Ингаляциялық емес наркоз және оның түрлері. Көктамырға берілетін наркоз. Тамырға берілетін наркоз үшін гексенал, тиопентал-натрий, виадрил, оксибутират натрий (ГОМК), сомбревин және т.б. қолданылады. Операция алдында науқастың жағдайына қарай, 300-800 мг көлеміндегі препаратты глюкозанын 5 процентті ерітіндісі немесе натрий хлоридтін изотоникалык ерітіндісімен араластырып, керекті шоғырдыдағы (2-5-10 процетті) ерітінді даярланады. Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектердің мөлшері үлкен адам үшін 1 гр-нан аспауы тиіс. Наркоз алдында науқасқа 0,5-1 мл 0,1 процент атропин ерітіндісі жіберіледі. Даярланған ерітінді 20 грамдык шприцке алы-нады және көктамырға 30-60 с. шамасында жіберіледі. Наркоз 2-3 минуттан кейін қоздыру, елірту сатысынсыз басталады. Ауыру сезімі жоғалады, науқас есінен танады, айрылады, бірақ көз алмаларының қозғалуы сақталады, бұл наркоздың Ш сатысының бірінші дәрежесіне толық сәйкес келеді. Дем алу-дың нашарлауының алдын алу үшін оттегі беріледі. Наркозды бір қалыпта үстау үшін науқасқа мезгіл-мезгіл дайын ерітіндінін 2-3 мл жіберіліп турады. Көз қарашыктарының үлкейгені мөлшердің артық кеткен белгісі болып есептеледі. Препаратты жіберу тоқтатылады, кофеин және лобелин жібері-леді. Көктамырдан берілетін наркоз бұлшық еттердің босауын керек етпейтін немесе интубациялық наркоздың алдындағы бастауыш наркоз ретінде кіші-гірім операцияларда бөлек қолданылады.
Тік ішек наркозы кәбінесе балалар хирургиясында жиі қолданылады. Әдетте 3 процешті аверин немесе нарколан ерітіндісі пайдаланылады. Нар-коздық заттың ерітіндісі жыльпылып алдын-ала клизмамен тазаланған тік ішекке катетер арқылы жіберіледі. Үйқы 15-20 минуттан кейін басталады және бірнеше сағат бойына кетеді. Наркоздық заттың мөлшері науқастың 1 кг салмағына 0,1-0,2 г. алынады. Кемшілігі (жаралы колиттер, проктиттер, наркоздың жеткіліксіз тереңдігі, сондықтан өлім-жітім 1 процентке дейін)! Тәжірибеде сирек қолданылады.
Нейтролептанальгезия. Есі сақталып, ауру сезімінің жоғалуымен мінез-демеленетін өз алдына жансыздандырудың бір түрі. Ол фентанил анальге-тигін (10-20 кг салмаққа 1 мл. 0,005 процент ерітінді) және дегидробензпе-ридол нейтролептик затын (1 кг салмаққа 0,5 мг) көктамырға жіберумен пайдаланылады. қысқа уакытта наркоз үшін табиғи дем алуының сақталуы-мен өз алдына немесе 1-2 мл таламонал түрінде (фентанил және дегидро-бензперидол қоспасы) эндотрахеалдык наркозбен бірге қолданылады.