Жаңа сабақты түсіндіруде


Мемлекеттiк ақпараттық саясат



бет4/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
Мемлекеттақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.


Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрибелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.
Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты:
Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық
ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру
Саласында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалануға,
Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен
сабақтастыруға мүмкiндiк бередi
Білім беруді ақпараттандырудың міндеттері:
- ақпараттық және телекоммуникациялық
техникалық құралдармен
қамтамасыз ету;
- бiлiм берудi ақпараттандыру
бойынша практикалық
шараларды анықтап, жүзеге
асыру;
- оқу-тәрбие үрдісіне жаңа
ақпараттық технологияны енгiзудi
қамтамасыз ету бойынша ғылыми
-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк
жұмыстарын жүргiзу;
- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын
жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарттарының және оқу-әдiстемелiк
кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық
технологияны пайдалану
мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм
берудi басқаруда ақпараттық
жүйенi құру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң
қызметкерлерi үшiн программалық-
техникалық құралдарды қамтамасыз
ету және мультимедиялық
программаларды, электрондық
оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық
технологияны өз қызметтерiне еркiн
пайдалана бiлуге дайындау және
жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн
көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидалары:
- оқыту мен тәрбиелеудiң
жылдамдығы
(интенсификация) ;
- бiлiм мен тәрбиенiң
бiрiздiлiгi;
- қоғамның әрбiр мүшесi үшiн
алынатын бiлiмдер мен
мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;
- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық
қабiлеттерiн дамыту;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- модульдігі.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында күтілетін нәтижелер:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
- біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
- білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
- республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.
Қазақстан Республикасының “Білім” туралы Заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген.
Алғаш рет ақпараттандыру бағдарламасы жалпы орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған болатын.
Мектептегі білім беру жүйесін есептеу техникасымен жабдықтау үшін модульдік көзқарасқа негізделген жүйелік тәсілдердің бірін пайдалану ұсынылады. Ол түрлі және шағын типтегі мектептердің көптігін ескеруге мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесіндегі компьютерлерді жаңартып, толықтырып отыру - білім беру жүйесін ақпараттандырудағы негізгі мәселе болып табылады.
Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу байқалып отыр, соның нәтижесінде бір кезде шыққан компьютерлік жабдықтар, одан да дамытылған коипьютерлермен алмасып және олар басқа да технологияларға қосылып жатады. Ақпараттық супермагистральдардың пайда болуы, компьютерлеу үрдісін сын көзбен қайта қарауды талап етеді.
Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта мектептердің 89%-і, оның ішінде ауыл мектептерінің 86%-і Интернет желісіне қосылған. Алматы қаласының (100%), Атырау облысының (100%), Солтүстік Қазақстан облысының (98%), мектептері алда келеді. Осы жағдайларға мектептер үшін әлемдік практикада кеңінен қолданылатын, серіктік интернет-картты сатып алу өзекті болып саналады.
Интернеттің электрондық поштаның, өзіндік құны төмен халықаралық телефондық қызметтің, ұшқыр телефонның және электрондық конференцияның таралуымен әлемде айтарлықтай өзара байланыс орнады...
Білім беруде халықаралық кірігу болып жатыр. Білім берудің дамуының маңызды сипаты оның ауқымдылығы болып саналады. Бұл сипат, қазіргі әлемдегі кірігу үрдісінің бар екендігі, мемлекетер арасындағы қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қарқынды өзара әрекеттерден көрініс табады. Білім беру ұлттық басымдылық санаттан әлемдік басымдылық санатқа өседі.
Қазақстанның әлемдік нарықтағы түйінді бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті, ұшқыр ойлы адамдық байлық болцы тиіс, сонымен қатар тұрақты түрде жаңашылдықты енгізу...
Білім беру ұйымдарының интернет желісіне қосылуының тәсілдері
● Телефондық желілердің аналогтық пен аналогтық-цифрлық желісі бойынша модем арқылы жалғастырылатын қосу (жоғарғы шегі 56 Kbps)
● ISDN (Integrated Services Digital Line) арқылы жалғастырылатын қосу 384 Kbps дейін.
● ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) арқылы жалғастырылатын қосу–кәдімгі телефон желісі бойынша мәліметтерді түзу бағытта 9 Mbps-ке дейінгі және кері бағытта 1 Mbps жылдамықпен жеткізуге мүмкіндік береді.
● Бөлінген желілер бойынша қосу
Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – нақты модемнің және жеткізуші құрылғылардың сипаттамаларымен, күн райының жағдайларымен және қызмет көрсету жеделдігімен анықталады.
● Frame relay бойынша қосу. Мұндай желілердің әрекер қағидасы қарапайым: каналдың ең аз кепілденген өткізгіштік қабілеттілігі (CIR) анықталады, ал қажеттілік жағдайда өткізу жолағы мүмкіндігі шектеулі шекке (2 Mbps-ке дейін) ұлғайтылады.
● Кабельдік телекөріністің желісі бойынша қосу
● Радиомодем арқылы қосу. Бұл технология жазық жердің үлкен емес бөліктерінде пайдалану кезінде жақсы.
Білім беруді ақпараттандыру көрсеткішін талдау кезінде маңызды оқу бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен иемденуге еншілеу қажет. Қазіргі уақытта ең көп таралым алғандар:
● мәтіндік оқу-әдістемелік материалдардың жинағын (кейстерін) толықтыруға және оларды өз беттерімен оқып үйренушілерге жөнелдуге негізделген (Web CD ROM). Кейс- технологиясы;
● телекөрінісін эфирлік, кабельдік, ғарыштық жүйелеріне негізделген.TV- Web-технологиясы;
● студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен жасақтау және оқытушы мен оқушылар арасында интерактивті өзара байланыстар орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технология.
Оқыту технологиясы оқыту жүйесі мен процесін нәтижелі жобалаумен айналысатын педагогика ғылымындағы жаңа бағыт. Біз білімнің және басқа жаңалықтардың адамзаттың ортақ мүлкіне айналған заманында өмір сүрудеміз.
Біздің міндетіміз – дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, олардың ішіндегі нақты тиімдісін жас ұрпаққа ұсыну болып табылады. Өйткені ғасырымызда барлық саладағы жетістіктер жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі-білімде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет