Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп



бет2/5
Дата01.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#148576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өзін-өзі тану сабағында музыканың алатын орны

Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
-ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
-ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,үнтаспа,оқулық,дәптер,түрлі түсті қарындаштар,қағаздан жасалған қиындылар, «даналық сөздер» сандығы.

-Балалар,қайырлы күн! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.Балалар,бүгін ерекше күн.Өйткені, сабағымызды көруге көп қонақтар келіп отыр.Қуанышты көңіл күймен,игі әдеппен қонақтарымызбен амандасып алайық.(амандасады)
Орнымыздан тұрайық,
Шаттық шеңберін құрайық.
Оқушылар:
-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
-Енді біз бір-бірімізге ғажайып,жылы сөздерімізді сыйлайық.
-Жарайсыңдар,олай болса сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін «Бақытты балалық шақ» әнін бірге шырқайық.


Бақытты балалық шақ.
Сөзі: Н.Исабаев
Әні: С.Қалымов
Біз –бақытты баламыз еркелеген,
Тыңдап өстік ән мен күй,ертегі,өлең.
Туған жердің аймалап самал желі,
Отан-ана біздерді мәпилеген.
Қайырмасы:
Қандай жақсы бақытты балалық шақ,
Қандай әсем ойнаған қозы-лақ,
«Құлыным!»деп әкешім еркелетсе,
«Балапаным!»деп анам жаяр құшақ.
Ата-анамның менмін ғой бала шағы,
Әдептілік балаға жарасады,
Жақсы азамат боламын өскенде мен,
Балалар ғой елінің болашағы.




Қорада малың болсын,көшеде талың болсын. С.Ақаев.

* Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?


*Балалары әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жетті?
(оқушылардың пікірін тыңдау)
-Дұрыс айтасыңдар.Әңгімеде әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүрген екен.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі.Сондықтан да халық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет