Жалпы ұйқы артериясы


Артқы топ 4. А.occipitalis- шүйде артериясы



бет3/10
Дата26.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#182573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
499045.pptx
Геодезия Срс 1
Артқы топ
4. А.occipitalis- шүйде артериясы, processus mastoideus-тегі жүлге арқылы өтіп, желке аймағындағы тері астына келіп, төбеге дейін тармақталады. Өз жолында a.occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге, құлақ қаландарына, артқы бас сүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты кішкене тармақтар береді.
5. A.auricularis posterior- құлақтың артқы артериясы, жоғарға және артқа жүріп, құлақ қалқаны артындағы теріге қарай өтеді. Оның тармақтары құлақ қалқанында,шүйде терісі мен бұлшықеттерінде, сондай-ақ дабыл қуысында (оған артерияның тармағы foramen stylomastoideum арқылы өтеді) таралады.
6. A.sternocleidomastoidea – аттас бұлшықетке барады.
9 - Бет артериясы
24,27 – Шүйде артериясы
29- Құлақтың артқы артериясы
Ортаңғы топ артерия доғаларының қалдықтарынан тұрады.
7. A.pharyngea ascendes – жоғары көтерілетін жұтқыншақ артериясы, жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты, жұмсақ таңдайды, таңдай бадамшасымен, есту түтігін, дабыл қуысын және мидың қатты қабықшасын қанмен қамтамасыз етеді.
8. A.temporalis superficialis – самай беткей артериясы, сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі – a.carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында, терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады. Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады. Оның ақырғы тармақтары – ramus frontalis және ramus parietals, шеке мен самай аймағында тармақталады. Ол жол-жөнекей құлақ қасы безіне, құлақ қалқанының латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді; тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына, көздің сыртқы бұрышына – m.orbicularis oculi және бет сүйегіне барады.A.temporalis superficialis, m.temporalis-ті де қанмен жабдықтайды.
9. A.maxillaries – жоғарғы жақ сүйек артериясы, сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармағы болып табылады. Тармақтарды зерттеу оңай болу үшін, оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі: бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді, екінші бөлім m.pterygoideus lateralis-тің бетімен fossa infratemporalis-ке өтеді, үшінші бөлім - fossa pterygopalatina-ға өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет