«Баланың көзіне тамшы тамызу техникасы»
Мақсаты: дәрілік
Көрсеткіші: көз қабынуы, асқынуы
Әзірлеңіз: стерильді көз пипеткасы, тампондар, дәрілік заттар, пинцет, лоток, қолғаптар, КБУ, дезерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
-
Дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін қараңыз( атын оқыңыз, концентрациясын, жарамдылық мерзімін) және пипетканы.
-
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.
-
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
-
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз,
-
Қажет болған жағдайда көз күтімін жүргізіңіз.
-
Сол қолыңызға тампонды алыңыз.
-
Дәрілік затты пипеткаға толтырыңыз.
-
Баланың төменгі яғни көз астын сол қолыңыздың 2-ші саусақ көмегімен тампон арқылы төмен тартыңыз.
-
Оң қолыңыздағы пипетканы ыңғайлы болатындай етіп орналастыра отырып, көзден 1-2 см арақашықтықта бір тамшы тамызыңыз. Бірнеше секундтан кейін екінші тамшы тамызыңыз.
-
Көз астын жіберіп, қалған тамшы қалдығын тампонмен сүртіңіз.
-
Екінші көзге дәл осылай қайталаңыз.
-
Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
-
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |