Iv – нұсқа1 – билет


Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз



бет3/64
Дата02.05.2023
өлшемі2,34 Mb.
#175824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
²V Í?ñ?à 30 áèëåò

Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Тың және тыңайған жерлерді игеру

Нәтижелері





Жағымсыз жақтары:
-Экологиялық жағдай ауырлады;
-Мал шаруашылығы төмендеді;
- Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді;
-Жер-су аттары орысша айтылды;
-Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді;
- Тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады;
- Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

Жағымды жақтары:
Тың игеру жүргізілген Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары болды.
-Қазақстан КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды;
- Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті;
- Қазақстан – көп ұлтты республика болды;
- Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті;
- Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді.

1. Мезолит адамдарының кәсібі.
2. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.
Жауабы: 1.Мезолит адамдарының кәсібі.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды. Б.з.б 8 мыңжылдықта Қазақстанда қолайлы климат орнады. Ғалымдар егіншіліктің шығуын әйелдер еңбегімен байланыстырады. Терімшіліктің дамуы – алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Адамдардың егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, егіншілердің жер жырту құралы тесе болды. Малды қолға үйретуді бастады. Аң аулау, мал өсіру қалыптасты. Қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Ит қолға үйретіліп, аңшылардың көмекшісіне айналды.
2.Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
Әбілғазы Бахадүр Хан- тарихшы, шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. Әбілғазы Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекетік басқару ісін меңгерді. Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. Әбілғазы жазған «Шежіре – и Тарахима» және «Шежіре-и Түрк» атты тарихи екі шығарма кеңінен танымал болды.

Қазақстандағы Уақытша үкімет

3.Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.




Нәтижелері






Жағымсыз жақтары: Уақытша үкіметке бұрынғы империядан қалған мәселелер мұра болып қалды. Елде ұлттық, әлеуметтік, экономикалық діни мәселелер шешімін таппады. Елде ашаршылық қаупі төнді. Сырдария мен Жетісу облыстарын ашаршылық жайлады.
Уақытша үкіметке қарсы қозғалыс күшейіп, барған сайын Кеңестердің ықпалы күшейді.

Жағымды жақтары: Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша өкіметтің органдары жұмыс істеді.Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтарын» Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Тыл жұмысында болған жұмысшылар орыс жұмысшыларымен, солдаттарымен қарым-қатынаста болып, саяси сауаттылығы өсті. 1917 жылы бұрынғы «реквизицияланған жұмысшылар» өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрды.
Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы» Сергиопольде- «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет