Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Ұрттар,виссае, негізін ұрт



бет4/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Ұрттар,виссае, негізін ұрт бұлшықеті, m.buccinator, түзетін, сыртынан терімен, ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған беттің бөлігі. Ұрт және меншікті шайнау бұлшықеттерінің аралығындағы теріастылық шелмай жақсы дамып, ұрттың майлы денесін, corpus adiposum buccae, түзеді. Ол, сыртқы атмосфералық қысымның әсерін азайтып, емшек ему үдерісін жеңілдететін анатомиялық құрылым, сондықтан емшектегі балада жақсы жетілген.
Ауыз кіреберісіне, жоғарғы екінші үлкен азу тіске қарама - қарсы ұрттың шырышты қабығында шықшыт безінің түтігі ашылады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектердің ұяшықтық өсінділерін жауып жатқан шырышты қабық – қызылиек, gingiva, деп аталады. Ол тістердің мойнын жауып жатады.
Меншікті ауыз қуысының, cavitas oris propria, сыртқы қабырғаcын тістік доғалар мен қызылиектердің тілдік беттері, жоғарғы қабырғасын таңдай, ал төменгі қабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, тіластыүстілік бұлшықеттер ( негізгісі: жақсүйек - тіласты бұлшықеті, m.mylohyoideus,) түзеді. Меншікті ауыз қуысы артқы қабырғасындағы тесік – аңқа (тамақ), fauces, арқылы жұтқыншаққа өтеді ( 210 – сурет ).


210– сурет. Ауыз қуысы, алдыңғы көрінісі.
1 – жоғарғы ерін; 2 - жоғарғы ерін жүгеншігі; 3 және 12 – қызыл йек; 4 –жоғарғы тістік доға; 5 – қатты таңдай; 6 – жұмсақ таңдай ( таңдай пердесі ); 7 - таңдай-тіл доғасы; 8 - таңдай-жұтқыншақ доғасы; 9 – таңдай бадамшасы; 10 – ұрттың кесіндісі; 11 – төменгі тістік доға;. 13 – төменгі ерін; 14 - төменгі еріннің жүгеншігі; 15 - тіл арқашығы; 16 – аңқа; 17- таңдай тілшігі; 18 - таңдай жігі.

Ауыз қуысының түбінде, тіл жүгеншігінің екі жағында, тіласты және төменгі жақсүйекасты бездерінің түтіктері ашылатын тіласты бүртігі, caruncula sublingualis, орналасқан. Тіласты бүртігі артқа қарай және латералды бағытта тіласты қатпарына, plicae sublingualis, жалғасады. Бұл қатпардың астында тіласты безі жатады.

ТІСТЕР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет