Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгілерін қоюдағы үшінші ұстанымы –



Pdf көрінісі
бет7/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек
3. Тыныс белгілерін қоюдағы үшінші ұстанымы –
интонация, дауыс ырғағы.
Бұлардың ешқайсысы таза
күйінде кездеспейді, тек бір ғана белгіге сүйеніп тыныс белгі
қоя аламыз, дегенмен жетекші ұстаным деп грамматикалық
ұстанымды айтуға болады, себебі ол сөйлемдегі негізгі ойды
айқындауға көмектеседі. 
Сонымен, тыныс белгілерінің кездесетін жері (орны)-
үшеу: а) сөйлем соңы, мұнда қойылатын тыныс белгілер:
нүкте (. ), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ); ә)
құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасы, мұнда үтір
(, ), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), сызықша (-) қойылады; б)
жай сөйлем ішінде кездесетін тыныс белгілері үтір (, ), қос
нүкте (:), сызықша (-), жақша (), тырнақша («»). Сөйлем
соңында бұлардың қабаттасып келетіні де болады. 
Тыныс белгілерін қоюдың теориялық негізі.
Пунктуация тілдің синтаксис саласымен тығыз байланысты,
себебі синтаксис қарым-қатынастың басты құралы - сөйлемді
зерттейді. Пунктуация сөйлемнің құрылысын ғана ажыратып
қоймайды, синтаксистік мағынаны да білдіреді. Сол себепті
19


пунктуацияны үйретуге негіз болатын басты тілдік бірлік –
сөйлем. Сөйлем – пікір білдірудің, сол пікірдің шындыққа
жанасымдылығын білдірудің құралы. Оқушы сөйлемнің басты
үш белгісін тани алуы керек, оны білмеген жағдайда
сөйлемнің құрылымын анықтай алмайды, сөйлемдегі ойдың
қай жерде аяқталғанын білмейді. Сөйлемнің басты
грамматикалық белгісі – алдымен, 
ақиқит туралы баяндау, 
бұл
– сөйлемнің бәріне ортақ белгі. Сөйлемдегі шындық туралы
хабар, сөйлемнің түйіні баяндауыш мүшеден көрінеді,
сондықтан баяндауыш
предикат мүше
болып аталады.
Сөйлемдегі шындықтың иесі – бастауыш. Сөйлемнің негізін
құраушы осы екі мүше-бас мүшелер, предикаттық қатынасты
жасайтын мүшелер. Сөйлемнің құрылысы осыған байланысты,
бір предикаттық қатынастан тұратын сөйлем – жай сөйлем де,
предикаттық қатынас бірнешеу болса, сөйлем құрмалас
болады. Предикаттық қатынас сөйлемнің
грамматикалық
орталығы.
Жазуда бұл тыныс белгілері арқылы көрінеді. Ол
үшін талдауда сөйлемнің грамматикалық орталығын іздейміз.
Сөйлемнің негізі – бастауыш пен баяндауыш. 
Мысалы: Келесі күні Абай атқа мінді 
бастауыш баяндауыш
Бұл – бір грамматикалық негізден тұратын сөйлем,
сондықтан хабарлаудың мақсатына сай, тыныс белгісі сөйлем
соңына қойылады. 
Абай өзінің қатаң ойларын сыртқа шығарған жоқ, қабақ
түйіп ішке жиды. 
Бұл сөйлем екі грамматикалық орталықтан тұрады:
біріншісі – Абай шығарған жоқ;
екінші – (Абай) ішке жиды. 
Мұндайда тыныс белгісі екі жерге – жай сөйлемдердің
арасына және сөйлем соңына қойылады. Бір грамматикалық
орталықтан, бір предикаттық қатынастан тұратын сөйлем
жай сөйлем,
екі не одан көп грамматикалық орталықтан
тұратын сөйлем
құрмалас сөйлем
деп аталады. Сөйлемнің
бұл түрін оқушы, әрине, біледі. Бұл жерде оқушы назарын
сөйлемнің грамматикалық негізін табуға көбірек жетелеу
дұрыс, ол, бір жағынан, өткенді қайталау емес, біршама
салмақты, жаңа мәселе болып көрінеді. Көп жағдайда
оқушылар сөйлемде баяндауышты таба алмай, әсіресе
есімше формасындағы сөздің бәрін баяндауыш деп
қателеседі де, сөйлемнің грамматикалық құрылымын да,
мағынасын да бұзып алады, қандай тыныс белгісін қоюды
20


білмей шатасады. Мысалы:
Тыста бір нәрсеге қатты
ашуланып, ақыра сөйлеп, аттан түсіп жатқан Құнанбай үні
естілді. 
Бұл - жай сөйлем, тек күрделенген түрі. Жай сөйлем
болатын себебі – шындық, оқиға, хабар – біреу ғана,
грамматикалық негіз, орталық – қалғанының бәрі үйірлі
анықтауыш, өз ішінде бірыңғай, үтір сондықтан қойылып тұр.
Осы сөйлемде оқушы түсіне алмай, бірден «жатқан»
баяндауыш деп сызады немесе басқа етістіктерді де солай
есептейді. Ендеше сөйлемдегі басты нәрсе – шындық,
ақпарат екенін оқушы бойына әбден сіңіру болмақ. Аталған
сөйлемдегі айтылып тұрған ой, шындық – «үні естілуі». Бұл
жерде тыныс белгіні грамматикалық ұстаным


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет