Жалпы ұйқы артериясы


Алақанда 2 терең беткей жане терең бұлшықеттер бар



бет9/10
Дата26.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#182573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
499045.pptx
Геодезия Срс 1
Алақанда 2 терең беткей жане терең бұлшықеттер бар.
  • Arcus palmaris superfacialis -беткей алақан доғасы apaneurosus palmaris астында орналасады.Шынтақ арт-ң жалғасы сияқты болғандақтан , кәрі жілік жағына қарай беткей доғаның көлемі кішірейе береді де, кәрі жілік арт-ң беткей алақан тармағымен қосылады.
    • Arcus palmaris profundus – терең алақан доғасы, бүккіш бұлшықеттердің сіңірлері астында алақан сүйектерінің түбінде , беткей доғадан проксимальді орналасады. Терең алақан доғасы негізінен кәрі жілік арт-нан түзілетіндіктен ,беткей артериядай емес, қол ұшының шынтақ жағы бағытында калибрін кішірейтеді. Сол жерде ол шынтақ арт-ң біршама терең алақан тармағымен қосылады.

    • Беткей және терең артерия доғалары маңызды функционалдық бейімделу болып табылады: қолдың қызметіне байланысты қол ұшының тамырлары жиі қосылады. Беткей алақан доғасында қан ағымы бұзылғанда қол ұшын қанмен жабдықтау кемімейді,өйткені мұндай жағдайларда терең доға артерияларымен қан жеткізіледі.Буын торлары да осындай фунционалдық бейімделу болып табылады, солардың көмегімен қимыл қозғалыстар кезінде тамырлардың қысылып және созылуына қарамастан қан буындарга еркін келіп турады.Қол аймағында жанама қан айналымының дамуына мол мүмкіндіктер бар.

    Қолқа және оның доғасының тармақтары.Қолқа жүректің сол қарыншасынан қанды әкететіүлкен қанайналым шеңберінің негізгі сабауы болып табылады. Қолқада келесі бөлімдерден тұрады:
    1) қолқаның жоғарылаған бөлігі;
    2) қолқа доғасы;
    3) қолқаның төмендеген бөлігі;
    Жоғарылаған қолқа сол қарыншадан қолқа шығу орнынан басталып иық сабауының бөлінетін жеріне дейін созылып жатады және тамырдың интраперикардиальді қиындысына сәйкес келеді. Қолқа доғасы иықбас артериясының шыққан жерінен солжақ бұғана асты артериясына дейінгі тамыр бөліміне сәйкес келеді. Одан кейін көкеттің қолқалық тесігіне дейін төмендеген қолқа жатады. Қолқа доғасының төмендеген бөліміне өтетін жерінде қуыстың кішірейетін аймағы болады-қолқа мойнағы немесе қылтасы. Даму ақауларында қолқа қуысы бұл жер кішіреюі немесе толық бітеліп шиыршықталуы мүмкін. Қолқа доғасының шығыңқы бөлімінен иық-бас сабауы,сол жақ жалпы ұйқы артериясы және сол жақ бұғана асты артериясы шығады. Қолқа доғасының бастапқы бөлімі алдыңғы көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде, соңғы бөлігі артқы көкірекаралыққа өтеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет