Жалпы экология негіздері 1-дәріс. Экология пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты



бет11/34
Дата22.04.2022
өлшемі76,37 Kb.
#140433
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК
2 сит, Назгүл Сунақбай геометрия, Документ Microsoft Office Word (2)
Өсімдіктердің арасындағы симбиоз.
Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.
Мутуализм (латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы; симбиоздың бір түрі. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, термиттер организміне келіп түскен қоректік зат – клетчатканы, өздерінің ішегінде, тіршілік ететін талшықтылар болмаса, қорыта алмайды.
Мутуализмнің тағы бір түрі күлдіргіш балықтар мен актиниялардың симбиозы болып табылады. Басында балықтар актинияның сырты қапталған сілекейдің нақты құрамын білу үшін және өздерін шағуға мүмкіндік беру үшін актинияға сәл тиеді. Ол сілекей актинияға өзін – өзі шағып алмау үшін қажет. Кейін күлдіргіш балық осы құрамды жаңғыртады және осыдан кейін жауларынан актинияның қармалауыштарының арасында тығыла алады. Күлдіргіш балық актинияны күтеді: суды тазартады және қорытылмаған тамақтың қалдығын алып кетеді. Балықтар «өзінің» актинияларынан алысқа ұзамайды. Арландар одан арландарды, мекиендер мекиендерді қуады. Аумақтық тәртіп, контрасты өңнің себебі болған тәрізді.
Бір организмнің екінші организмнің ішінде тіршілік етуі – мутуализмнің ең тығыз формасы болып табылады. Осының таңғаларлық мысалы ретінде сиырдың және басқа да күйісті жануарлардың ас қорыту жүйесін келтіруге болады. Сиырлар да адам сияқты көп мөлшерде өсімдіктерде болатын целлюлозаны қорытуға мүмкіндігі жоқ. Бірақ күйісті айрықша орган – жалбыршақ қарыны болады. Ол өзімен көп микробтар тұратын қуысты айқындайды. Өсімдіктің асы, оны жануар шайнағаннан кейін, жалбыршақ қарынға түседі және онда барлық микробтар целлюлозаны бұзады. Жануар оны құсып тастауына болады және қайтадан жартылай жарықшақты асты шайнай алады – сиырлар да өзінің күйісін шайнаған кезде тура осылай жасайды. Сиырдың жалбыршақ қарыны – көптеген әртүрлі шағын организмдерден құралатын, шағын жабық экожүйе. Оның басты мақсаты өзінің иесіне целлюлозаны қайта жаңарту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет