Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



бет6/13
Дата20.11.2016
өлшемі2,7 Mb.
#2172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны

Ұсыныла-тын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

ОЖСӨЖ тапсырма-ларын орындау (барлығы 16 тапсыр-ма)




Жоғарыда көрсетілді

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Тақырып бойынша 15% дейін

Тапсырма-лардың орында-луын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

2

СӨЖ тапсырма-ларын орындау

(барлығы 15 тапсыр-ма)



Ойлау қабілеттерін шыңдап, шығар-машылықтарын дамыту

Жоғарыда көрсетілді

СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Барлығы 8% балл

Өз беттерімен жұмыстануға үйрету

3

Жазба жұмыс (реферат) түрінде аралық бақылау

Студенттерге реферат бере отырып, олардың іздендіру, білімдерін тереңдету.

Жоғарыда көрсетілді




Барлығы 8% балл




5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







40

Тест



4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
Кафедра Қазақ филологиясы

тьютор Мұханбетқалиев Аскен Самұратұлы - қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы.

Пән Шетел әдебиеті тарихы


Кредит саны 4





Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітап-ханада

Кафе-драда

Студент-тердің қамтылу пайызы

%


Элек-тронды түрі

1

2

3

4

5

6

7



Античная литература /А.Ф.Лосев, Г.А.Сонкина, А.А.Тахо-Годи и др. - М., 1986.

+















Тронский И.М. История античной литературы. — М., 1988.

+















Никола М. И. Античная литература: Практикум. — М., 2001.

+















История зарубежной литературы: Средние века. Возрождение / М.П.Алексеев, В.М.Жирмунский, С.С.Мокульский, А.А.Смирнов. — М., 1987.

+















Пуришев Б.И. Литература эпохи Возрождения: Курс лекций. — М., 1996.

+















Шайтанов И.О. История зарубежной литературы: Эпоха Возрож­дения: В2т. — М., 2001.

+















История зарубежной литературы XVII века / Под ред. 3. И. Плавскина. — М., 1987.

+















История зарубежной литературы XVIII века / Под ред. 3. И. Плавски­на. -М., 1991.

+















История зарубежной литературы XIX века: В 2 ч. / Н. П. Михальская, В.А.Луков, А.А.Завьялова и др.; Под ред. Н.П.Михальской. — М., 1991.

+















Зарубежная литература XIX века: Практикум / Отв. ред. В.А.Луков. — М., 2002.

+















Зарубежная литература XX века: Практикум / Сост. и общ. редакция Н.П.Михальской и Л.В.Дуловой. - М., 1999.

+















История зарубежной литературы конца XIX — начала XX в.: Курс лекций / Под ред. М.Е.Елизаровой и Н.П.Михальской. — М., 1970.

+















Дератани Н.Ф., Тимофеева Н. А. Хрестоматия по античной ли­тературе: В 2 т. — М., 1965.

+















Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков: Латинская, кельтская, скандинавская, провансальская, французская литературы. — М., 1974.

+















Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних веков: Немецкая, испанская, итальянская, английская, чешская, польская, сербская, бол­гарская литературы. — М., 1975.

+















Зарубежная литература: Эпоха Возрождения: Хрестоматия / Сост. Б. И. Пуришев. - М., 1976.

+















Хрестоматия по зарубежной литературе XVIII века: В 2 т. / Сост. проф. Б. И. Пуришев и др. - М., 1970-1973.

+















Хрестоматия по зарубежной литературе XIX века / Сост. А. А. Аникст. — М., 1955.

+















Зарубежная литература: XIX век. Романтизм, критический реализм: Хрестоматия / Под ред. Я.Н.Засурского. — М., 1979.

+















Храповицкая Г.Н., Ладыгин М.Б., Луков В.А. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия. — Т. 1: 1871 — 1917 / Под ред. проф. Н.П.Михальской и проф. Б.И.Пуришева. — М., 1980.

+















Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., Луков В.А. и др. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия — Т. 2: 1917—1945 / Под ред. Б.И.Пуришева, Н.П.Михальской. — М., 1986.

+















Михальская Н.П., Храповицкая Г.Н., Луко'в В.А. и др. Зарубежная литература XX века: Хрестоматия. — Т. 3.: 1945—1980 / Под ред. Б.И.Пуришева, Н.П.Михальской. — М., 1986.

+















История всемирной литературы: В 9 т. — М., 1983—1994. — Т. 1 — 8.

+















Краткая литературная энциклопедия: В 9 т. — М., 1962—1978.

+















Литературный энциклопедический словарь. — М., 1987.

+















Данте и всемирная литература. — М., 1967.

+















Тебегенов Т. Шетел әдебиеттерінің тарихы. Алматы. РБК, 1996.

+















Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)

+















Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981

+















Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983

+















Шетел әдебиеті тарихы пәні бойынша глоссарий
1. Антикалық әдебиет - латынның “антикус” сөзі қазақшаға аударғанда “көне”, “ежелгі” деген мағынаны білдіреді, яғни, антикалық әдебиетті көне, ежелгі дәуір әдебиеті деп түсінген жөн.

2. “эллинизм дәуірі” немесе “эллиндік кезең” – ірі құлиеленушілік қарым-қатынастар дәуірі.

3. “полистер” - шағын қалалық мемлекеттердің орнына тарих сахнасына шыққан ірі әскери-монархиялық бірлестіктер

4. дифирамб – Дионис құдайға арналып айтылатын мадақ ән

5. Сатирлер – түр-әлпеті ешкіден аумайтын, адам қалпындағы мақұлықтар (демондар)

6. Тирандар - Грекиядағы жаңадан дамып келе жатқан демократиялық мәдениеттің бастаушыларын атады.

7. “мелос” - әндік лирика

8. «Эмбаторий» - шабуылдық ән

9. трубадурлар - рыцарлық әдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар, ақындар (trobar-іздеу, табу.).
5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 Дәріс. Антикалық әдебиет.



Жалпы шолу. Антикалық мифология және фольклор.

Грек мифологиясының негіздері.

Олимп құдайлары. Грек құдайларының римдік сәйкестіктері.

Антикалық мифологияның жүйеленіп қалыптасуы.

Антикалық әдебиет – ежелгі грек және рим әдебиеттері. Ежелгі Грециядағы тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдай. әдебиет бастаулары. Грек әдебиетінің салыстырмалы 4 кезеңге бөлінуі. Троя соғысы туралы миф-аңыздар. Мифология – ежелгі грек қоғамындағы қоғамдық саанның бірегей формасы. Мифтердің грек қоғамы үшін маңызы. Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы.

Әдебиеттер:

1. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті тарихы.

2. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)

3. История зарубежной литературы ХІХ века., Под редакцией Н.Соловьевой., М., 1989

4.Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981

5.Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983

6.Н.К.Чистякова, Н..Вулих. История античной литературы. М., 1971

7.М.Алексеев, В.Жирмунский, С.Мокульский, А.Смирнов., История зарубежной литературы, М., 1987


2 Дәріс. Гомер эпосы

«Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі.

Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық поэмалар да туғызды.Жоғарыда айтылғандай,бұлардың ішінен ең әйгілісі одақтасқан көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді.Бұл циклдің негізі біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары.Гректкр соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы соғыстың оныншы жылы-Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы және соның салдары баяндалған.Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы әңгімеленеді.

Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған.Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған эллинистік мемлекеттер мекткптерінде және ақыр соңында Рим империясында жұмыс жасаған оқу орындарында оқып үйренген.Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты.Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі кампозицияларының немесе әр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып қалған аумақты мозайкалық шығармалардың тақырыбы болған.

Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тәрбиеледі” деп жазған болатын.Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді.Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан.Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болған.

XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды.Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санады.Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі аэдтердің бірі шығаруы әбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дәстүрі XX ғасырға дейін сақталып келді.Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық творчествосы осындай болатын.Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” деп атауы кездейсоқ емес-ті.

Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен “Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, әрине, бұл поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ.

“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мәселеде совет тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмәні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай да болмасын, өмірбаяндық деректер әлі күнге белгісіз.

Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” дейтін поэмасында тәптіштеп тұрып жазды.Овидий өзінің “Метаморфоза”(“Айналулар”)және “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік эпизодтарды баяндап берді.Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі аян етіледі.

“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дәлелдеп, Гомердің жеке автор екенін жақтап шықты.
3 Дәріс. Көне грек трагедиясы.

Трагедияның бастауы. Эсхил. Софокл. Еврипид.

Драманың негізгі жанрлары трагедия мен комедияның нақты неден бастау алғаны туралы әдебиеттану ғылымында бірқатар болжамдар бар. Әрине, түрлі зерттеуші ғалымдар түрлі деректер келтіріп, түрлі болжамдар айтады. Десек те, солардың бірнешеуіне тоқталып көрелік.

1-болжам. Аристотель өзінің бір еңбегінде трагедияны дифирамб айтушылардан пайда болды деп жазады (дифирамб – Дионис құдайға арналып айтылатын мадақ ән). Шынында да, дифирамб Дионисті мадақтауға арналған хромен айтылатын әннің түрі. Сол себепті, трагедия сахнадағы жеке әнші мен хордың алма-кезек ән айтуынан пайда болған. Біртіндеп, жеке әнші әртіске айналып, ал хор трагедияның негізі ретінде қалыптасқан. Эсхил, Софокл, Еврипид секілді ұлы грек трагиктерінің шығармаларын сарапқа салсақ, олардың өн бойынан ежелгі грек классикалық драмасындағы хордың даму жолын анық көруге болады. Бұл жолда Эсхилл шығармаларынан бастап хордың маңызы азайып, ал Еврипид шығармаларында хор тек музыкалық үзіліс ретінде ғана қызмет еткен, яғни ол трагедиядағы оқиға желісінен біртіндеп мүлде алшақтаған.

2-болжам. Екінші бір еңбегінде Аристотель трагедияны сатирлердің ойынынан пайда болды дейді. Сатирлер – түр-әлпеті ешкіден аумайтын, адам қалпындағы мақұлықтар (демондар). Ешкілер, текелер – жалпаы Дионис құдайға деген табынушылықта жиі пайдаланылатын жануарлар болды. Тіпті Дионис құдайдың өзі де жиі теке түрінде бейнеленіп, оған деген құрбандыққа да текелер шалынатын. Бұл жерде құрбандыққа шалынған текенің етін жеген адам Дионис құдайдың бір бөлшегін де өз бойына сіңіреді-міс деген сенім айқын көрінеді. Жалпы “трагедия” сөзінің грек тіліндегі тікелей мағынасы “текелер әні” немесе “текелер туралы ән” (трагос – теке, оде - ән).

3-болжам. Ежелгі Грекиядағы Элевсин қаласында жер асты құдайы Аидтің әйел құдай Деметраның қызы Персефонаны ұрлап алуын бейнелейтін мистериялар өткізіліп тұрған. Ғылымда афинылық трагедиялардың дамуына осы элевсиндік мистериялар зор ықпал етті деген болжам бар.

4-болжам. Әр трагедияның мазмұнында белгілі бір тұлғалардың өлімін жоқтау бөлімі бар. Сондақтан да кейбір зерттеуші-ғалымдар трагедияны френостан, яғни қазақша жоқтаудан пайда болған деп санайды.

5-болжам. Сондай-ақ, қазақ болған ерлер мәйітінің жанындағы мимикалық би туралы да жиі айтылып келеді, яғни бірқатар ғалымдар бұл билердің де трагедияның туындауына бір септігі болған деп есептейді.

Әрине, бұл болжамдардың бірін де жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олардың әрқайсысы жеке-дара трагедияның бастауы бола алмайтыны да анық.

Сөйтіп уақыт өте келе трагедия көңілді сатирлік драмадан бөлінді. Ал кейін мифологиялық трагедия мен сатирлік драмадан мифтік тақырыптарға тәуелсіз комедия бөлініп шықты. Бұл бөлшектену тарихта ежелгі грек драмасының дамуындағы елеулі кезең болып қалды.
Әдебиеттер:

1. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті тарихы.

2. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)

3. История зарубежной литературы ХІХ века., Под редакцией Н.Соловьевой., М., 1989

4.Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981

5.Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983

6.Н.К.Чистякова, Н..Вулих. История античной литературы. М., 1971

7.М.Алексеев, В.Жирмунский, С.Мокульский, А.Смирнов., История зарубежной литературы, М., 1987

4 Дәріс. Көне грек комедиясы.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет