Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет3/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Асқорыту жүйесі
Адамның ас қорыту жүйесіне, systema digestorium, ауыз қуысы,жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек (он екі елі ішек, ащы ішек, мықын ішек), тоқ ішек (соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек ) , тік ішек және ірі бездер бауыр мен ұйқы безі жатады ( 208 – сурет ).

208 – сурет. Ас қорыту жүйесінің құрылымы.
1 - жұтқыншақ; 2 -өңеш; 3 - асқазан; 4 - он екі елі ішек; 5 и 14 - көлденең жиек ішек ( бір бөлігі алынып тасталған); 6 – ащы ішек; 7 - төмендеген жиек ішек; 8 - сигматәрізді жиек ішек; 9 - тік ішек; 10 - құрттәрізді өсінді; 11- мықын ішек; 12 – соқыр ішек; 13- жоғарылаған жиек ішек.

Ауыз қуысы
Ауыз қуысы, cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті ауыз қуысынан тұрады ( 209 – сурет ).


209 – сурет. Ауыз және жұтқыншақ қуыстары.
1 - меншікті ауыз қуысы; 2 - ауыз кіреберісі; 3 – мұрындық төменгі жол; 4 – мұрын кіреберісі; 5 – маңдай қойнауы; 6 – мұрындық ортаңғы кеуілжір; 7 - мұрындық төменгі кеуілжір; 8 - мұрындық жоғарғы кеуілжір; 9 – сынатәрізді сүйектің қойнауы; 10 – жұтқыншақ бадамшасы; 11 – есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі.12 – түтіктік буылтық; 13 – жұмсақ таңдай (таңдай пердесі); 14 - жұтқыншақтың ауыздық бөлігі; 15 – таңдай бадамшасын; 16 - аңқа; 17 – тіл түбірі ; 18 – көмей қақпашығы; 19 – ожау – көмей қақпашығы қатпары; 20 - жұтқыншақтың көмейлік бөлігі; 21- жүзіктәрізді шеміршек; 22 - өңеш; 23 - кеңірдек; 24 – қалқаншатәрізді шеміршек; 25 – тіласты сүйек; 26 – жақсүйек – тіласты бұлшықеті; 27 – иек – тіл бұлшықеті; 28 – төменгі жақсүйек.
Ауыз кіреберісі, vestibulum oris, - алдынан еріндер мен ұрттар, ал артынан қызыл иек пен тістер шектеген шағын кеңістік. Еріндер, labia – қабысқанда, шеттері езулермен, anguli oris, аяқталатын, көлденең орналасқан ауыз саңылауын, rima oris, шектейтін, негізін бұлшықеттер құрайтын құрылым. Еріннің: терілік, аралық және шырышты үш бөлігі ажыратылады. Еріннің терілік бөлігінде май және тер бездері, түктер орналасады, еркектерде сақал – мұрт өседі. Аралық аймақты жұқа тері қабаты жауып жатады, сондықтан, оның эпителиінің астындағы қан капиллярлары бұл аймаққа қызғылт түс береді. Еріндердің ішкі бетін түзетін шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтіп, екі бойлық қатпарлар: жоғарғы ерін жүгеншігі, frenulum labii superuoris, және төменгі ерін жүгеншігін, frenulum labii inferiorioris, түзеді. Еріндердің шырышасты негізінде шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет