Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы



бет13/18
Дата28.02.2022
өлшемі56,99 Kb.
#133706
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Картоп чипсилерінің зияны
алтынайга, топ, Документ Microsoft Office Word, 2023
ІІІ.3.Қытырлақ чипси жасайтын картоптың ағзамызға беретін пайдасы мен зияны.
Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек. Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды. Картоптың көзге пайдасы. Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. Картоптың теріге пайдасы. Теріге безеу шығып кетсе, оны үш күн қатарынан картоп сусынымен сүртіңіз. Картоп сусыны күнге қатты күйген терінің ашығанын басуға да көмектеседі. Картопты қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2-3 күннен артық сақтауға болмайды. Шағу және күйікке пайдасы. Картоп жәндік шаққанда немесе кішігірім күйіктен пайда болатын ауруды басуға көмектеседі. Шикі картоп кесіндісін ауырып тұрған жерге 5 минутқа басыңыз. Есіңізде болсын! Егер теріні күйдіріп алсаңыз, зақымданған жерді алдымен салқындату керек. Күйген жерді краннан аққан өте суық суға ұстаңыз немесе 10 минут шамасында мұз басыңыз. Суықтың тарау жылдамдығы жылудың тарау жылдамдығынан аз. Сондықтан 1 секундта күйдіріп алған жеріңізді 10 минут салқындату қажет. Күйген жерге түрлі май мен крем қолданудың қажеті жоқ. Шаршаған жағдайда Картоп қайнатқан суды бөлме температурасында суытып алыңыз. Содан соң суыған суды легенге құйып алып, шаршап тұрған аяғыңызды 20 минут шамасында салып жатыңыз. Сонымен қатар картоп қайнаған суда болатын крахмал аяқ жараларының тез жазылуына да көмектеседі. Зиянды жағы Картоптың ағзамызға беретін пайдасы туралы білдік. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет