Жансыздандыру


Мейіркеш — анестезист жүмысының айырмашылықтары



бет17/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Мейіркеш — анестезист жүмысының айырмашылықтары және науқасты наркоздан соң күту.
Мейіркеш — анестезист міндетіне мыналар жатады:
1) дәрігер — анестезиологтің нұсқауы бойынша дәрілерді дайындайды;
2) анестезиологиялық аппаратураны наркоз беруге, құрал-саймандарды, дәрі-дәрмектерді, наркоздық заттарды, оттегін және т.б. даярлайды;
3) наркоздан кейін құрал-саймандарды және аппараттарды тазалау және залалсыздандыру;
4) науқасты наркозға өз уақытында алып келу және оны операциялык столға жаткызуды қадағалау:
5) наркоздың барлық өту дәуірінде дәрігер — анестезиологқа үздіксіз науқастың толық оянуына дейін жәрдем беру;
6) операция уакытында наркоз картасына тамыр соғысын, дем алуды, қан қысымы және басқа да көрсеткіштерді жазып отыру;
7) операция жасалған науқасты операция бөлмесінен операциядан кейін жатқызылатын бөлмеге апаруды бақылап бару және дәрігер — анестезиолог нұсқауы бойынша одан кейінгі бақылаулар. Мейіркеш — анестезистің дәрігер — анестезиологтың рұқсатынсыз операция бөлмесінен басқа жаққа кетуге қақысы жоқ;
8) жансыздаңдыратын дәрі-дәрмектерді есепке алуды уақытында жазып және оларды дәріханадан алуды жүргізу;
9) жансыздандырудың негізін білу, керек жағдайда маскалық наркозды бере білу жөне басқарылатын дем беруді жүргізу.
Операциядан кейінгі бірінші күндері науқастың жағдайын бақылап тұратындар дәрігер-анестезиолог және мейіркеш анестезист болады. Қыз-метшіл төсек (функциональная кровать) керекті жағдайға қойылады. Жы-лытқыш, оттегін дымқылдауға арналған аппарат, дәрі тамшылатқыш үшін
тіреу, аспиратор, фонендескоп пен тонометр, залалсыздандырылған шпиц-тер, реанимациялық жағдайда қолданылатын дәрі-дәрмектер, салфеткалар, ауызды ашқыш, тілді ұстағыш, ауа откізгіш ларингоскоп, кеңірдекке қоятын түтікшелер, жасанды дем алуға арналған аппарат, трахеостома жасау үшін жинақ, артерияға қан жіберу үшін жүйе, дефибриллятор даярланады. Күнделікті, әдеттегі операциялардан кейін науқас жастықсыз шалқасынан жатқызылады. Аяқтарына резеңке жылытқыш қойылады, дымқылданған оттегін беру тәртіпке келтірілген. Қан немесе қан ауыстырушылар жібері-леді. Тамыр соғысы, дем алысы, тері қабатының түрі байқалады, қан қысы-мы өлшенеді. Бұл мәліметтердің бәрі арнаулы картаға жазылып отырылады. Науқастың жағдайына қарай бұл мәліметтер 15 минуттан, 30 минуттан немесе 60 минуттан кейін белгіленіп жазылады.
Барлық өзгерістерді мейіркеш-анестезист анестезиологқа білдіруі шарт. Ол науқастың қасынан бір минутқа да кетпеуі тиіс.
Интубациялық кезеңнен кейін тек өзінше дем алуы толық қалпына кел-геннен соң ғана анестезист түтікшені кеңірдектен алып тастайды. Жұтыну рефлексінің пайда болуынан бұрын, тілдін түсіп-тығылып қалмауы үшін басты төмен түсіріп қою керек. Осы мақсатта кейде ауа өткізгішті қоюга тура келеді. Науқасты арнап ояту шарт емес. Құсығыы дем алу жолдарына кетпеуін болдырмау үшін науқастың басы қапталына қисайтылады, жиі-жиі салфеткалар және сорғышпен ауыздың іші тазаланып отырады, су ішуге рұқсат етілмейді. Құсуы тоқтамаса, аминазин беріледі. Ауру сезімін бол-дырмау үшін мезгіл-мезгіл анальгетиктер қолданылады. Науқасты белгілі төртіпте бақылау, тамыр соғысын тексеріп, қан қысымын өлшеу, дем алуын қадағалау, асқынулар қауіпін байқау және оны болдырмау үшін алдын ала шаралар қолданылады. Үзақ уақытқа созылатын миорелаксанттармен жұргізілген наркоздан кейін, дем алу кешігіп тоқтауы мүмкін, бұнда әдетте босаңсу, бүлшық еттердің әлсіреуі, үстіртін дем алу болып басталады. Бұл жағдайда отгегімен жиі дем алдыру, прозерин (миорелаксанттарға қарсы дәрі) атропин жіберу керек. Талықсу асқынуы, қан қысымының төмендеуі, ауру шогі, көп қан жоғалту, жүректін жұмысының әлсіздігі, бүйрек қызметінің нашарлығы себеп болады. Бұнда емдеу тәсілдерінің барлық көпшілігі қолданылады. Наркоздың асқынуларының арасында кеңірдек-шенің сілекей немесе қанмен тығылып қалуы нәтижесінде өкпе солуы (ате-лектазы) болуы мүмкін. Ателекгазданған өкпе белегі қабынуға, ісінуге бейім болады. Өкпенін солуын, кішіреюік болдырмау үшін бронхоскопия жаса-лынады, алдын алу үшін тәулік бойы 3-5 минуттан 10-12 рет дем алу дене-шынықтыру (қарын және көкірек гимнастикасы), қашрып тастау, резеңке ойыншықтарды немесе волейбол камерасын үрлетіледі (өкпедегі ауа қысы-мының көтерілу онын жазылуына жәрдем етеді).
Жұлын операциясынан кейін науқас шалқасынан жатқызылады, басының астына жастық қойылмайды, орнынан тұруға рұқсат жоқ, науқасты бұндай жағдайда 2 тәулік ұстау керек. Науқастың тамыр соғысы және қан қысымы жүйелі түрде анықталып тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет