«Баланың мұрын жолдарының күтімі»
Әзірле: стерильді тығыз шиыршықталған дәке, пинцет, өсімдік майы, мензурка, қолғаптар, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
-
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.
-
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
-
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
-
Сол қолдың саусағымен баланың басын қозғалтпай ұстап, бас бармақпен мұрынның ұшын сәл көтеріңіз.
-
Мензуркаға стерильді өсімдік майын құйыңыз.
-
Стерильді тығыз шиыршықталған дәкені пинцетпен алыңыз да стерильді өсімдік майына батырып оң қолыңызға алыңыз.
-
Шиыршықталған мақтаны айналма әрекетпен мұрын жолдарына 1-1,5 см тереңдікке енгізіп 1-2 минутқа қалдырып айналдырмай шығарып алыңыз.
-
Шиыршықталған басқа мақта алып және осындай әдіспе екінші мұрын жолын да тазалаңыз.
-
Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
-
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |