Жансыздандыру


Кеңірдекке түтік енгізіп (интубациялап) жалпы жансыздаңдыру



бет9/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Кеңірдекке түтік енгізіп (интубациялап) жалпы жансыздаңдыру.
Казір наркоз аппаратурасының көмегімен наркоздың анағұрлым жетілістірілген түрі - интубациялық наркоз болып есептеледі. Ла-рингоскоптың жәрдемімен кеңірдекке түтікше жіберіледі. Кеңірдекке түтік жіберу алдынан маскалар немесе көктамырға гексеналды, тиопенталды немесе сомбревинді жіберу арқылы науқас үйықтатылады.
Бұлшық еттерді босату үшін миорелаксанттар жіберіледі. Кенірдекке түтік енгізу үшін науқастың басы шалқайтылады және аузы ашылады. Ларингоскоппен тілдің түбі және тілшік алды шеміршегі алдына және жоғары қарай көтеріледі. Интубациялык түтікше дауыс желбезегі арасынан трахеаға өткізіледі. Интубациялык түтікше манжеткасына ауа жіберіледі немесе ауыз қуысы бинтпен тығындалады. Түтікшенің сыртқы ұшы наркоз аппаратына жалғастырылады және наркоз беруге дайын болады. Осыдан кейін басқарылатын дем алу әдісіне кіріседі. Наркоз біткеннен кейін, науқас өзі дем ала бастағаннан кейін түтікше алып тасталынады.
Эндотрахеалдык түтікшелер маска жуылғандай етіп жуылады, соңынан қайнаған суға 2 мин., 70 проценттік спиртке 2 сағат немесе 1:5000 диоцид ерітіндісіне 30 мин салып алынады. Кептірілгеннен кейін олар темір сауытта сақталады. Ларингоскоптың пышағы және өткізгіші сумен сабындап жуылады, сонынан спиртпен сүртіледі.
Интубапиялык наркоздың маскалык наркоздан артықшылығы: 1) тілдің түсіп, кептетілмеуі, басқа заттардын (құсық массаларының, жасанды тістердің қалып қоюы) салдарынан дем алу жолдарының тығылын, бітеліп қалуын болдырмайды. Кеңірдекшелерге жиналған сілекей, қан, ірің және тағы баскалар электр сорғышымен жеңіл сорылып тасталынады; 2) наркоз-дық заттың мөлшері дұрыс өлшеніп және оны кем беруге болады; 3) газ алмасуы бұзылғанда жасалатын операцияларда "басқармалы-управляемое" дем беруге мүмкіндік бар; 4) наркоздык зат оттегімен қысым арқылы жіберіледі, бұл организмді оттегімен толық қамтамасыз етеді; 5) ларинго-спазмнан дем алу бұзылуы болмайды; 6) организмнің негізгі қызметін анағұрлым тәртіпке салады.
Интубациялык наркоздың кемшіліктері: 1) орындалуының қиындығы; 2) ауыздың, жұтқыншақтың, дауыс желбезектерінің, тамақтың кілегей қаба-тының жарақаттануы, тістердің сынуы; 3) ларингиттер, жұтқыншақтың былжыр қабатында жара пайда болуы; 4) интубациялық наркозды тек қана анестезиолог жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет