Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер



бет4/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама
Абайды оқы, жалықпа атты мәнерлеп оқу сайысы, Спорт-өмір көркі спорттық жарыс (1), prezentatsiya microsoft office powerpoint, pdf24 merged
«Абайтану» курсы қазақ және орыс тілде оқытатын білім беру ұйымдарда (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) мемлекеттік тілде вариативтік сағат есебінен жүргізіледі.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

5-сынып





Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

1

Кіріспе. Абайтану курсының маңызы

1 сағат

І бөлім. Абайдың өскен ортасы (8 сағат)

2

Абайдың өмірбаяны («Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша)

2 сағат

3

Абайдың тәрбие алған ортасы

2 сағат

4

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясындағы жас Абай бейнесі

2 сағат

5

Абай ұрпақтарының шежіресі

1 сағат

ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары (8 сағат)

6

Абай және қазақ халық ауыз әдебиеті

1 сағат

7

Абай және шығыс әдебиеті

1 сағат

8

Абай және орыс әдебиеті

1 сағат

9

М.Ю.Лермонтов «Теректің сыйы»

1 сағат

10

И.А.Крылов «Есек пен бұлбұл»

1 сағат

11

Абай және батыс әдебиеті

1 сағат

12

Ф. Шиллер «Бесіктегі бөбек» өлеңі

1 сағат

13

Шығармашылық жұмыс

1 сағат

ІІІ бөлім. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! (10 сағат)

14

А.Құнанбаев. «Талаптың мініп тұлпарын»

1 сағат

15

А. Құнанбаев. «Білімдіден шыққан сөз»

1 сағат

16

А. Құнанбаев. «Жүректе қайрат болмаса»

1 сағат

17

А.Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш»

1 сағат

18

Абайдың «Алтыншы, он бірінші қарасөздері»

2 сағат

19

А. Құнанбаев «Интернатта оқып жүр»

1 сағат

20

А. Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып»

1 сағат

21

А. Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар»

1 сағат

22

Өнер туындыларындағы - Абай

1 сағат

IV бөлім. Абайдың ақын шәкірттері (8 сағат)

23

Ш. Құдайбердіұлы «Ақылшы торғай» мысал өлеңі

2 сағат

24

Абай шәкірті- Көкбай Жанатайұлы

2 сағат

25

Мағауия Абайұлы «Әбішке»

2 сағат

26

Шығармашылық жұмыс

1 сағат

27

Қорытынды

1 сағат

Барлығы 34 сағат

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны


Кіріспе. Абайтану курсының маңызы. Абайтану курсы, мақсат- міндеттері, өзектілігі. Бағдарламадағы ұлы ақын шығармаларын терең түсіну арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін таныту арқылы жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ әдебиетінің дарынды өкілдерінің ішінде асқан талантты, көркем сөздің зергері, не жазса да жүрегінің әмірімен жазатын ақын, сазгер, философ Абайдың есімін айшықтап көрсету. (1 сағат.)

І бөлім. Абайдың өскен ортасы ( 8 сағат)


Абайдың өмірбаяны («Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша). М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы» «Қайтқанда» тарауы. Абайдың туған жері мен өскен ортасы, отбасы. Бала Абай бойындағы ерекше қасиеттер. (2 сағат.)
Абайдың тәрбие алған ортасы. Абайдың отбасы туралы тарихи деректер. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зеремен арасындағы қарым-қатынасты көрсететін
үзінділер. (2 сағат)
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясындағы жас Абай бейнесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жас Абай бейнесінің сомдалу ерекшелігі. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді, Абайдың балалық, жастық шағы. (2 сағат.)
Абай ұрпақтарының шежіресі. Ұлы ақынның ұрпақтары, олардың тағдыры. Абай ұрпақтары туралы естеліктер, зерттеулер. Абай ұрпақтарының
бүгінгі тынысы. (1 сағат.)

ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары ( 8 сағат)


Абай және қазақ халық ауыз әдебиеті. Ақынның халық даналығын танытуы. Туған әдебиетінің даналығы, сөз өнері. Қорқыт баба, Асан қайғы, Қазыбек, Әйтеке, Дулат, Бұқар Ауыз әдебиеті – Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы. (1 сағат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет