Жаңа сабақты түсіндіруде



бет6/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.
Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және CD-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүскіндік береді.
Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерді жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөдің аудармасы мен транскрипциясы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Электрондық энциклопедиялар мен сөздіктердің тиімділігі – қажетті мәліметті тез іздеп табуға болады. Сонымен қатар тіл үйретуге бағытталған интерактивті оқыту бағдарламалары диалогты байланыс жасауды жоғарғы деңгейде жүзеге асыра алады.
Мультемидиалдық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі – басқаруды қамтамасыз ету. Қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігі қамтылған. Мысалы, кинофильмдерді көру барысында мультемедиалық бағдамалар пайдаланушыға қажетсіз кино үзінділерін өткізіп жіберуді, керекті киноүзіндіні бірнеше қайтара көрсетуді жүзеге асырады.
Шет елдерде мультемедианың қолданылуы аясы жөнінде зерттеулерге талдау жасасақ, онда Дж. Гейлдің, «Мультимедиа Европада» атты жинақтағы мақаласы назар аударарлықтай. Дж. Гейлдің келтірген дерегі бойынша мультимедианың техникалық базасы Европаның ақпараттық технологиялар (оның ішінде компьютерлік технологиялар) бизнесінде 1991 жылы 1%, 1992 жылы 1,5%, 1995 жылы 30% , ал 1997 жылы 75% құраған.
Ал, жекелеген салалар бойынша мультимедиа қосымшалары, әсіресе, білім беру мен бизнесте көп қолданылған. Ол 1.1-кестеде көрсетілген.
Кестеден көріп отырғанымыздай, мультимедианың өте аз қолданылған саласы өнеркәсіп жүйелері екен. Бірақ, бұл салада да мультимедианы пайдалану өзінің оң нәтижесін беретіндігін дәлелдей түсуде. Өнім өндірушілер өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалауда, презентацияларда мультимедианы жиі қолдана бастады. Өйткені, өнімді дайындау және оны қолдану әдістерімен көпшілікті құжаттар арқылы таныстыруға қарағанда, мультимедиа көмегімен бейнеақпарат арқылы таныстыру тиімді болып табылады.
Осы орайда, мультимедиада қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:

  1. Қозғалыссыз бейне. Мұндай бейнеақпаратқа суреттерді, фотосуреттерді жатқызуға болады. Қозғалыссыз бейне графикалық ақпарат болып есептеледі.

  2. Мәтін. Таңбалар мен әріптер мультимедиалық ақпараттың негізгі бөлігі.

  3. Қозғалыстағы кескін немесе бейне. Қозғалыстағы бейне нақты өмірдегі құбылыстарды телехабар немесе бейнемагнитафон арқылы бейнелеу негізінде алынады.

4) Анимация. Бір қарағанда анимация қозғалыстағы бейнеге ұқсайды. Бірақ, қозғалыстағы бейнеден айырмашылығы ол нақты өмірден алынбаған, жансыз объект болып саналады. Мысалы, тірі құстың ұшуы мен мультипликацияның арасында қандай айырмашылық болса, қозғалыстағы бейне мен анимация арасындағы айырмашылық та сондай.

Кесте 1.1


Мультимедианың әр түрлі салаларда қолданылуының пайыздық көрсеткіші



Мультимедианың қолданылу салалары

%-ға қарағанда

1

Білім беруде

29

2

Бизнесте

19,4

3

Ақпараттық қызмет көрсетуде

17,6

4

Коммуникацияда

16,5

5

Жарнама агенттігінде

14,3

6

Өндірісте

3,2

Білім беру жүйесінде мультимедианы жиі пайдаланудың деңгейі болашақта одан әрі арта сүсері сөзсіз. Өйткені, оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды уақыт ағымынан қалмай енгізу ұдайы жүзеге асырылып отыратын іс-әрекет.
Сонымен қатар, мультимедианы мекемелер мен компаниялар өз қызметкерлерінің білімін жетілдіруде жиі қолдануда. Мысалы, компьютерлік технологияларды шығарумен айналысатын IBM фирмасының өзі локалдық желі жұмысын демонстрациялау үшін мультимедианы жиі пайдаланады екен .
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқыту әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалдық интерактивті оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың 75% - ы есте сақталады екен.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану мен дәстүрлі оқыту әдістері арасындағы айырмашылықты төмендегі суреттен көруге болады.
Сурет 1.1 – Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші.
Мультимедиалық технологияларды белгілі бір оқыту жүйесінің мазмұны мен әдістеріне негізделген жағдайда пайдалану тиімді. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерінің өзара байланысы біркелкі болмайды, яғни, бір мультимедиалық құрал бірнеше оқыту әдістерін қамтыса, ал керісінше, бір оқыту әдісінде бірнеше мультимедиалық технологиялар кешені пайдалануы мүмкін.

Сурет 1.1 – Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде
тиімділігінің көрсеткіші

Қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдістерін талап етеді.


Сонымен, оқыту үрдісіне мультимедиалық технологияларды енгізу мынадай мәселелерді шешуді жүзеге асырады:

  • проекциялық құрылғыларды және компьютерді практикалық және зертханалық сабақтарда пайдалануды;

  • студенттер мен оқушылардың өзіндік білімін жетілдіруге бағытталған оқытатын компьютерлік бағдарламалар дайындауды;

  • проекциялық аппараттар мен компьютер негізінде жабдықталған лекциялық дәрісханалар құруды;

  • студенттер мен оқушылардың білімін тестілеуді жетілдіруді т.б.

Сонымен, мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • оқу материалын терең түсінуге;

  • оқу мотивациясының артуына;

  • оқуға кететін уақыттың үнемделуіне;

  • алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

Оқыту үрдісін жетілдіруде, оқытушының оқытудың жаңа талаптарына бейімдеуде:

  1. сызықты емес түрдегі оқыту бағдарламаларын құру құралына айналған мультимедиа мен гипермедианың;

  2. жаңа білім беру кеңістігін құрайтын және оқыту құралдары мен білім ақпаратының көзі болып саналатын виртуалды университеттер, виртуалды лекция залы, виртуалды кластар мен виртуалды кітапханалардың ықпалы зор.

Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекілік ұстанымына негізделген. Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруымыз қажет. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен лқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіне білуге бейімдейді. Бір жағдайда олар көзбен көруге мүмкін болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, ғылымда кірмеуі қиын мәселелерді графика, анимация, бейнекөрініс түрінде бақылап, шешімін табуға көмектеседі. Сонымен қатар, мультимедиалық технологиялар оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдістерін жетілдіруді және оқу-тәрбие үрдісін қызықты әрі мазмұнды етіп жүргізуді жолға қояды. Оқытушының жұмысын жеңілдетеді. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту үрдісінде басты тұлға болып табылады.
Осы орайда, оқыту үрдісінде кездесетін мәселелер мен оны тиімді шешудегі мультимедиалық технологиялардың маңызын кесте түрінде келтіре кетейік.

  1. Мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалану үшін оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:

а) Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшеліктерін ескерту.
ә) Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерін бақылау.
б) Оқу материалдарын пайдалану кезінде тұлғаның ойлау қабілетін арттыруға қозғау салу.
в) Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейін студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесіне күш түсірмейтіндей деңгейде сақтау.
Кесте 1.2
Мультимедиалық технологиялардың оқытудағы мүмкіндіктері



Оқыту үрдісінде кездесетін қиындықтар

Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері

Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер

1.

Обьективті күрделі материалдарды оқыту

Оқу материалдарын бөлшектеп ұсыну

Студенттер мен оқушылардың оқу материалына қызығушылығы артады

2.

Түсінік-ұғымдардың
абстрактылығы,
жалпылау, салыстыру және орнықтыру қажеттілігі

Нақты ұғым қалыптастыру, салыстыру, жалпылау кезіндегі иллюстрациялау

Нақты абстракцияға, жекеден жалпыға ауысу жеңілдігі

3.

Эксперимент жасаудың күрделілігі

Зертханалық дәрісханаларда өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау

Зертханалардағы құрал-жабдықтардың жеткіліксіздік мәселесін біршама шешу

Кесте 1.2 – жалғасы

4.

Құбылыс, процестер механизмін динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестерді модельдеу, динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестердің табиғатын ашып көрсету

5.

Тез немесе жай өтетін процестерді оқыту

Бейнепроекциялық құрылғылар көмегімен табиғаттағы процесс-тердің жүруін бақылау

Құбылыстар мен процестерді оқыту кезінде уақытты тиімді пайдалану

6.

Объектінің көрінбейтін бөлігінде өтетін микропроцестерді бақылау, түсіндіру

Коммуникациялық құрылғылар, Web-камералар мүмкіндіктерін пайдалану

Бақылау кеңістігінің шекарасын үлкейту

7.

Негізгі заңдылықтар мен құбылыстарды техникада қолданудың көпсалалығы

Табиғаттағы заңдылықтардың техникада қолданылу аясымен танысу

Заңдылықтар мен құбылыстардың қолданбалы сипатын бейнематериалдармен түсіндіру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет