үшiн, бақташылар оны “бiздiң қорғаушымыз” немесе “Александр” (“жеңімпаз еркек”) деп атап кетедi.

Жоғарыда атап өткенiмiздей, Зевс Прометейден теңiз тәңiрiсi Фетидамен некелесуге болмайтынын бiлген соң, оны қарапайым адамға қосу керек деген шешiм ұйғарады. Өйткенi, Зевс пен Фетида үйленсе олардан өз әкесiнен екi есе мықты ұл туып, Зевсты тақтан құлатуы мүмкiн деген болжам жасалады. (Болжамды білетін тек Прометей титан ғана. Құпияны ашпай, көкейінде сақтағаны үшін, талай ғасырлар бойы жапа шегіп, Скиф жеріндегі Кавказ жақпартасында бұғауланып тұрады. Ал оның бауырын шоқитын алып бүркіт екі аяғының орнында жылан Эхидна мен жүзбасты Тифонның перзенті. Түбі көңілі түскен Прометей, құпияны ашып, азаттық алады).

“Фетида–грек мифологиясындағы “теңіз перілерінің” (нерида) бірі, Нерей мен Дориданың қызы, Ахилл батырдың шешесі. Грек мифі оның, өзі өлімсіз болғандықтан, балаларын да өлімсіз етпек болып “шынықтырғандығы” (шыңдағандығы) жөнінде баяндайды. Бастапқы мифтерде Фетиданың, өз балаларының өлімді-өлімсіздігін анықтамақ болып, оларды табақтағы суға батырғандығы, нәтижесінде балалардың суға тұншығып, батып өлгендігі айтылады. Мен қазақ ертегілеріндегі “суда өкпе болып жүзіп жүретін” кемпір және қаспақ – мифологиядағы (төменгі мифологиядағы) жаңа туған баланың өкпесін (жанын, жүрегін) ұрлап алып суға тастайтын пері немесе албастының іс-әрекеттерінен де нақ осындай мотивті көремін. Фетида да, қазақ “кемпірі” де жаңа туған нәрестені (оның өкпесін, жанын) суға батырғанда оны өлтірейін деп ойламайды, қайта ерекше қасиет берейін деп ниеттенеді ғой.

Кейінгі мифтерде Фетиданың өз балаларын суда емес, отта сынап, шыңдағандығы айтылады, осындай әрекеттердің нәтижесінде де балалары өледі, тек Ахилл ғана тірі қалады (онда да әкесінің кедергі келтіруінің арқасында). Бірақ Ахилл да өлімсіз болып қала алмайды, өйткені Фетида, баласының өкшесін шыңдап үлгермей қалған еді (“Ахилл өкшесі”).

Міне, бұл жерде де Фетиданың қазақ ертегісіндегі “отты” кемпірмен ұқсастығы бар. “Отты кемпірдің” (сондай-ақ, Алып Қарақұстың) еренді жұтуының идеясы да – еренге ерекше, астам текті қасиет беру пейіліне негізделген”.

Мұндай адам айтқысыз, таңғажайып сюжеттер, яғни “суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін, оқ атса өтпейтін” кейіпкерлер көптеген халықтардың мифтік, эпостық әдеби мұраларында кездесетінін айтқан абзал. Батыс пен Шығыс халықтарының батырлық жырларында мұндай образдардың ішінде аса белгілісі – Фердоусидің “Шах-намесіндегі” Асфендияр, қырғыз эпосындағы – Манас, қазақ эпосындағы – Алпамыс, оңтүстік славян елдерінің эпосы – Марко Кралевич, Зигфрид, жоғарыда атап өткен “Илиададағы” Ахиллдың т.б. батырлардың ерекше қасиеттері арқылы дүйім халыққа танылды. Мәселен, Ахиллдің өкшесі ең әлсіз жер, Зигфридтің жауырыны, Асфендиярдың көзі, Манастың тек көйлекпен отырып, таңғы сәтте намаз оқитын шақта әлсіз болатынын білетіндер, қапысын тауып мерт етеді.

Мұндай мотивтер Кавказ елдеріндегі осетиндер мен қабардыларда, нарттарда да бар дейді, академик В.М.Жирмунский: “К таким “условно уязвимым” героям относится в нартском эпосе анодов северного Кавказа (осетин, кабардинцев и др.) богатырь Сосруко. Тело его было закалено на огне (как тело Ахилла) божественным кузнецом Тлепшем (или Девешем); мягкими остались только его колени, за которые держали богатырского младенца щипцы Тлепша. В это место поражает Сосруко волшебное колесо жаншарх (стальное колесо с режущими зубьями), коварно подброшенное герою другими нартами”.

Бұл мотивтің қазақ эпосындағы Алпамыстың бойында кездесуі – оның таңғажайып күйде дүниеге келуі, тәңірдің өзінің жаратуы себепкер болса керек. Ал басқа өзбек вариантында Алпамыс батырдың нәресте кезінде иығына Әли халифтың қолының табы тигендіктен, оның суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін, оқ атса өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін күйін көріп, еріксізден оны зынданға салады.

Ал осы Ахиллды дүниеге әкелген Фетиданы құдайлар кеңесiнде фессалийлiк Фтий қаласының патшасы, мейiрбандығымен аты шыққан Пелейге бередi. Пелей мен Фетиданың үйлену тойына ұмытылып қалған араздық тәңiрiсi Эридадан басқа құдайлардың бәрi де қатысады. Эрида өзiн тойға шақырмай, құрмет тұтпағаны үшiн, кек алмақ оймен, той қыза түскенде, дастарқан үстiне “ең сұлуға” деген жазуы бар алтын алманы (“яблоко раздора” – “араздық алмасы” әлем елдерiнiң ортақ әдеби терминiне айналған) қойғанда, үш сұлу Гера, Афина, Афродита әйел тәңiрлерiнiң арасында талас туады. Дау-дамайды басу үшiн, Зевс құдай әйелдердi, қолдарына алманы беріп, Гермеспен бірге Ида тауындағы Париске жiбередi. Мифтегі Эрида Түн тәңіриесі Никтаның қызы, Хаостың немересі. Осы алма үшін данайлықтар мен троялықтар арасында он жылдық “Троя соғысының” өрті тұтануына себеп болады. “Алма” сөзі түрлі халықтарда әрқилы айтылғанымен, оның түбірі біріне-бірі ұқсас келетінін айта кеткен жөн.

“Ал-ма” – қазақша атау, Ал басқа тілдердегі осы жемістің атауы қандай?

Ежелгі латын тіліндегі “алма” жемісі – “мала” түрінде аталған. Ертедегі римдік ақсүйектердің ас мәзірінен қалған “аб ово ускве ад мала”-“жұмыртқадан бастап алмаға дейін” деген сөз тіркесін алайықшы. Римдіктер тамақ ішуді жұмыртқадан бастап, алма жеумен аяқтайтын болған. “Ово” – “жұмыртқа”, “мала” – “алма”. “Мала”сөзі де абақ таңбадан шыққан: “ам-анг”> “ам-ан”>”ам-ал орны өзгертілмеген жеке буындардың палиндромы арқылы – “ма-ла” сөзі.

Герман, роман, кельт тілдеріндегі алма жемісінің атаулары да осы таңбаны оқудан шыққан:

Немісше –“апель”-“алма”: “ам-анг”> “ам-ан”> “аб-ал”> “ап-ал”> “апель”.

Ағылшынша “алма” – “эпл”: “ам-ал”> “аб-ал”>“ап-ал”> “эпл”.

Ирландша “абал”, валлийше-“афал”:“ам-ал”>“аб-ал”> “аф-ал”.

Орысша “яблоко”, бұл жерде түріктік сөз жасау ықпалы болған: “ам-ал”> “аб-ал”> “аблук”> “яблок(о)”.

Грек мифологиясында Адонистің Мелос деген досы болады. Адонис қаза болғанда, қатты қайғырған Мелос та алма ағашқа асылып өледі. Сол алма ағашын Мелостың құрметіне “мелос” деп атапты. Міне, осы мифтегі “мелос” есімінің латындық “мала”-“алма” сөзіне ұқсап тұрғандығы бізді таң қалдырамайды. “Ма-ла”> “ме-ло(с)”, яғни мифтің жасалуына ең алдымен есім сөз себепкер болған.

Ал сол Эриданың алмасының өсетін жері қиыр батыста. “Ол – Есперида (Гесперида) бақтары деп аталады, мұндағы есперидалар дегеніміз-қазақылап айтқанда–пері қыздар. Бұл қыздар Океан өзенінің жағасында, ғалам шетінде тұрады, әлгі мәңгі жастық шақты беруші алмаларды күзетеді. Мифтік сюжеттік-детальдық ұсақ-түйектеріне назар аудармай-ақ қойып, тек “ғаламның батыс шетіндегі “алма ағашы” мен “алма күзеткен қыздар” мотивтеріне ғана тоқталар болсақ, грек пен кельт мифтерінің типтік тұрғыдан ұқсас екендігін байқау қиын болмас. Өйткені екі мифтегі алмалар да батыс шетте өседі, екеуін де қыздар күзетеді. Сондай-ақ ертегілер мен мифтердегі “бір патшаның бағындағы ғажайып алма бағы, оның алмаларын үнемі шоқып – жеп кетіп тұратын құстар (қыздар), сол алманы күзеткен жігіттің қолындағы құстың қауырсыны” туралы сюжеттер де осы түсініктер қатарына жатады. Бұлардың барлығы да мифтік дамудың бір сатысында ежелгі абақ таңба мен "абақ ғалам" туралы түсініктердің естен шығарылып, таңбаның “алма” деп оқылуына қарай жаңа, “алмалық мифтердің” пайда болғандығын көрсетеді”.

“Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары” деген еңбекте бұл оқиға былай суреттеледі: “Әйел құдайлар мен Гермес, міне, енді Париске келіп тұр. Парис оларды көргенде шошып кетіп, қаша жөнелмек еді. Бірақ қиялдай жүйрік Герместен кім құтылмақ? Гермес қуып жетті де еркелете тіл қатып, алтын алманы ұсынды.

- Парис, мынау алманы қолыңа ал, – деді ол. Қарсы алдыңда тұрған үш әйел тәңірісін көрдің ғой. Алманы осылардың ішіндегі ең сұлуына бер. Әйел құдайлардың таласына төрелік айтуды Зевс саған тапсырған.

Парис абыржып қалды да, әйел құдайларға қарады. Сұлудың сұлуы қайсы – ажырата алар емес. Әйел құдайлардың қай қайсы да алтын алманы тек өзіне беруді дәлелдеп, жас жігітті сендіруге тырысады, керемет сыйлықтар береміз деп уағда етеді. Гера Европа мен Азияны түгел сыйлап, Афина әскери даңққа – жеңіс даңқына бөлемек. Афродита жер пендесі әйелдерінің ең сұлуын ұсынды. Найзағай құдайы Зевс пен Леданың қызы Еленены бермек. Афродита сыйлығын естіген сәтте Парис ұзақ ойланып тұрмастан, алтын алманы оның алақанына қондыра қойды.

Сөйтіп, сұлулардың сұлуы Афродита деп таныды. Осыдан бастап ол махаббат тәңірісі Афродитаның сүйіктісіне айналды. Афродита оған қандай жағдайда да көмекке келді. Гера мен Афина болса Паристі өлердей жек көріп, қастық ойлады.Троямен қоса бүкіл троялықтарды жек көрді, қаланы да, бүкіл халықты да құртпақ болды”.

Сюжеттегі алма жемісінің “Алма мотивінің” кездесуі әлемдегі көптеген халықтардың мифологиясында кездесетінін айта кеткен жөн. Мәселен, “осетиндік нарт эпосында нарт батырлардың түп атасы Уорхагтың ғажайып алма ағашы болады. Ғажайып алманың қасиеті кез-келген аурулардан жазады екен. Баққа су перісінің қызы Дзерасса аққу кейіпінде ұшып келіп, алмаларын шоқып жеп кетеді екен. Ахсартаг батыр осы қызды ұстап алады да, екеуінен нарттардың кейінгі ұрпағы өсіп-өнген екен.

Ал скандинав мифологиясында гректің жасартқыш қасиеті бар сияқты қасиетті алма бар. Олардың түсінігінше, жердің алғашқы тұрғындары–йотундардың (турстардың) біреуі Идунн деген қатын болса, оның ғажайып, жасартқыш алмасы болады. Тьяции деген алып бүркіт кейіпіне еніп, Идунның өзін де, алмасын да ұрлап әкетеді. Оған көмектеспек болған асс-тәңірие Локи болса сұңқар кейіпіне еніп, ұшып барып қыз (әуелі қызды жаңғақ тұқымына айналдырып алып) бен алманы қайтарып алып келеді.

Үнді мифологиясындағы Двипалар турасында “алма мотиві” бар. Двипа – “арал”, “құрлық” дегенді білдіреді, ол ғаламдағы материктердің атауы болып табылады.Осы құрлықтардың ішінде ең қадірлісі болып “Джамбу-двипа” материгі аталады. Осы құрлықтың атауындағы “джамбу”сөзі “алма ағашының бір түрі” делінеді. Джамбу – алма ағашы ғаламдық Меру тауының оңтүстік беткейінде өмір сүретін көрінеді.

Хатт және хетт мифологиясындағы жер асты дүниесінің күн тәңіриесі сипатына ие Вурунсему да қайнар басында өскен алма ағашы бар.

Кельт мифологиясында “Аваллон” деген ұғым бар. Аваллон – пәк адамдар аралы (остров блаженных), о дүние. Ол көбіне-көп қияндағы, батыс шеттегі аралдарға орналастырылады. “Аваллон” атауын “алма” сөзімен байланыстырып, “алмалы арал” деп аудару көне заманнан бері бар. Бұл-халықтық этимология. Кельт тілдерінде де “алма” сөзі “абал” (афал) деп айтылады. XII ғасырда ағылшын жылнамашысы Гальфрид Монмаут “аваллон” сөзін уэльстік фольклордан алып “алма аралы” (латынша – insuIa AvalIonis) түрінде жаңа әдеби циклға енгізіп жіберген”.

Қазақ мифологиясындағы “жұмақ алмасына” келетін болсақ, тарихшы-этнограф О.Жанайдаровтың пікірінше, “Алма” деген сөздің қазақ тілінде бұйрық райлы “тиіспе!” деген мағынасы бар. Ей, әйел, жақсылық пен жамандықты білу ағашында өсіп тұрған, тиым салынған жемісті “Алма!” – дейді де, оның неліктен солай екендігіне аз-кем тоқталып өтеді. “Қазақстанның оңтүстігінде жабайы Қара алма алқабы бар. Бұл бадам, долана және шетен аралас өскен елу гектарлық алма бағы. Мұнда алманың он сегіз сұрыбы өседі. Бір ғажабы, солардың бәрі бір тектен – ежелгі қара алмадан таралған. Онымен будандасқан апорт жақсылардың ішіндегі жақсы сұрып – Алматы апортына айналды! Ұлы мұздақ дәуірінде бүкіл солтүстік жарты шардағы алмалар үсіп кеткен. Аман қалғандары тек Ерен Қабырғаның Медеу сынды терең шатқалдарында және Шарынмен Ақсу сияқты өзендердің жағалауларында. Қара алма осы Ақсу өзенінің бойындағы Жабағылы деген жерде өседі.

Құдайдың Адам Ата мен Хауа Ананы осындай байырғы бақтардың біріне қоныстырғаны туралы аңыз бар. Шын мәнісінде, егер басқа жерлерде алма ағашы болмаса, демек алма болмағаны ғой. Ал мұнда алма болған! Оның үстіне нақ осы Ақсу-Жабағылы қорығында өте сирек құс-ұжмақ шыбыншысы мекендейді. Бұл құс неге бұлай аталады? Бәлкім, сол жер Бейіш бағы – адамзат тегін өрбітуші Адам мен Хауаның мекені болған шығар. Ақсу-Жабағылы шатқалы – жұмақ тұрған жер, ал оның саясындағы Қара алма тоғайы – Хауа жеп қоятын тиым салынған жеміс өсетін бақ болуы мүмкін. Қазірде осынау шын мәнісіндегі жәннат қойнаудан кетер алдында әйелдер осындағы ағаштан алма жұлып жеп, “Хауаның күнәға батуының” қалжыңды жорасын жасайды. Содан кейін, жергілікті салт бойынша, діңнің түбінде біздің арғы түп анамыздың табан ізі қалды-мыс дейтін екі шұңқыры бар тас жатқан бұтағына түрлі-түсті шүберек байлайды…” – дейді.

Енді қайта жоғарыдағы “Иллиада” поэмасындағы қаншама дау тудырған “алмаға” оралсақ, сюжеттегі негізгі кейіпкер Париске Гераның шексіз билік мен құдіреттілік, Азия мен Европаны сыйлап, Афина әскери даңқ пен атақ беретіне қарамай, өзіне адамзат ішіндегі ең сұлу әйел Еленаның асыл махаббаттын сыйлайтын Афродитаның қолына “ең сұлуға” деген жазуы бар алтын алманы ұсынып, өз таңдауын жасайды. Бұл эпизод, сөз жоқ, Абайдың “Масғұт” поэмасының сюжетіндегі оқиғаға дәл келеді.

“Масғұт” поэмасында да Қызыр баба Масғұтқа үш құдіреттің біреуін таңда дейді. Оның ішінде ер азаматқа керек – байлық, билік пен даңқ және әйел заты. Осының біреуіне тоқталып, өз таңдауын айтады. Ол таңдау да – әйел заты. Әрине, бұдан басқада ұқсастықтар көп. Соның бірі – Афродита қолында аса мол құдіреттілігі бар махаббат тәңіриесі болса, “Масғұт” поэмасындағы шал да тегін адам емес, ел ішінде жүрген пайғамбар Қызыр баба еді. Екеуінің де осы тәңіриелік қасиетіне қарамастан, жер басып жүрген пенделер Парис пен Масғұттың көмегіне жүгінеді. Парис (Парис Троя патшасы Приамның ұлы) өзінің шығу тегін білмей, Ида тауында мал бағып жүрсе, Масғұт та қарапайым жан иесі. Соған қарамастан екеуі ақылды да батыр, ержүрек, мейірбан қасиеттерімен көзге түседі.

Екі шығарманың тағы бір ұқсастығы – поэмалардың бас-аяғында екі құдірет иелері жер үстіндегі, өздеріне ілтипат білдірген пенделеріне қорғаныш болып, қолдау жасап жүреді. Бірақ соған қарамастан, таңдаулары әйел заты болғандықтан, екеуінің де тағдырлары жайсыз аяқталады.

Енді тікелей Абайдың шығармасының желісіне тоқталсақ, “Масғұт” поэмасының басында, шалды ұры-қарақшыдан аман алып қалғаны үшін, өз кейіпіне енген Қызыр баба оның осы қызметіне орай, қираған там ішінде үш гүл ұсынады. Біреуі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары. Осының ішінен бірін таңдап ал дейді.


Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар.

Егерде қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар” – дейді.
“Илиада” поэмасындағы Парис секілді Масғұт та көп ойланбастан, қызыл гүлді таңдап алады. Қызыр баба Масғұттан қызыл гүлді таңдауының себебін сұрағанда:
Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,



Деп едім,бір пайдасы маған тиер.
Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?

Хан – қаһар, қара халық қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?
Тегінде, адам басы сау бола ма?

Бойында тексерілмес дау бола ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет