Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп



бет4/5
Дата01.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#148576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өзін-өзі тану сабағында музыканың алатын орны

Тыңдай білем.
А.Асылбеков.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алдым алғыс-батамды.

Тыңдай білем үлкенді,


Құлақ түре білгем-ді.
Сондықтан да талай сөз
Үлкендерден үйрендім.
Үйренемін әлі көп,
Мақалдардың мәні көп.
Жақсы сөздің бәрін де,
Тыңдай білу –ғанибет.

-Балалар,сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар,сондықтан да мен сіздерге алғысымды айтып,әдемі гүл сыйлағым келіп тұр.Осымен сабағымызды аяқтаймыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар.





-
4-сынып оқушыларына арналған тренинг


Сабақтың тақырыбы: Менің арманым
Мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Міндеттері:
-арман ұғымы туралы түсінік беру;
-балалардың ойын,қиялын дамыту;
-жақсылыққа тәрбиелеу;


Сабақтың жүрісі: І Кіріспе
-Балалар,қайырлы күн! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.Көңіл- күйлеріңіз жақсы ма?Сабағымызды бастамас бұрын өзімді таныстырғым келеді.
Бүгін менің де көңіл-күйім өте тамаша! Менің қолымда көбелек бейнесіндегі төсбелгім бар.Көбелек жаз мезгілінде болғанымен ол өзінің сұлулығымен адамдарға керемет көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан да осы көбелек бүгін бізге жаздай жадыраған көңіл-күй сыйласын деген тілекпен сабағымызды бастайық.
1. «Менің төсбелгім» таныстыру

Г №7

Менің аты-жөнім Жаукенова Гулнара Жауғаштықызы.Мен №7 орта мектепте музыка және өзін-өзі тану пәнінен сабақ беремін.Мен музыка тыңдағанды өте жақсы көремін.Сонымен қатар кітап оқығанды жаным сүйеді.Мен кітапты төсбелгімде көрсеткен себебім,бала күнімде мұғалім болуды қатты армандаушы едім.Сол арманыма қол жеткізіп,бүгінгі күнде сіздердің алдарыңызға сабақ беруге келіп тұрмын.Енді мен сіздермен жақын танысқым келіп тұр.Менің үстелімнің үстінде қағаздан жасалған әртүрлі бейнедегі төсбелгі бар.Өздерің ұнатқан төсбелгіні таңдап,өздеріңді,армандарыңды бейнелеп көрсетіңдер.


(балалардың жауаптары тыңдалады)
-Балалар,мен сендермен жақын таныстым.Араларыңда болашақ әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да бар екен.Мүмкін араларыңда болашақ ел басқаратын елбасы да отырған шығар.Кім біледі? Өздерің айтқан әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да, ел басқарып отырған азаматтар да сендер сияқты мектеп қабырғасынан білім алған.
Жарайсыңдар,сендермен болашаққа сәл ғана саяхат жасағандаймын.Енді өздеріңді болашақта кім болғыларың келеді, соны армандайсыңдар ма?
(балалардың жауаптары тыңдалады)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет