Жалпы ұйқы артериясы



бет5/10
Дата26.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#182573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
499045.pptx
Геодезия Срс 1
Ішкі ұйқы артериясы
  • carotis іntеrnа-ның тармақтары:


  • 1.Дабыл қуысына өтетін rr. caroticotympanici.
    2. А. ophthalmica – көз артериясы, canalis opticus арқылы п. opticus-пен бірге көұясы қуысына өтіп, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Көзұясына дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.
    А. ophthalmica тармақтары :
  • мидың қатты қабығына баратын, a. meningea media-мен жалғасып кететін тармақтар;
  • көз жасы безіне баратын a. lacrimalis;
  • көз алмасына баратын аа. ciliares — көздің тамырлы қабығында аяқталады; олардың арасында a. centralis retinae көру жүйкесіне өтіп,сонымен бірге торлы қабықта тармақталады;
  • көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;
  • қабақтарға баратын a. Palpebrals laterals et mediales- тер;
  • мұрын қуысының шырышты қабықшасына аа. ethmoidales et posterior- лар барады;

  • 7) a. supraorbital — көзұясынан incisura supraorbitalis арқылы шығады;
    8) a. dorsales nasi – мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.

3.A. cerebri anterior – алдыңғы ми артериясы,көлемі кішілеу, алға және мидың бойлық жүлгесінің алдына қарай медиалды жүріп, мүйізді дененің тізесін орай, ми сыңарының ішкі бетімен артқа өтіп, шүйде бөлігінен басталар жеріне дейін созылып, өз жолында ми қыртысына тармақтар береді.
4.А. cerebri media - ортаңғы МИ артериясы, латералды жаққа мидың латералды жүлгесінің тереңіне қарай жүріп, сол жерде — insula бетінде тармақтарға бөлінеді, ол тармақтар ми сыңарларының бетіне шығып, маңдай, самай жәнс төбе бөліктерінің сыртқы бетін қанмен қамтамасыз етеді, мидың артқы бөлімдері қанды а. vertebralis жүйесінен алады.
5.А. choroidea - тамыpлы өрім артериясы, бүйір қарыншаның төменгі мүйізіне еніп, lexus choroideus-те аяқталады.
6.A. communicans posterior - артқы байланыстырушы артерия, көз артериясын бергеннен кейін a. carotis interna-дан шығады, кейін бұрылып, a. cerebri posterior-ға құяды.
А. communicans anterior, аа. cerebri anteriores-тердің бөліктері, a. communicans posteriors және a. cerebri posteriores бірігіп тор асты кеңістігінде мидың негізінде тұйық үлкен мидың артериялық шеңберін - circulus arteriosus cerebri — түзеді.
А – жалпы түрі
Ә – скелетотопиясы
  • Қанат тәрізді өзек артериясы
  • Үңгірлі синус тармағы
  • Менингеалдық тармақ
  • Нерв тармақтары
  • Үңгірлі бөлік
  • Милық бөлік
  • Көз артериясы
  • Алдыңғы бүрлі артерия
  • Милық бөлік
  • Жоғарғы гипофиз артериясы
  • Базальды шатыр тармағы
  • Маргинальды шатыр тармағы
  • Төменгі гипофиз артериясы
  • Үштік ганглиоздық тармақ
  • Тастық бөлік
  • Мойындық бөлік,мойын бөлігі

Бұғанаасты артериясы
Тек сол жак бұғана асты артериясы - a. subclavia қолқа доғасынан тікелей шығатын тармақтарға жатады, ал оң жақ бұғанаасты артериясы truncus brachiocephalicus-тің тармағы болып саналады.
Артерия өкпеқап күмбезін орап өтетін жоғары қарай дөңес доға түзеді.
Бұғанаасты артериясы өз жолында иық өрімімен бірге spatium inrerscalenum арқылы өтеді,сондықтан онда 3 бөлімді ажыратады: бірінші — басталған жерден spatium interscalenum-ге кіргенге дейін, екінші бөлім — spatium interscalenum ішінде және үшінші бөлім одан шығып а. axillaries-ке ауысқанға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет