Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп



бет5/5
Дата01.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#148576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өзін-өзі тану сабағында музыканың алатын орны

2. Тыныштық сәті
Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі,ойы сергітіледі.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,еркін отырып,екі аяғымызды еденге қойып,екі қолымызды тіземізге қойып,көзімізді жұмып,денемізді бос ұстап,болашағымызды армандап көрейікші.(жәй музыканың ырғағымен) 1-2 минут
Жайлап көзімізді ашайық.Музыканың ырғағымен болашақты армандадыңдар.Қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
- Дұрыс айтасыңдар.Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің арманым» деп аталады.

* Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?


* Арманның үлкен-кішісі бола ма?
*Арманға қалай қол жеткізуге болады?
-Жарайсыңдар,мен сендерге арман туралы жаңа ақпарат бергім келеді.



Арман-алға жетелейтін жарық жұлдыз,адам адал еңбек етіп,қиындыққа мойымай,қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді,яғни арманы жүзеге асады.


3. Коллаж «Менің арманым»
Барлық оқушыларға тапсырма беріледі.Оларға осы тақырыпқа коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстары туралы әңгімелейді. Берілген уақыт 10 минут
Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған.

4. «Ниет.Арман.Мақсат» психологиялық жаттығуы


Оқушылардың сабақтан түйген ойларынының бекітіле түсуі үшін жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Шарты:оқушы арманына жету үшін ортаға қойылған кедергілерден өту керек.Ол үшін оқушы әрбір кедергіні алу барысында арманға жетудің жолдарын айту керек.Сөйтіп,кедергілерден құтылып,арманына қол жеткізеді.Жаттығу соңында оқушыны қошеметтеу керек.

-Балалар,қазір біз «Ниет.Арман.Мақсат» атты психологиялық жаттығу орындаймыз.Бұл жаттығуды орындамас бұрын ортаға сіздердің араларыңыздан өзінің қандай да бір арманын айтқысы келетін оқушыны шақырғым келеді.


(ортаға бір оқушы шығады,өзінің арманын айтады)Мен ортаға 3 орындық қойдым.Бұл орындықтар арманыңа жету үшін сенің алдыңда тұрған кедергілерің.Ал мен сенің арманыңмын.Ойлап көрші,осы кедергілерден өтіп,арманыңа жету үшін не істейсің? Кедергілерден қалай өтесің? Кедергілерден қалай өтсең де өзіңнің еркіңде.(оқушыға қосымша сұрақтар қойылады)
* Артқа қарашы,кедергілер орнында тұр ма?
* Кедергілерден құтылдың ба?
*Ол үшін не істеу керек?
(оқушы орындай алмаған жағдайда басқа оқушыны көмекке шақыруға болады)
Қорытындылау
-Біз бүгін сабақта арманға қол жеткізу үшін көп күш жұмсалатынын білдік.Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті,төзімділікті,уақытты,еңбектенуді,білімді,ақылды қажет етеді.Адам арманының орындалғаны қандай жақсы!

-Балалар,мен сендерді ортаға шақырамын.


«Арман деген көп белес-
біріне шықсаң,бірі бар» деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай,армандайық,арманға қол жеткізейік. Олай болса, «Армансыз күнім болмайды» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мен сіздерге алғысымды білдіремін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет