Абайдың өскен ортасы мен тәрбие алған қайнар бұлақтарын
меңгереді;
Абай аудармаларын оқу арқылы оқушылардың сыни көзқарастары қалыптасады;
Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік мән-мағынасын талдап, ақын өмір сүрген замана бейнесін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, қазіргі өзекті проблемалардың шешімін таба алады;
Абайдың ақын-шәкірттері туралы білімдерін толықтырады. 6-сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
Абай шығармашылығын ғылыми еңбектер, монографиялар
Абайдың туған жерінің тарихымен тереңірек танысады, Абай әлеміне саяхат жасайды;
Ақын өлеңдерін құрылысына қарай және поэзиясын поэтикалық тұрғыда талдай алады;
Абайтану курсын оқу барысында ақынға арналған оқу-танымдық бейне-аудио материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс жасау және ғылыми жоба жұмыстарын жазуға машықтанады.
Бағдарлама жүйелілік ұстанымы бойынша даярланған. Қазіргі таңда оқытылып жатқан Абайтану курсының мазмұнының бастамасы бола алады.
Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жанжақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті болмақ.
Курс жүктемесінің көлемі: