Іsbn 9965-412-71-5 Иманғазинов М., 2009 кiрiспе а нтика



бет20/20
Дата31.12.2019
өлшемі1,83 Mb.
#54076
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Көк жалды арлан қасқыр шыға келді де,

Оғыз қағанға тіл қатты:

“О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың,

О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін” деді.

…Бірнеше күннен соң

Көк жалды арлан бөрі

Тоқтады.


Оғыз қаған да әскерімен тоқтады.

Мұнда Итиль деген өзен болатын.

Сол Итильдің жағасында,

Соғыс басталды.

Қаратау маңайында

(Екі) әскер арасында

Көп шайқас болды.

Көптің көңілі –

Қайғы-қасіретке толды.

Шайқастың аяусыз болғаны сондай:

Итиль өзенінің суы қып-қызыл қан болды.

Оғыз қаған басты (жеңді)

Үрім қаған қашты.

Бұдан кейін жырда Оғыз батырмен соғыспақ болған Урус бек (Орыс бек) туралы, оның баласы Саклаб қаланы өз еркімен бергені жайында, Еділ өзенінен Оғыз батырдың әскерін сал жасап өткізген Қыпшақ бектің тапқырлығы хақында, Қағарлұқ пен Калач бектер жөнінде айтылады.

Джурджит қағанмен болған соғыста Оғыз батырдың жеңіп шыққаны, оның үнді еліне, Тибет пен Сирияға жорықтары Масар қағанды бағындырғаны мейілінше тартымды сюжет негізінде суреттелді…”

“…Оғыз-наме” аңызында діни-мифологиялық элементтер едәуір орын алған. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдар өзін қоршаған табиғаттың дүлей күші жайында санқилы аңыздар шығарғаны мәлім. Сол рулық-тайпалық қоғамда адамдар тобының шығу тегін белгілі бір табиғат құбылыстарына немесе кейбір жануарларға тікелей байланысты деп қараған. Мәселен, алғашқы түрік қағандарының бірі “Ашин өзінің арғы ата-бабасы қасқыр тұқымынан тараған деп білген” (Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М.,1967, с.82.).

Оғыз батырдың жер қайысқан қалың қолын жоғарыда айтылғандай көкжал бөрі (қытайша “були”, ал түрікше “бөрі” деп аталады) бастап жүреді”- дейді профессор Немат Келімбетов.

Мұндағы аңызда оғыз батырдың үнемі жеңіске жетуінің себебі – көк бөріге байланысты. Көк бөрі Оғыздың жолбастаушысы да рухани қамқоршысы болса, Ромул да өле-өлгенше қаншық қасқырға табынып, оның басына тәу етеді. Ромулдың кейінгі ұрпағы айтылған аңызды жоққа шығармай, қаншық қасқырға ескерткіш орнатады.

Енді осы жоғарыдағы “Оғыз батыр” жырындағы Үрім қай Үрім, Ромулдың Үрімі ме, әлде басқа ма?

“Көне өркениет” деген еңбекке көңіл қойсақ, Рим (Рома) қаласының салыну уақыты жоғарыда айтып кеткеніміздей, б.д.д. 754-753 жылдар. Мифте қаланың іргесін Ромул салғандығы туралы айтылса, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген тарихшылардың айтуынша, Рим қаласы салынбай тұрып-ақ, орнында бұрынғы кезде адамдардың мекен еткен іздері, айғақтар табылған. Соған қарағанда, онда сабиндер, латындар немесе көне этрускілер мекендеуі әбден мүмкін. Зерттеушілер – Олжас Сүлейменов пен Серікбол Қондыбайдың пікірінше, “Рум” мен “Ұрымның” шығу тегі “Шығыс жақтан” Кіші Азиядан (Анадолыдан) шыққандығын көлденең таратады. Бұл пікірлерде айтылған ғылыми-теориялық гипотезаның бұлтартпас қағидалары еріксіз мойын бұрғызады.

“Аңыз Римді б.з.д.VІІІ-VІ ғасырларда басқарған алғашқы жеті патшаның есімін атайды, оның біріншісі, әрине - Ромул. Ал, осы жеті патшаның соңғы үшеуі этруск әулетінен шыққан болар деп жорамалданады, осыған байланысты Рим тарихында этрускілер үстемдік еткен заман да болған деген топшылау бар. Бірінші патша – Ромулды мифтік-аңыздық тұлға деп есептеуге болады, ал егер одан кейінгі 2-ші – 4-ші патшаларды да жартылай аңыздық тұлғалар деп бажайлайтын болсақ, онда Рим мемлекетінің басында тұрғандар (5-ші – 7-ші патшалар) – этрускілер деп есептеуге болады.

…Тарихи Рим (Рома) сөзі мен қазақы “Ұрым” сөзінің ұқсастығына қазақ зерттеушілерінің баяғыдан-ақ назар аударғаны айқын. Тек оны кездейсоқ ұқсастыққа балап мән бере қоймаған (О. Сүлейменовтен басқасы). Бірақ соңғы уақыттарда қазақ танымында көне түрік дәстүрінің кеңінен тарала бастауына сай Көкбөрі тұрпаты қадірлі символдардың біріне айналып кетті. Міне, осы тұста тарихи Рим қаласының салыну туралы аңыздағы қаншық қасқыр мотивінің болуына байланысты осы Римнің бөрісі мен көктүрік бөрісі арасында әлдебір байланыс болуы мүмкін бе деген сауал да туды, осы кезде баяғы рим-ұрым ұқсастығы актуальды мәселеге айналды. Егер шынында да Рим мен Ұрым ұқсастығы кездейсоқ болмай шықса ше?

Б.з.д. 754-753 жылдары салынған Рим (Рома) қаласының атауы да түріктің Ұрым ұғымымен байланысты, тек олардың сабақтастығы соңғы үш мың жылдағы тарихи уақытта емес, одан кейінгі гиперборейлік уақыттарда жатыр. Қаланы салушылар – этрускілер. Ал этрускілер тегі ежелгі троялықтармен (илиондықтармен), троялықтардың тегі, өз кезегінде Кавказдық гиперборейлермен байланысты”.

Үрім сөзі қазаққа көне дәуірден таныс болса, ата-бабаларымыздың үрімде болғаны, тіпті, қыз беріп қыз алысқан жәйтер этимологиялық сөздерде ара-тұра кездеседі. Мәселен, Әлкей Мағұлан бұл турасында былай дейді: “Осындай жермен қарым-қатынас болғанның елесі халық санасында әдемі сақталған. Қазақтың екі адамы жанжалдасса, бірін-бірі сөгіп: “Ұлың Ұрымға кетсін, қызың Қырымға кетсін” дейді. Бұл ер балалардың жауынгер болып, Румға (Византия) дейін барғанын, қыз балалардың Қырым, Мысырға ұзатылғанын көрсетеді”.

“Көне өркениет” деген еңбекте: “Этрускілердің Рим қаласының, Рим өркениетінің бастапқы тарихындағы орны ерекше. Римдіктер өз мифологиясындағы Сатурн, Сиьван, Юпитер, Юнона, Минерва, Церера, Либер, Либера сияқты кейінірек функциялық, сипаттық өзгерістерге ие болған кейіпкерлерді этрускілерден алған. Римдіктер этрускілерден абыздардың (авгурлар мен гаруспиктер) құстың ұшқанына қарап, найзағайдың түсуіне қарап, құрбан малының бауыры арқылы бал ашу өнерін үйренді. Егер этрускілермен таныс болмай тұрған кезде римдіктер өздерінің тәңірлеріне орман нуына, тауда, ашық алаңқайларда, алтарь арқылы табынатын болса, этрускілерден храм салуды үйренді. Храм салуды үйрену – көп нәрсені аңғартқандай. Қала салу практикасын да, қолөнер техникасын да этрускілерден үйренді. Римдегі қолбасылардың жеңісіне орай триумф ұйымдастыруды да үйреткен этрускілер. Рим ақсүйектері өз балаларын Этрурияға оқуға жіберетін болған. Сондай-ақ Этрурия арқылы Римге грек культтері мен мифтері де енген. Анықтамалыққа көңіл қойсақ этрускілер сөзі латынша еtrusci, tusci, грекше tursenoi, этрускілер өздерін rasna деп атаған. Антика дәуіріндегілер этрускілерді шығыс жақтан келгендер деп есептеген, яғни жоғарыда аталған қираған Троядан қашып шыққан Энейдің атымен байланысты.

Енді сол аты әлемге жайылған, “мәңгілік қала” Римнің құлауына басты себепкер болған, қазақ халқының арғы ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың европалық әдебиеттерде жазылған деректерге мойын бұрсақ.

Біріншіден, Аттила қазақтың Еділ батыры. Оның есімі тек европа ғана емес қазақтың көне жырларында үлкен орын алған. Оның есімінің айналасында тарихи деректермен бірге, көптеген аңыздар да бар.

“Ел аузындағы аңызда Еділ Рим империясын бағындырған соң: “Маған, яғни бүкіл түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен соғыспаймын”,-деп астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатып қоя береді. Алтынжал қалықтап аспанға ұшып кетеді. Иесіне керек уақытында келіп тұрған. Әрине, халық ұғымында батырдың тұлпардан айырылуы не босатып қоя беруі жақсы ырым емес…

Сол себепті Еділ батыр қаза болған соң өзі құрған империяның ыдырауы халық ырымын растайды. Аспанда жүрген Алтынжал анда – санда көрініп кететін болған. Әсіресе Еділ ұрпақтарын жоғарыда жүріп бақылаған. Еділ секілді батыр туғандай жағдай болса, қайтып келмекші болған. Әрине, тарихи шындыққа қарасақ, Еділ ұрпақтары Европа жерінде үш жүз жылдай үстемдік еткені рас. Еділ ұрпақтарының тасы өрге домалаған кезі Баян хан заманында еді. Алайда Еділдің тұлпары Алтынжалды халық “құйрықты жұлдызға” теңеп жырлаған. Сондықтан “құйрықты жұлдыз түссе, ақырзаман болады” деген ел ұғымы осы Алтынжал аңызымен байланысты екенін көреміз”-дейді, Аттиланы зерттеуші – ғалым, Самат Өтенияз.

Аттила ғұндардың көсемі, император, әрі ұлы қолбасшы. Оның өмір сүрген уақыты 400-453 жылдар. 448 жылы ғұндардың арасында болған грек жазушысы Приск, латын тілінде жазған гот жазушысы Иордан, француз және ағылшын зерттеушілері Еділдің түр-тұлғасына былай деп бейнелейді: “Оның бет-әлпетін көргендер нағыз азиат екенін айтпай-ақ біледі. Басы үлкен, өзі орта бойлы, мығым денелі. Көздері қысық, бірақ қараған жерін ойып түсердей өткір, жүрісі өте ширақ, сөйлегенде дауысы күмістей сыңғырлап өте жағымды естіледі…”. Оның сиынған діні Тәңір, яғни күнге табынатын болған. Сол Аттила дәуірінде көптеген халықтар оны “Құдай тоқпақ” деп атаған. Оның бір есімінің өзі айналаға ерекше үрей-қорқыныш туғызған. Сондықтан болар оны ағылшын тілінде - Cod skourde, яғни “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты” десе, француз тілінде - Fleu du Dieu, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, испан тілінде - Asote de Dios, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, неміс тілінде Die Gottgeibel, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, орыс тілінде - Бичь божий, “Тәңір құты”, түркия тілінде “Тәңірінің қыржабы”, қазақ тілінде - “Құдай тоқпақ”, яғни “Тәңірінің қамшысы” болмақ.

Ал оның есімі әр елде әртүрлі айтылады. Мәселен, испан тілінде - Атила, скандинавия халықтарының тілінде – Атли, ескі немістің батырлар жырында - Эціл (Etsel), қытай тілінде - Әтил, латын және көптеген Европа халықтарының тілінде – Аттила, Швеция, Дания және Фарер аралдарындағы халық балладаларында хун патшасы Артала деген есіммен белгілі болса, қазақ тілінде - Еділ батыр атымен халық арасына тараған.

Атының осыншама елдің ішіне тарағанда оның есімінің қаншама атау мен эпитетке толы болса, ол өзінің “дарынды қолбасшы, көреген көсем, әділ патша ретінде танытады. Ол Қыпшақ даласынан келген ата-бабаларының ұстанған жолына әділ болып, жаулап алған елдердегі қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермейді. Жергілікті халықтың талап-тілегімен санасады. Ғұндардың байырғы әдет-ғұрпы мен салт-санасын сақтауды қадағалап отырады. Аттила билік жүргізген кезде ғұндар империясының шекарасы Еділден бастап, қазіргі Франция жеріне жетті. Ла Манш бұғазында Аттиланың шекара күзетшілері тұрды. Ғұндар тағына Аттила отырған жылдары тарихшылар “ғұн империясының алтын дәуірі” деп атайды. Сөйтіп, бұл кезде Ғұн империясы өз дамуының шарықтау шегіне жетіп, ең жоғары сатысына көтерілген еді. Ғұндар империясы бүкіл Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткені мәлім. Соның нәтижесінде ғұндар бүкіл адамзат тарихында құл иеленушіліктің біржола жойылуына тікелей ықпал жасады”- дейді, профессор Немат Келімбетов.

Аттиланың шығу тегіне келсек, ғұндардың ІV ғасырда Қыпшақ даласынан Батысқа қарай әскери жорық жасаған мезгілінен бастаймыз. Алғашында ғұндар 450-480 жылдар ішінде Арал теңізі мен Днепр (Борисфен) өзені аралығын толық өзіне қаратқан соң, Мөде қағанның он бесінші атадан кейінгі ұрпағы Баламер Еділ бойында өз ордасын орнатты. Б.з. 347 жылдары гот тайпаларын жеңген соң, Европаға қарай бет алған ғұндар талай елді өзіне қаратып, алға қарай жылжыды. Баламер қайтыс болғаннан кейін, ғұндардың патша тағына Үлті (латынша Ульдис) патша отырды. Үлтінің тұсында ғұндар біршама әлсіреп, император Феодосияның әскерінен жеңіліп қалады. Үлтіден кейін Хун империясын Донат қолына алады. Кейін ол өлген соң патша тағы оның ұлы Чаратоға өтеді. Ал Руғиланың келуі Хун империясы едеуір күшейіп, V ғасырда өзінің тегеурінді күшінен бүкіл Европа елі қаймығады. Осыны пайдаланған Руғила тез арада қол жинап, өзінің елшісін Константинопольге елші жіберіп әскерден қашқан қашқындарын өзіне қайтарып беруін өтінеді, бірақ Шығыс Рим императоры оның сөзін мақұл алмайды. Руғиланың ендігі мақсаты Рим империясына шабуыл жасауды ұйғарады. Дунай өзенінен өтіп, Римнің талай жерін өзіне қаратады. Паннония провинциясы оның сыйлығы ретінде келсе, кейін бұл ел латын тілінде Хунгрия (Hungria), түбірі – хун, ғұндардың елінің негізі болып қаланады. Ал ол орыс тілінде Венгрия болып аталады.

Осы Хунгрия жерінде әскери қуаты күшейіп, оны көрген Рим империясы еріксіз келісімге келеді. Бірақ олар көп келісілген міндеттерді орындауға құлықсыз болып, жасырын, құпия түрде өз әскерінің де қуатын күшейте түседі. Кейін 433 жылы Руғила қайтыс болған соң, европалық ғұндар империясын Аттила мен Бледа басқарады. Себебі – Руғиланың екі інісі болса, бірі – Мундзук, оның баласы Аттила болса; екінші інісі – Оқтар, ал Оқтардың баласы Бледа болатын. Бледа 445 жылы қайтыс болған соң, бүкіл билік Аттилаға көшеді.

Аттила тұсында ғұндар империясы күшейіп, римдіктер Хун ордасымен келісімге келіп, достық қарым-қатынасты орнатуға күш салады. “430-жылдан бастап гүндерге жыл сайын алым-салық төлеп тұруға мәжбүр болды және оның мөлшері барған сайын өсе берді. V-ғасырдың 30-жылдарында Батыс Рим империясы гүндардың қоныстануы үшін Панонио провинциясын берді, оның үстіне, жергілікті тұрғындарға да солар билік етті. Гүн державасы әсіресе, V ғасырдың ортасында қатты күшейді. 447-жылы олардың көсемі Аттила Византияға шабуыл жасады. Балкан түбегімен жермен-жексен етті және астанаға қатер төндірді. Келер жылғы келісімнің арқасында теңіз жағалауындағы Дакия түгелімен гүндердің иелігіне көшті. Бұдан кейін Аттила батысқа жорық жасауға дайындалды” делінген “Ежелгі дүние тарихында”.

Жымысқы, жасарын саясат жүргізген римдіктердің жоспарын сезген Аттила түбі Батыс Римге шабуыл жасауға мәжбүр болады. Бірақ алдынан Рим папасы Леон бірінші өзі бастаған бір топ діндар адамдар шығып, Рим сенатының шешімін әкеліп тапсырады, онда былай делінген еді: “Аттилаға түгел бағынамыз, айтқанын істейміз, қазынаның бар байлығын береміз, тек ол қасиетті қала Римді өртемесін, бұзбасын” деген мағынада болатын. Бұл өтінішті қабыл алған Аттила қақапалары ашық тұрған қалаға кірмей, сапарын әрі қарай жалғайды.

Кей зерттеудегі Аттиланың Рим қаласын құлатып, оны тонағаны шындыққа жақын келмейді. Шын мәнінде, ғұндардан римнің таусылмас байлығын қызғанған герман корольдары 410 жылы Аларих бастаған әскер қалаға кіргеннен кейін, Рим империясы құлаған еді.

Бүкіл Европаны тітіреткен Аттила 453 жылы қайтыс болғаннан кейін, ол туралы рим әдебиетінде, тарихында оның өмірі мен қайталанбас образы жан-жақты жазылып, кейінгі ұрпаққа жетті. Ол турасында Самат Өтенияздың “Аттила” деген еңбегінде мынадай деректі ұшыратамыз: “1777 жылы неміс тарихшылары Бавиера архивін ақтарғанда латын тілінде жазылған бір қолжазбаны тауып алады. Бұл Аттиланың Галлияға жасаған бірінші жорығы” атты үлкен поэма болып шығады. Неміс тарихшылары бұд поэма VІ ғасырда жазылған деген тұжырымға келеді. Бірақ авторы белгісіз екен. Оны ХІІІ ғасырда бір кісі көшіріп жазыпты. Сол себепті бұл қолжазба жақсы сақталыпты.

Алғашқы рет оның жартысы (13 бөлігі), кейінірек қалғаны табылған. Бұл үлкен поэманың авторы тарихи оқиғаны дәл жеткізуге тырысқан. Көптеген деректер мен болған оқиғалардың бәрін жазып, сол заманның тарихын жазушылардың еңбектеріне негіз болған.

1780 жылы М. Фишер бұл поэманы Мюнхен қаласында көп тиражбен басып шығарады, Батыс Европа тарихшыларына бұл поэма Аттила мен Хун ордасы туралы көп мәліметтер береді.

Поэмада Аттила жорығы мен Хун ордасы туралы сол заманда көптеген ескерткіштердің болғанын дәлелдейді. Бірақ олардың көбі біздің заманға жетпей қалған. Сол сияқты поэмада Аттила мен хун тілінің көптеген сөздері берілген.

Поэманың кейбір жерлеріне Вергилий сөздерін кіргізген. Автор оны өзінің бір туысқанына арнап жазыпты, соған қарағанда, сірә, ол монах болуға тиісті.

Бавиера архивінен латын тілінде Аттила мен Хун ордасы тарихы туралы бұл поэманың табылуы неміс ғалымдары мен әдебиетшілерін керемет қуантқан үлкен олжалы оқиға болды”.

Скандинавия халықтарының әдебиетіндегі батырлар жырында Аттиланың образы біріншіден, әлемге танымал әдеби мұра “Эдда” жырында үлкен орын алады. Бұл жыр исланд халқының эпикалық жыр-толғауындағы жинақта “Эдда” жыры деген атпен белгілі. Оның негізгі мазмұны екі бөлімен тұрады. Бірінші бөлімінде мифтік және дидактикалық сарыннан тұратын жырлар. Екінші бөлімінде батырлық жырлар. Зерттеушілердің пікірінше, бұл қолжазаба ХІІІ ғасырда жазылған. Сол қолжазба Данияның Копенгагендегі Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Ондағы жырда негізі кейіпкерлер Сигурд пен Брюнхилда, Атли (Аттила) және Нибелунгілердің ажалы жөнінде оқиға жырланады. Сонымен бірге “Эдда” жырында “Сигурд туралы жыр” үшеу де, ал “Атли туралы жыр” екеу саналады. Аталған жырдың біреуі Исландия нұсқасы да, екіші жыр Гренландия нұсқасы деген атпен белгілі.

Екінші, ХІІІ ғасырдың ортасында жазылған көлемді жыр “Волсунга туралы сага” деп аталатын туынды “Эдда” жырының қара сөзбен баяндалатын мазмұннан тұрады.

Үшінші, “Эдда” жырын көркем прозамен жазған адам Снорри Стурлусон (1178-1241) исландиялық тарихшы, ақын, белгілі саяси қайраткер. Ол осы еңбегінде Нибелунга байлығының (“Рейн алтыны”) қысқаша тарихын айтып өткен.

Төртінші, жыр бұл ХІІІ ғасырдың орта шенінде жазылған “Тидрек туралы сага” деп аталады. Мұнда Берндік Дитрихтің толық өмірбаяны туралы аңыздардың жиынтығынан тұрады.

Бесінші, 1330 жылы жазылған “Норнагест туралы хиқаялар” деп аталатын ертедегі аңыздар жиынтығы. Норнагесттің әскери ерліктері жырланады. Жырдың кейбір бөліктері “Эдда” жырынан алынған.

Алтыншы, Скандинавия халықтарының балладалары. Мұнда Дания, Швеция және Фарер аралдарындағы халық балладалары, негізінен Нибелунга жөніндегі аңыздарға арналған. “Тидрек туралы сага”, “Эдда” және басқа жырлардың үзінділері, әр түрлі нұсқалары орын алған.

Жетіншісі, ХVІ ғасырдың ақырында 1603 жылы жазылған “Хвен хроникасы” латын тілінен дат тіліне аударылып жазылған. Даниядағы Отланд архипелагында орналасқан Хвен деген арал бар. Бұл сол Хвенның тарихын айта отыра, оның ішінде “Нибелунгілер жырлары” мен “Тидрек туралы саганың” көптеген оқиғалары орын алған.

Осы аталған жырларда Аттиланың образы үлкен орын алады. Сол жырладың ішінде Аттиланы суреттеген тұстарда оның жазықсыз жандарға мейірімді, дұшпанына қатал, досына адал қолбасшы ретінде суреттеледі.

“Ертедегі Германия мен Скандинавия халықтарының поэзиясы басқа халықтардікі сияқты өлең түрінде болды, ауызша айтылып атадан балаға асыл мұра болып қалып отырады. Олардың қандай да бір әдеби мұрасы, я батырлық жырлары – бәрі де әскери мінезбен, яғни батырлық пен ерлікті жырлайды… Ертедегі эпикалық жырлары негізінен ХІІ ғасыр соңында хатқа түсірілген. Солардың ішіндегі көрнектісі “Нибелунга туралы жыр” 1220 жылы толық жазылып біткен. Ал Скандинавия халықтарының “Эдда” жыры ІХ ғасырда хатқа түсіріліп үлгерген.

Скандинавия халықтарының поэзиясындғы Исландия халқының асыл мұрасы “Эдда” жыры - өте көлемді әдеби мұралардың бірі. Жалпы сол дәуірдегі Скандинавия мен неміс халықтарының жырларының басты тақырыбы – адамзат тарихында терең із қалдырған “Халықтардың қоныс аударуы” тарихи процесіне байланысты болып келеді.

Хун королі Аттила бейнесі (бұл жырда Атли деген атпен беріледі) аса жағымды кейіпкер ретінде берілген осынау батырлық эпостың қысқаша мазмұны төмендегідей:

Эрманарик басқарған остготтар патшалығы Қара теңіз жағалауында хундар шабуылы соңынан талқандалған болатын. “Эдда” жырында осы Эрманарик пен Сванхилда туралы баяндалады.

Эрманарик (Иормунрик) өз баласы Рандверді қалыңдығы Сванхилдаға ұрын жібереді. Рандердің жанындағы жалақор зұлым кеңесшісі Бикки жас ханым мен Рандверді Эрманарикке жамандайды. “Олар сол тайпаға, яғни Сванхилданың төркіндеріне сатылып кеткелі жүр” деп әке мен бала арасына нақақтан от тастайды. Бұған сенген аңғал патша Эрманарик өз ұлы мен жас келінді өлтіруге бұйрық береді, жазықсыз жандарды ат тұяғына таптатады. Бұл қанды оқиғадан соң Сванхилданың бауырлары қарындасы үшін мықтап кектенеді. Олар Эрманариктің нөкеріне шабуыл жасайды, Эрманариктің өзін өлімші етіп жаралайды. Алайда осынау ержүрек жігіттер өздері де қаза табады. Жалғыз жауыз Биккидің қырсығынан осылайша қаншама қыршын жас қаза болады…

Эрманарик - өз туыстарына өте қатал болған патша. Сондықтан оның көп туыстары, даңқты төрелер хун королі Еділге (Атлиге) барып паналаған. Ал Атли зорлық көріп, жәбірленген жазықсыз жандарға барлық уақытта пана болған. Әділ қолбасшы, хун королі Еділ (Атли) бейбіт жағдайда дүниеден өткен…

Бұл жөнінде академик Әлкей Марғұлан:

“Манастың” “Үлкен Эддамен” аса үндес шығатын жері – ондағы Еділді (Атли) улап өлтіру хикаясы Манасқа өте ұқсас…”- деп жазған еді. Өлер алдында бұл екі батырдың екеуі де жаман түс көріп шошынады. Еділге өткен өмір қолынан ұшқан ақсұңқар болып, бақшадағы еккен ағаштардың бәрі түп-тамырымен қопарылған болып көрінеді. Бұл жырдың аялғысы “Ақсақ құлан әңгімесіндегі “Терек түптеп жығылды, кім тұрғызар, уа, ханым” дейтін сарынмен өте ұқсас…

“Үлкен Эддамен” үндес болумен қатар “Манас” жырында кейде тарихта жазылған ежелгі хундардың ерлік өмірінің елесі де кездеседі. “Үлкен Эдда” бойынша Еділ соғысқа отыз шорасын ертіп, “Қорқыт” жырында Қамбөрі мен оның баласы Бамсы қырық жігітпен шығады, Манас қырық шорасымен жүреді…

Ежелгі тайпалар өміріндегі әскерді тәртіпке түсіру әдісі қытай тарихында өте айқын жазылған. Тарихтың барлауынша, хундар соғыста бірыңғай боз не баран ат пайдаланған. Жауға ылғи ай жарық күндері боз атпен ай астынан тиіп, күндіз күн жағынан тиетін болған деп, “Эдда жыры” мен түркі халықтары жырларының арасындағы байланыстарды жіктеген болатын”.

Жоғарыда аталған жырлардың жазылуы туралы пікір білдірген зерттеуші – ғалымдардың (Н. Келіметов, М. Аджи) пікірінше, “Нибелунга туралы жыр” мен “Алып қолды Вальтария”(“Вальтарий могучая рука”)-(“Waltarius vanu fortis” деп аталатын поэмалардың авторлары қыпшақ болуы керек деп жорамалданады. Өйткені, жыр жолдарында қыпшақтың салт-санасы, әдет-ғұрпы айқын аңғарылады.

“Бұл поэмаларды оқи отырып, екеуін де қыпшақтар жазғанына шүбә келтірмейсіз. Өйткен мұнда авторлар қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, ішкі жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған. Бұл туралы ғұлама-қаламгер Мурат Аджи: “Авторы “Песни о Нибелунгах”, и “Вальтария”, вне всякого сомнения, по крови были кипчаками, они еще помнили степные адаты, это чувствуется по многим, очень точным деталям. Вот почему их герой Этцель (Аттила) сохранял благородства даже, казалось бы, в непозволительной, с точки зрения европейца, ситуации” деп жазады.

“Сонымен бірге, Аттила жөнінде жазылған басқа да шығармалар бар екенінін ескергеніміз жөн. Бұлар – “Атли туралы жырлар” және “Атли сөзі” деп аталады. Бұл жырлардың жөні бөлек. Өйткені оларды қыпшақтар жазбағаны бесенеден белгілі болып тұр. Жоғарыда аталған екі жырды да солтүстік герман жерінен шыққан қаламгерлер жазғаны күдік тудырмайды. Мұнда Аттила шектен шыққан қатігез қолбасшы ретінде бейнеленген. Бұл екі жырда да Аттила Еуропалық психологияға тән жан түршігерлік зұлымдықпен өз жауларын өлтіріп отырады. Ол бірде өз дұшпанының кеудесін жарып жүрегін кесіп алса, екіншісінде – жылан толы шұңқырға тастайды. Қатігездік – дала адамдарының әдетіне енбеген құбылыс. Ғұндар дұшпанын бірден-ақ өлтіріп тастайды. Бұл үшін оған қылыш пен қанжардың өзі-ақ жетіп жатыр”.

“Нибелунгтер туралы жыр” шамамен 1200-жылы жазылған. Бұл поэманың тарихи өзегі етіп автор Бургунд патшалығының күйреуін алған. Ғұндар 437-жылы осы патшалықты құлатқаны тарихта мәлім. Аталмыш поэманың бір емес, екі желісі бар деуге болады. Поэмада “Нибелунгтер ғұндарға бара жатқаны туралы” (Авентюра ХХV) деп аталатын бөлім бар. Онда:
Сөйтіп, корольмен бірге жорыққа аттандық,

Қызметші нибелунгтер – жүз-жүзден (санағанда) оншақты еді.

Олардың бәрін туыстарынан алыс жерде, ғұндар күтіп тұрды,

Зигфридтің қаны ұдайы Кримхильданың жүрегін өртеп жатты”.


***

Балгер айтты: “Сөзіме иланыңдар,

Сеніңіздер. Жат өлкеде сендерге ешбір жамандық болмайды.

Қорықпай сапарға аттана беріңіздер,

Этцель (Аттила) сіздерге бұрын-соңды ешкім көрмеген зор құрмет

көрсетеді”.


Ғұндардың берекесі қашты, ал Этцел дайын тұрды

Келгендердің өтінішін орындамақ

Бірақ Кримхильда оған келісе алмады

Қызметшілерін дайындап, ағаларынан зұлымдық күтіп

тұр еді.
Ғұндар! Менің достық кеңесімді тыңдаңыздар:

Сендер бургундықтар сияқты қулық –сұмдықты білмейсіңдер.

Келімсектерді залдан далаға шығармаңдар,

Әйтпесе тағы да талай туыстарыңнан айырыласыңдар.


Ол ғұндар әміршісінің әйелін (қылышпен) қақ бөліп тастады,

Маңдайына өлім жазылған адам – ажалдан құтыла аламайды.

Этцель мен Дитрих қайғыдан қан жұтты,

Олар туыстарынан, достарынан айырылды.


Бұдан кейін не болғанын сіздерге айта алмаймын,

Бар білгенім – ханымдар мен нөкерлер қайғырып ұзақ жылады.

Көпке дейін көздерінен жас кетпеді

Нибелунгтер өлімімен хиқаямды тәмамдаймын.


Міне, осы қайғылы оқиғадан кейін бойын ыза-кек кернеген Аттила қалың қол бастап, жауға қарсы аттанады. Поэмадан Аттиланың теңдесі жоқ жорықтары жыр болады”. Аттила дастанының желісіне құрылып, ІХ ғасырда өмірге қайта келген, күні-бүгінге дейін неміс халқының ерлік эпосы ретінде бағаланатын ежелгі жәдігерліктердің тағы бірі – “Алып қолды Вальтария” (“Вальтарий могучая рука”)-(“Waltarius vanu fortis”) немесе қысқаша “Вальтария” деп қана аталады. Бұл поэма ежелгі герман тайпалары мен Еуропалық ғұндардың арасындағы сан-қырлы қарым-қатынастарды бейнелейді. Герман жұрты Аттиланы өздерінің ұлттық қаһарманы етіп көрсетуге барынша әрекет жасаған. Бұл жайтты Мурад Аджи жан-жақты талдай келіп, төмендегідей пікір айтады: “Первыми, кто заявил на него свои права были германцы, сделавшие историческое лицо – царя кипчаков Аттилу – национальным героем, персонажем своих эпических произведении. Его именем даже названы горы – Этцельские Альпы.

Это уже серьезно! Подумать только: даже потомки кельтов, тех самых кельтов, которых нещадно громил Аттила, назвали его своим национальным героем.

Атли, Этцель – такие имена получил кипчакский полководец в германо-скандинавских былинах и сагах”.

“Вальтария” поэмасы ғұндар елін және Аттиланы оқырманға таныстырудан басталады:


Бауырларым, жердің үштен бірі Еуропа деп аталады,

Онда аты мен заты, салты мен санасы сан түрлі көп тайпалар

тұрады.

Олардың тілі де, діні де әр түрлі болып келеді,



Солардың ішінде Паннония уалиятын мекен

Еткен бір халық бар,

Біз оларды әдетте “ғұндар” деп атаймыз.

Бұл халық майдандағы ерлігі мен даңқы шыққан

Олар жақын тұрған көрші жұртқа ғана емес,

Жоқ, олар тіпті Мұхитқа дейінгі елдің бәріне билік

жүргізеді.

Көп (халықтармен) бейбіт одақ жасайды,

Бағынбағанды жазалайды,

Олар осылайша мың жылдан астам билік жүргізіп келеді,

Қадым замандарда оларды король Аттила басқарыпты.

Ол жеңіс даңқын арттыра беруге құштар.

Аттила дастанының сюжеттік желісін қайта жыр еткен “Вальтария” поэмасы оқырманын ерлікке, бірлікке, ізгілікке шақырумен аяқталады”.

Көне дәуірдегі әдеби мұраларды барынша терең зерттеген Әлкей Марғұлан, Ақжан Машанов, Тұрсын Жұртбай, Немат Келімбетов, Ақселеу Сейдімбек, Олжас Сүлейменов, Самат Өтенияз, Серікбол Қондыбай және тағы басқа да ғалымдарымыздың ғылыми еңбектеріндегі Аттиланың образын тани отыра, сонау Европадағы ғұндардың қазіргі өркениетті елдердегі тарихы мен әдебиетінде үлкен орын алғандығының күәсі боламыз. Өкініштісі, Аттиланың есімін қазақ қазақ болғалы кең көлемде танып-білемегендігі. Әйтпесе, Аттиланы басқа жұрт өзіне иемденіп, меншіктегісі келсе, қазақтың бейғам жатқандығы жараспас әдет. Дегенімен, осы уақытқа дейін біраз жұмыс істелінсе, бұл еңбек пен ізгі ниет еліміздің рухын, елдігін көтеретіні талассыз.

Қазіргі уақытта қазақ елінің тәуелсіздік алған тұста, көне дәуірдегі ата-бабаларымыздың Европа еліндегі Аттила секілді алыптармызды насихаттау, оның шынайы болмысын ғылыми тұрғыда көрсете білу басты мақсат екенін баса айтқан жөн.

6.2 Луций Апулейдің “Метаморфозасындағы” қазақ

мифологиясының орын алуы
Апулей б.д. 124 жылы Солтүстік Африкадагы Мадавр қаласында дүниеге келген. Өз білімін Мадаврдан бастап, Карфаген мен Афинада аяқтайды. Ол латын жене грек тілдерін жақсы меңгерген. Апулей тарих, риторика, философияны жанындай сүйген адам болған.

Апулей Римнің құдайларына қатты сенген. Сол үшін ол "Сократ құдайы туралы" трактатын жазып шығарды. Жер шарын көп шарлап, әр елдің өмірімен танысады. Сөйтіп жүріп, б.д. 180 жылы көз жұмады. Апулей Римде, Карфагенде және тағы басқа қалаларда саяхатта жүргенде өзінің риторикалық декламацияларын ел алдына шығып мәлімдеген. Оның шешендік сөйлеу стилі өте әсерлі.Ол ерекше сөз тіркестерін антитезаларды, сирек кездесетін сөздерді, кейде ақындардың сөздігінен және халық лексикасынан алынған тіркестерді қолдануды жақсы көрген. Бізге оның ділмарлық өнер жинағының үзіндісі ғана жеткен. Ол жинақты Апулейдің өзі "Флоридалар" деп атаған. Онда Италияның таңғажайып кереметтері туралы және философ Пифагор туралы сөз қозғалады және өзі көрген халықтардың өмірі суреттеледі.

Апулейдің шешендік өнерінің үлгісі ретінде "Апология" атты еңбегі бар. Бұл мынандай мәселеден туындаған. Апулей саяхатта жүргенде өзінің мектеп кезіндегі бірге оқыған досы Понцианмен кездесіп, оның жесір шешесі Пудентилламен танысып, соған үйленеді. Понцианның өлімінен кейін Пудентиланың туыстары оған әйелін дұғалап алды, деп айып тағып, сотқа тартады. Енді Апулейге өзінің ақталып шығуына тура келгендіктен, ол "Апология", яғни қорғаушы сөзін жазып, ақталып шығады.

Апулейге атақ әперген еңбек "Метаморфозалар" романы. Кейіннен бұл роман "Алтын есек" деп аталады. Осы шығармасында Алматыдан 2000 жылы жарық көрген “Қазақ ертегілері” атты жинақта (Құрстырған Қ.Толыбаев) “Санобардың әңгімесі” деген ертегімен ұқсас сюжеттер мен образдық бейнелердің дәл келетінін байқауға болады. “Метаморфозалар” дегеніміз гректің metamorphosisайналу, өзгеру, “болмысты өзгерту” немесе “басқа кейіпке айналу” деген мағына берсе, мұндай сюжеттер кез-келген халықтардың мифологиясында орын алатындығын айта кеткен жөн. Мәселен, дұға оқу немесе үшкіріп жіберсе, аңға, жануарға, құсқа, керісінше, аңнан немесе басқа да жануардан адамға айналу секілді таңғажайып оқиғалар көптеген мифтік шығармалардың ажырамас бөлігі. Бұл көбіне қиял-ғажайып, мифтік-ертегілік сюжеттерден тұратын әдеби мұраларға тән құбылыс. Бұл ағым өз уақтысында Европа мен Ресей әдебиетінде кеңінен талқыға түскен термин.

Осы аталған Апулейдің "Метаморфозалар" романының негізгі кейіпкері-Люций атты жігіт. Ол жігіт еркін өмірді сүйген. Сауда қуып жүрген Люций Гипата қаласына келіп, жерде конуға мәжбүр болады. Ол Милон қарттың үйіне келіп қонады. Ал оның әйелі сиқыршы еді. Мұны естіген Люций құсқа айналғысы келеді. Көмектескісі келген көмекші қыз Фотида асығып жүріп, дәріні ауыстырып алып, есекке айналатын дәрі береді. Есекке айналғаннан кейін ол көп қиыншылық көреді. Ол алғашқыда қарақшылардың қолына түседі, одан кейін диірменшінің, бақташының қолдарында жүріп, адам айтқысыз азап көріп, тіпті өз өмірін қиюға дейін барады.

Кейін оны Коринфтағы театрға жібереді. Содан қашып шығып, түс көреді. Түсінде Изида құдайы аян береді. Ертеңіне ол құдайдың аяны бойынша, адамның қолыннан раушан гүлді жейді де, өз кейіпіне келеді. Содан кейін бұрынғыша бақытты өмір сүре бастайды.

“Санобардың әңгімесінде” де осы бейнеленген кейбір сюжеттер қайталанып отырады. Мұндағы еркіндік сүйетін жас жігіт Санобар. Ал әйелінің аты өзінің айтуы бойынша Гүл, яғни Люцийдің де есектен адамға айналу үшін Раушан гүлін жеуі керек, онсыз ол адамға айналуы мүмкін емес. Санобарды есекке айналдырған да осы Гүл деген әйелі, демек, ол сиқыршы, дұға оқу арқылы Санобарды есекке айналдырады. Ал Люцийді де есекке айналдырған сиқыршы әйел еді. Екі кейіпкердің Люций мен Санобардың алғашы кезде құсқа байланысты сюжеттің кездесуі көп ретте шығарманың өз тұсында біріне-бірінің әсері болғанын тануға болады. Мәселен, Люций өзінің қызығушылығы арқасында алғашқы кезде құсқа айналғысы келсе, Санобар сиқыршы әйелінің дұғасымен қызғыш құсқа айналады. “Мен қызғыш құс болып далаға шығып кеттім”- баяндалады қазақ ертегісінде. Әйелімнің не халде екенінде хабарым жоқ. Көшеде мені балалар ұстап алып ойнап, әбден зықымды шығарды. Көп баланың ішінен бір ересектеуі кешке қарай үйіне алып барды. Торға салып су, тары берді. Бұрын жеп көрмеген тарыны аздап қарным ашқан соң, шоқып корек еттім. Ертесінде әлгі бала мені ойнау үшін көшеге алып шықты. Кешке шейін балалардың ойыншығы болып, бірқанша жыл жүрдім. Әбден өлер болдым. Арықтадым. Бойдан қуат, білектен күш кетті. Жыл артынан жыл өтті. Күндердің күнінде есебін тауып, бір түнде әлгі мені бағып жүрген баланың үйінен қашып шықтым. Сол кеткеннен айдалада тау-тастың арасында өзіммен-өзім болып жайылып жүрген кезімде бір қырғидың жанымды көзіме көрсетіп қумасы бар ма? Өлім-талдым деп, әрең дегенде құтылдым-ау, әйтеуір. Есімді жиып отырып, әйеліме барғым келді. Еңірей отырып үйіме келдім. Келсем әйелімнің қағанағы қарқ сағанағы сарқ, мені ойлайтын ол жоқ, ойлатыны ашына дәу екен. Дәудің басын масатыға орап қойған. Сағынғанда қарап дауыс қылып жылап алады екен. Менің келгенімді алғашқыда байқамай қалды. Біраздан соң ол көзі түсіп кетіп: “Ей, сен әлі тірімісің?” – деп бір қарады да, “бишара, әбден жүдеген екенсің, енді сені” деп, ішінен бір нәрсе оқыды да, шыбықпен салып қалып, “әңгі есек бол” деді.

Мен лезде қызғыш құстан әңгі есекке айналдым да кеттім”десе, оның әңгі есекке айналған кездегі ауыр, азапты күндері Люцийдың басынан кешірген оқиғалармен дәл келеді. Мәселен, Люций диірменшінің, бақташының, қарақшылардың қолдарында түсіп, олардан қаншама құқай көрсе, Санобар да қасапшының, бақташы-саудагердің қолдарына түсіп, көрмегенді көреді.

Люцийдың адамға айналуы үшін раушан гүліне жете алмай зарықса, Санобар да адам кейіпіне айналу үшін қаншама жыл жазықсыз жапа шегеді. Екі кейіпкер де адам секілді ойлап, адам секілді іс-қимыл істейді. Олардың ендігі басты мақсаты - адамға айналу үшін қам-қаракет жасаса, мұнда да ортақ мотивтер алдыдан шығады. Есек кейіпіндегі Люций раушан гүлін тату үшін талай жерде болса, Санобар алыста жатқан Мысыр еліне сапар шегеді. “Метаморфозада” Люций өзінің мектепте бірге оқыған досы Понциан есімді жігітті атаса, Санобар Мысырда Аббаз деген досының есімін атайды. Люций Осы Понцианның шешесі Пудентиллаға үйленсе, ал Санобар Аббаздың қарындасы Ләйла есімді сиқыршының көмегі арқылы адам кейіпіне айналады. Осындай азды-көпті айырмашылықтар ғана болмаса, мифтік шығармалардың идеясы, шығарма ағымы, айтар мазмұн-сюжеттері көбіне біріне-бірі ұқсас келеді. Екі шығармадағы кейіпкер түбі адам кейіпіне еніп, екеуі де бақытты өмір кешеді.

Метаморфозалар” яғни, “болмысты өзгерту” немесе “басқа кейіпке айналу” деген мағына беретін сюжеттердің антика әдебиеті мен қазақтың мифтік, ертегілік, қиял-ғажайып мұраларында үлкен орын алатындығын осындай мұралардан көре аламыз.

Апулей дидактика тұрғысында жазылған новеллалары да бар. Бір новелласында қылмыскер әйел өзінің күйеуін және куйеуінің әпкесі болып келетін бақталасының көзін жояды. Өзінің қылмыстарының ізін жабу үшін өзіне у берген дәрігерді де өлтіреді. Ақырында ол өзінің күйеуінен қалған мұрагер қызын да мерт етеді. Аяғы бұл қылмыс істері ашылып, халық соты оны жабайы аңдардың жемтігіне тастайды.

Тағы бір новелласында грек романдарының желісін пайдаланып, ғашықтарды былай бейнелейді: Әдемі қыз Харита керемет Телполемді жақсы көріп, соған тұрмысқа шығады. Ал Фразил деген жігіт Хаританы жақсы көргендіктен күйеуі Телполемді аң аулап жүрген кезде пышақтап мерт етеді. Оны білген Харита өтіріктен оған көңіл білдіріп, Фразиллді өз бөлмесіне кіргізеді де, оны өлтіріп тынады. Содан кейін өз-өзіне қол салады.

Апулейдің новеллаларынан басқа оның романының ішінен "Амур мен Психея" атты ертегісі де кіреді. Онда ханшайым Психеяны жақсы көрген Амур бейнеленеді. Аполонның бұйрығы бойынша қызды таудың басына апарып, жалғыз қалдырады. Зефир оны өзінің жылы лебімен таңғажайып жерге, Амурдың сарайына алып барған соң, оған Амур ғашық болып, сол қызға үйленеді. Психея оны күндіз көре алмай, екеуі түнде ғана жүздесетін болған. Ол Психеядан өзінің кім екендігін білмес үшін серт алады. Бірақ Психея өзінің сертін бұзып, оған қызығушылығы артып, оны көргені үшін жаза тартады. Ол көптеген қиыншылық пен қайғыны басынан кешіреді. Кейіннен ол өлмейтін құдайлар қатарына қосылып, Амурдың зайыбы ретінде танылады.

Ертегі Олимп құдайларымен байланысты болып келеді. Мұнда Зевс мейірімді қарт болып бейнеленеді. Ол Амур мен Психеяның үйленуіне көмектеседі. Ал Венера болса, бұрынғыша әдемі, мейірімді емес керісінше, келіні Психеяны қызғанып, оған қастандық жасағысы келіп тұрады. Церера мен Меркурий Венераға бағынышты болып суреттеледі.

Ертегінің көркемдігі сонда Олимп құдайларының адам сияқты мейірімділігі айқын көрінеді. "Амур мен Психея" ертегісі француз жазушысы Лафонтенді тамсандырғаны соншалық - ол "Психея мен Купидонның махаббаты" атты повесін жазып шығарады. Мұнда ол Францияның қарапайым халқының өмірін суреттейді.

XVIII ғасырда орыс жазушысы Богданович Апулей сюжетіне байланысты "Душенька" поэмасын жазады. Бұл поэмада орыстың ханшайымы Душенька туралы айтылады. Ол қыздармен тығылмақ ойнап жүріп, жер астына түсіп, Гориныч айдаһарымен кездеседі. Белинскийдің айтуынша, бұл поэма орыс әдебиетінің осы жанр бойынша алғашқы қадамы болып саналады. Психея мен Амурдың бейнелері Раффаэль, Торквато Тассо сынды жазушылардың өнер туындыларында кездеседі. Бұл ертегіні Л.Толстой "Көркем иллюстрация" деп таныған. Апулей көбінесе шындық шығармалар жазып, сондағы қарапайым халықтың өмірін көрсетуге талпынған. Әлсіздер мен әлділердің арасындағы бақталастықты былай бейнелейді: есек кедей бақташының қолына түсіп, бұны көрген әскер қызметшісі ол есекті тартып алуға тырысады. Бақташы ол жігітті ұрып-соғып, өзі есекке мініп, қалаға кетіп қалады. Бірақ әлгі жігіт достарының көмегі арқылы бақташыны тауып алады да, есегін тартып алып, өзін түрмеге қаматқызады.

Апулей мұнда ұсақ жер иеленушілердің ешқандай азаматтық құқығы жоқ екендігін айқын ашып көрсетеді. Көзі тоймаған ірі жер иеленуші кедейдің азғантай жерін тартып алуға тырысады. Бірақ кедей жігіт үш досымен әлгі байға қарсы шығады да, сол әділетсіз күресте қаһармандықпен қаза табады.

Апулей құлдардың да өмірін айтпай қоймайды. Құлдарды ол денесі жырым-жырым, қамшыдан көкпеңбек киімдері жыртық, кір-қожалақ етіп бейнелейді.

Апулей моралист жазушы, ол Египет құдайлары Изида мен Осиристің кулътын құрметтеп, сирийлік құдай Кибелланың абыздарын елді қорлап, ақша тауып жүргендері үшін ащы сарказммен түйреп, мінейді.

Апулей христиандык, жаңа дінге сын көзбен қарап ондағы римнің жоғарғы таптарын, байлар мен оларға кызмет ететін абыздарды катты сынға алған. Оларға жаман қылық пен маскүнемдік тән деген.

Апулей өз романында рим балетін суреттейді. Мұнда рим театры жоғарғы сатыда тұр деуге болады. Көркем декорация, әдемі киімдер және т.б. театр сахнасының жетістігін көрсетеді. Бірақ біздің эрамыздын I ғасырында Римдегі драманың идеясының мазмұны аса терең емес еді.Театрда тәрбиелік қойылымнан гөрі эротикалық, көңіл көтеруге арналған қойылымдар басым болды. "Паристің соты" балетінде Апулей 3 көрікті әйел құдайларын, олардың нимфаларын және әдемі жігіт Паристің билеп жүргенін бейнелейді. Мұнда Парис оған "әдемі әйел сыйлаймын" дегеніне иланып, Венера құдайына ойланбастан алманы береді.

Қазіргі әдебиетте Апулей романдары өзінің көрікті стилімен тамсандырады. Өйткені, онда әлділерге деген қарама-қайшылық толығымен баяндалады. Мұнда риторикадағы латынның ұлттық сөз тіркестері мен сөз шеберлігінің көркемдігі әсерлі болып келеді.

Апулей шешендік шеберлікті кеңінен қолданады.Ол оқырмандардың көркем өзгерістерге әсерін аударғысы келеді. Осыған байланысты ол қысқа сөйлемдер мен сөз тіркестерін қолдануды ұнатқан. Көбіне сөйлем мен сөз аяғындағы сөздерді ұйқастырып, рифмаға келтіріп жазса, оны орыс тіліне аударғанда, бұл рифмалар толық күйде сақталмайды. Шығармаларында жаңа сөздерді пайдаланып, оны антитезамен, аллитерациямен қолдануды ұнатады. Оның стилінің қарапайым болатыны шаруалардың немесе қандай да дәрежедегі адамдарды сөйлету, диалогты пайдалану арқылы сюжет желісін беруге көп күш салған.Сондықтан болар, оның 11 кітабында риторикалық өнері аса мейлінше жоғарғы дәрежеде айқындалған.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Аттиланың әлем әдебиетіндегі орны?

2. Хунгрия мағынасын түсіндір.

3. Люцийдың қазақ мифіндегі аналогі?

4. Ғұндардың негізі діні.

5. Аттиланы қарсы алған Римнің дінбасы кім?

6.Аттиланы зерттеген қазақ ғалымы.

7. “Бөрілі менің байрағым…” өлеңінің авторы.

8.Рим мифіндегі Ромул мен Ремнің ата-бабалары кімдер?

9.Римнің негізін қалаған мифтік кейіпкер.

10.Энейдің шыққан жері.


Әдебиеттер:
1 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер.  Алматы: Атамұра, 2003.  144-б.

2 Хирт Ф.(F.Hirt.The Ancient Histori of China.New-York), 1908.13.

3 Өтенияз С. Аттила.  Алматы: Арыс. 2000.  209-б.

4 Homer H. Dubs,an anciet militari befween Roman and Chiness. Aiph.Vel LXIII,3. 1941.

5 Нар заман мен зар заман поэзиясы. Асан қайғыдан Әбубәкірге дейін: Жыр-толғаулар. (Құрастырған Есенбай Дүйсенбайұлы). Алматы: Раритет. 2002. 178-бет.

6 Құдайбергенов Д. “Көк бөрі еді ұраным!..” //”Қазақ әдебиеті” газеті. 13.01.2006. №2 (2954). 15-б.


Қосымша әдебиеттер:
1 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.(VІ-VХғ.ғ).  Алматы. 1991. 

105 - 250-б.

2 Гумилев Л.Н. Древние тюрки.  Москва. 1967.  С.434.

3 Аджи М. Полынь половецкого поля.  Москва. ТОО “Пик-Котекст”.

4 Егеубаев А. Аламан.  Алматы: Тұлға.  110-б.

5 Гумилев Л. Көне түріктер.  Алматы: Білім.  21 - 23-б.

6 Аджи М. Европа, тюрки, Великая степь.  Москва. ООО “АСТ”.

1994.  С.465.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ әдебиетінің өсіп-жетілуі, оның бой көтеріп, бұтақ жаюы бір күнде бола салған жоқ. Көп ғасырларға толы мұраларына көңіл қойса, оның қазіргі күйі басқа әдебиетке өз әсерін тигізер дәрежеге жетті десек артық айтқандық емес. Жоғарыдағы айтылған 1200 жылға созылған антика әдебиетінің таңғажайып мұраларының ішінде қазақтың көне дәуір кезеңіндегі байланыстары, олардың арасындағы ұқсастықтары мен бір-біріне деген үйлесімділіктері, әсері айтылса, бұл – рухани-материалдық өркениеттің түйісуі, бір-бірін толықтыруы деген ойға тіреледі. Ал осы антика әдебиетінің мұраларына деген пікірдің екіұдай болып, кей-кезде бой көтеріп тегімізді анықтауға зиянын тигізіп-ақ келеді.

Ресейге антика әдебиеті көбіне – көп француз тілі арқылы келсе, сол Францияның мақтанышы, қоғам қайраткері, жазушы Ромен Роллан Көне Шығыс мәдениетімен терең танысқаннан кейін, мынадай пікір білдірген: “Қазіргі Европаның ең басты адасуы антикалық қаһармандарға еліктеушілік. Ол өмірдің өлшеуіші қазіргі өмірге ешбір тура келмейді. Европаның басынан өткерген жағдайы, антика әдебиетіне деген іңкарлығы, еліктеушілік болғанын әдебиеттің тарихы жоққа шығара алмайды. Сол мәдениет пен әдебиет арқылы Европаның күрт көтерілгені де ақиқат. Дегенімен сол жолда талай бұралаң, қалтарыстар болғанын да кәрі тарих мойындайды”-депті.

Айталық, үнді елінің көсемі Джавахарлал Неру өзінің “Япония” атты мақаласында мынадай пікірді ортаға салады: “Сегодня Европа сильна и могущественна, и европейцы считают себя самыми цивилизованными и культурными в мире. Европейцы смотрят свысока на Азию и ее народы, они приходят и захватывают в странах Азии все, что могут… Когда ты почитаешь историю, то убедишься, что в течение значительных отрезков времени доминировала Азия. Ее народы, наступая волна за волной, завоевывали Европу. Они опустошали Европу – и они цивилизовали Европу”- дейді. Үнді елінің көсемі Джавахарлал Нерудің айтқаны айна-қатесіз шындық. Өйткені “Европацентризм” пиғылындағы солақай пікірге жуық адамдардың сонау көнеде жатқан шумер, аккад-хуррит, сақ, ғұн, Тұран, Мысыр еліндегі, Шығыстың ғылым - ілімін қаперге ілмей, кеудем соқтыққа салынғанын кәрі тарих кешіре алмас. Қазақтың байырғы жерінде өмірге келіп, талай өшпес мұраларды дүниеге келтірген, кейін басқа жұртқа орын тепкен отандастарымыздың қалдырған еңбектерінің, сонымен бірге тілі мен ділі, өнері мен мәдениетін қаперге ілмей бос сандырақтаған ғалымсымақтардың аузына құм құю мезгілі әбден пісіп-жетілді. Негізінен өркениеттің сан-салалы белгілері, ізденістер мен адамзаттың қол жеткен табыстары, мәдениет пен ғылым үнемі алыс – беріс пен ауыс-түйісте болатынын ұмытпаған жөн секілді. Айталық, б.д. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Европаның күрт көтерілуіне латын тіліне араб тілінен көп еңбектердің аударылуы себепкер болды. Осы арқылы менменсіген Европаға грек ғұламаларының көптеген еңбектері араб ғалымдары арқылы жеткен. Қазіргі уақытта араб пен гректің, латынның алгоритм, конституция, реформа, империя, республика, демонстрация, прокламация, декрет, пролетариат, коммунизм, социализм, революция, конгресс, армия, акт, акция, либерал, аттестат, институт, университет, факультет, лекция, консультация, экзамен, студент, лаборатория, аудитория, ректор, профессор, доктор, доцент, аспирант, субъект, объект, предикат, атрибутикалық, активтi, пассивтi, зенит, цифра, фомальгаут, надир, алидада, азимут, альтаир және басқа да терминдердің келуін айтсақ, “алхимия”, “алгебра”, “алмагест” сияқты пәндердің ғылым салаларына, оқу орындары мен кез-келген мекемелерге сіңіп, ертеден орын тепкенін аңғармау мүмкін емес.

“Тоғызыншы, оныншы ғасырларда Солтүстік Европа елдерінің көбісі жеке аймақтарға бөлінген. Мәдениеті төмен, сауатсыз, тұрпайы тайпалар болатын”-дейді Ақжан әл Машани өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты еңбегінде. Европаның оңтүстігіндегі жағында грек-рим жерлерінде ертедегі ірі мәдениет орындары болған. Бірақ олар рим–патшалығы, византия ордасы құлап, ыдыраған соң ғылыми дәстүрден айырылып төмендеп қалған. Басқаша айтқанда антикалық дәуірдің аты бар да, заты жоқ болған. Сонымен байланысты олардың қол астындағы Мысыр – Шам, Вавилония мәдениеттері де көмулі қалған деуге болады.

Антикалық мәдениеттің құлауына себеп болған сол кездегі сол елдерді басқарушылардың өздері болды. Мысалы олардың патшалары өздерін тәңірі тектес деп жариялап, тәкәппарлық ұрандар көтерді. Басқа адамдарды, халықтарды толық адам санатына санамады.

Сондай астамшылық мінезге шыдай алмаған, көне алмаған шын ғалымдар Орта Азия елдеріне, Таяу Шығысқа, Иран, Араб, Тұран елдеріне сіңіп, араб тілді мәдениеттің тез көтерілуіне себепкер болды.

Әл-Фараби заманында араб мәдениеті дүние жүзіне қанатын жайды деуге болады. Араб халифаты жасаған мәдениет Азия, Африка, Европа – үшеуіне бірдей тарады…”

“…сол кездегі Европаның көзі ашық адамдары араб ғылымын үйренуге бет алды. Әсіресе бұрынғы ғылым ордасы болған грек-рим патшалықтарынан шыққан адамдар араб мәдениетіне жабыса бастады. Арабтың ғылымымен, тілімен бірге исламның діні де қатар тарады. Батыс елдерінің, әсіресе шіркеу адамдарының алдындағы бөгет осы болды. Бұл бөгеттен өту үшін европа ғалымдарының бірсыпырасы араб тілімен келген ғылымда қабылдай отырып, сонымен қатар сол ғылымның өзі антикалық ғылымнан алынған, арабтар тек аударушылар деп күстаналайды. Сондықтан араб ғылымына негіз болған грек-рим ғылымдарын тірілту керек деген ұранға көшті. Бұл бағыттың тура жері де бар, теріс жағы да бар.

Араб тілді мәдениеттің алғашқы даму кезінде антикалық мәдениеттің көптеген өкілдері ат салысқаны рас. Оны біз бірнеше мысалдардан көргенбіз, білеміз. Әл-Фарбидың өзі де сол адамдардан үйренген дегенді айттық. Бірақ тек қана сол антикалық үлгіден басқа дүниені ұмытсақ, ол өрескел қате болар еді.

Алдымен грек-рим мәдениетінің өзі ғылыми үлгіні Шумерден, Мысырдан, Индиядан, Қытайдан үйренгенін білеміз. Мысыр абызының Солонға айтқаны есте: “О,Солон! Солон! Сендер, гректер бала сияқты кешегі, бүгінгі күнді ғана білесіңдер” – деген еді ғой. Демек, негізгі мәдениет ошағын грек-рим деп, соған жабысып, басқаны серпіп тастау, европаның қатесі еді.

Екінші жағынан араб тілдегі мәдениетке зор үлес қосқан елдердің мәдениеті ескерілмей қалды. Айталық, Иран – Туран – Сармат мәдениеттері жоққа шығарылған. Біз жоғарыда айтқанымыздай, Орта Азияда мәдениет дәрежесі осыдан 5000-6000 жыл бұрын Шумер – Мысырдан кем түспеген-ді. Осыған нақты дәлел – Қой Қырылған обсерваториясы, Отырар - Самарқан мәдениетінің үлгілері.

Үшінші жағынан, араб мәдениеті антикалық мәдениеттің сақтаушысы ғана емес, аударушысы ғана емес, оны әрі қарай дамытып, барлық ғылымды бұрын болып көрмеген дәрежеге көтерді.

Дүние жүзілік мәдениеттің шыңына көтерілген араб тілді мәдениет бір мың жылдай үлгі болып келді (ҮІІ-ХҮІІ ғасырлар).

Ғылымның, өнердің өмірдің негізгі үлгісін тек қана антикалық сабақтан іздеген кейбір европа ғалымдары көп жерлерде араб тілінде жазған ғалымдардың еңбегін өздеріне немесе антикалық авторларға аудара салып, қиянат жасады. Сондай күйге біздің әл-Фараби бабамыз да ұшырағаны мәлім. Дүние жүзіне екінші ұстаз атанған данышпанның 1100 жыл бойы туған жеріне белгісіз болып келуі соның салдары екені айқын.

Араб тілдегі мәдениетті Европа елі үйреніп алып, оны сол елдердің өзіне қарсы құрал етіп қолданды. Шығыс елдерін Африка мен Американы отарлыққа айналдырды. Осы жөнінде бірер мысал келтірелік.

Әл-Фараби заманында араб мәдениетінің орталық халифаты екі жерде болғанын білеміз. Оның бірі Ғаббас нәсілді Бағдад халифаты, екіншісі Умия нәсілдес Кордова халифаты (Испания).

Африка мен Европаның арасын бөліп тұрған Гибралтар бұғазына қалқыма көпір салып өткен араб қолбасшылары Европа еліне келіп мәдениет орталығын құрды. Сондағы қолбасшының аты бойынша аталған тау Жабалтараки-Гибралтар болып кетті.

Кордова халифаты Европада араб тілдес ғылымның орталығы болып бірнеше ғасыр өмір сүрді (ҮІІІ-ХІІ ғасыр ). Сол мәдениет алдымен Пиреней түбегіндегі екі мемлекетке тарады: Испания мен Португалияға. Соның әсерінен осы екі елден шыққан екі адам Азияның байлығына көздерін сүзіп, Үндістанға барар жол іздеді. Соның бірі Португалия саяхатшысы Васко де Гаммо (1469-1524ж.ж.) Үндістанға Африканың жағалауы арқылы бармақ болды. Екіншісі Испаниялық Христофор Колумб (1451-1506 ж.ж.) Үндістанға Батыс мұхит арқылы бармақ болды.

Бұл екеуінің қолында араб тілінде жасалған сол кездегі географиялық карталар болды. Оны жасаушы әл-Фараби, әл-Бируни сияқты сияқты ғалымдар еді. Колумб Үндістанға жете алған жоқ. Жолдағы Америка құрлығын жаулап қайтты. Ал Васко де Гаммоны Үндістанға бастап алып барған арабтың атақты теңізшісі Ахмад Ибн Мажит еді. Сол Ибн Мажиттің атақты “Теңіз энциклопедиясы-Китап әл-Фуанд фи асу ғылым әл-Бахр уа әл-Қуағд” (“Теңіз ғылымының негіздері мен оның ережелері туралы пайдалы китап”) бүкіл дүние жүзіне тарап, барлық теңізшілерге, астрономдарға, географтарға үлгі болды.

Сол ғылымдарға керекті негіздер араб тілінде жазған ғалымдардың көп ғасырлар бойындағы еңбектері болатын. Мысалы, ондағы қолданылатын аспапатар, жер-су карталары, жұлдыз карталары бәрі көп еңбекті керек етеді. Айтайық бір ғана компас буссол (байтал-ибр) немесе оптикалық аспаптар – турбо, ойыс айна тағы басқалары.

Мұның бәрі әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Бируни сияқты ірі ғалымдардың қолынан шыққан нәрселер”.

Антика әдебиетінің сан ғасырларға созылған әдеби мұрасы ұшан-теңіз болса, оның бәрін бір еңбекте қамту мүмкін емес. Әбунасыр әл-Фараби, әл-Хорезми, әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Әбілғазы, Рабғұзи, Сайф Сараий одан беріде Абай мен Шәкәрім, Шоқан, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Ақжан Машани, Тұрсынбек Кәкішұлы, Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек, Жанқара Дәдебайұлы, Тұрсын Жұртбай, Серік Негимов, Ғарифолла Есім, Байбота Серікбайұлы, Орынбай Жанайдаров, Олжас Сүлейменов, Серікбол Қондыбай және тағы басқа да ғалымдар мен ақын-жазушылардың, ғұламалардың өлмес туындыларының жауһарларын талдай түсіп, оның антик ғалымдармен байланыстылығын ашу алдағы уақыттың еншісі болса, қазақ халқының тарихи отанындағы болып өткен және болып жатқан әдеби-мәдени өзгерістердің әлі де болса жаңа қырлары ашылатыны талассыз.

Антика әдебиеті және оның ғылым мен білім саласындағы қол жеткен табыстарын бүкіл әлем мойындап, оны оқытып, дәріптеп жатқанда жаңа тұрпаттағы тәуелсіз елдің кейінгі ұрпағы одан шеттелуі жараспас. Антика әдебиеті мен мәдениетін танып-білу бұл – жаңаның көнемен, көненің жаңамен байланысы. Осы байланысқа көңіл қою арқылы жас ұрпақ өзіндік бағыт, өзіндік концепция қалыптастыратыны анық.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Антика әдебиетінің әлем мәдениетіндегі орны.

2. Араб мәдениетінің антикадағы ролі.

3. Абунасыр әл-Фарабидың антика мәдениетіндегі орны.

4.Шумер мен Вавилон мәдениетінің әлемге әсері.
Әдебиеттер:

1 Әл-Машани А. Әл-Фараби және Абай.  Алматы. 2005.  61-б.

2 Жирмунский В.М. Сравнительное литературоведение.  Ленинград:

Наука. 1979.  С.407.

3 Античная литература выпущенная под редакцией проф. А.А.Тахо-

Годи.  Москва. 1980.  С.72.



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ…………………………………………………………...…3
1 АНТИКА БАСТАУЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ...........................................................………….13
1.1 Антика әдебиетiнің Европаға әсері………………………….....17

1.2 Антика әдебиетiнің Ресейге әсері ….........……………………..20

1.3 Антика әдебиетi мұраларының қазақ сөз өнерінен көрініс табуы және ортақ ұқсастықтар.…..............………..…………………………... 23

1.4 Анахарсис (Анақарыс) Скифский ……………………………...44

1.5 Тоқсары туралы ақиқат пен аңыз….…………….....……….......49

1.6 Қазақ ауыз әдебиетi мен антикалық әдебиет дәуiрiндегi

фольклористиканың өзара үндестiгi ........................….…................52



  1. АНТИКА МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ ОРТАҚ

ҰҚСАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕР, ЗЕРТТЕУЛЕР..57
2.1 Құдайлар мен тәңiриелердiң мифологиядағы орны ..................62

  1. АНТИКА МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАТЫРЛЫҚ,

ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖЫР – ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ

ҮНДЕСТІКТЕР...............................................................................139



  1. ФИВАНДЫҚ ЖӘНЕ ТРОЯНДЫҚ ЦИКЛДАРДЫҢ
ӘДЕБИЕТТЕГІ ОРНЫ ..................................................................178




  1. АНТИКА ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭЗИЯ МЕН КӨНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІКТЕР.............…...........…213

5.1 Мысал жанрындағы ұқсастық .................. ……………............229

5.2 Гесиодтың өмірі мен шығармашылығы және ондағы қазақы

сарындар.................………………………………………..........…. 238


5.3 Классикалық кезеңдегi антика әдебиетi………........................247

5.4 Еврипидтің шығармашылық өмір жолы….............…………..251



  1. АНТИКА ДӘУІРІНДЕГІ РИМ ӘДЕБИЕТІМЕН

САРЫНДАСТЫҚ ...................................................………...........259
6.1 Мифтік туындылардағы ұқсастықтар.................………...........264

6.2 Луций Апулейдің “Метаморфозасындағы” қазақ мифологиясының орын алуы..........................………………………....283



ҚОРЫТЫНДЫ...............................………………………….........289

Антика әдебиеті


оның көне және кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетімен үндестік – байланыстары



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет