«Баланың есту жолдарының (құлақ) күтімі»
Әзірле: стерильді тығыз шиыршықталған дәке, пинцет, өсімдік майы, мензурка, қолғаптар, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
-
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.
-
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
-
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, басын өңдейтін құлаққа қарама-қарсы жаққа бұр.
-
Сүлгіні жылы қайнатылған суға батырып алып, құлақ қалқанын сүртіңіз де құрғақ сүлгімен кептіріңіз.
-
Пинцет арқылы шиыршықталған дәкені оң қолыңызға алыңыз, сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартыңыз.
-
пинцет арқылы айналма әрекетпен сыртқы құлақтың есту жолдарына 0,5-1 см-дей енгізіңіз және шығарыңыз.
-
Екінші сыртқы есту жолдарын да осы әдіспен тазалаңыз.
-
Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
-
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: Баланың құлақ күтімінде құлақ тазалағыш немесе қатты басқа да заттарды қолдануға болмайды бұл жараланбас мақсатында; сыртқы есту жолын аптасына 1 немесе қажетті жағдайларда тазалануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |