«Жаңа туылған балаға таңертеңгі туалет жүргізу» Жаңа туылған баланың таңертеңгі туалеті мынадай манипуляциялардан тұрады


«Есту жолына (құлақ) тамшы тамызу техникасы»



бет8/18
Дата15.06.2020
өлшемі32,5 Kb.
#73485
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
стандарт 466 (2)

«Есту жолына (құлақ) тамшы тамызу техникасы»
Мақсаты: дәрілік
Көрсеткіші: құлақ қабынуы
Әзірле: стерильді көз пипеткасы, дәке, тампон, дәрілік заттар, пинцет, қолғап, 50-60 градустағы лоток су, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз

  2. Дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін қараңыз( атын оқыңыз, концентрациясын, жарамдылық мерзімін) және пипетканы.

  3. Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз

  4. Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.

  5. Дәрілік ерітіндіні 36-37 градус суда жылытыңыз.

  6. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз: ауыратын құлағын үстіне қаратып жатқызыңыз.

  7. Қажет болған жағдайда құлақ жолын тампонмен тазалаңыз.

  8. Оң қолыңызға пипетканы алыңыз, тамшы толтырыңыз, тамшы температурасын қараңыз.

  9. Сол қолыңызбен құлақ қалқанын екі жасқа дейінгі балаларды артқа және төмен, ал екі жастан жоғары балаларды артқа және жоғары тартыңыз.

  10. Есту жолы қабырғасына 5-6 тамшы дәрілік затты тамызып, бірнеше рет үстінен басыңыз.

  11. Құлақ сыртына дәкелі тампон қойыңыз, анасына тампонды 15-20 минут қоюын айтыңыз. Одан кейін құлақты кептіріңіз.

  12. Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.

  13. Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз

  14. Қолыңызды жуып кептіріңіз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет